Тікт?ртб?рыш пен шаршыны? периметрі
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыш пен шаршының периметрі.Сабақтың мақсаты: Тік төртбұрыштың, шаршының қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу және олардың периметрлерін табу, «сонша» ұғымын пайдаланып, екі амалмен шығарылатын есептің шешу барысын түсіндіру.Есепті шығару және түрлендіру,қарапайым өрнектің мәнін табуды ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топтық жұмыс,жеке жұмыс,ойын арқылы есеп шығару, тиянақтау әдістері,Сабақтың көрнекілігі: сабаққа үлестірмелер, математикалық қызықты есептер.І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындықОқушылар: Тек бес біздің бағамызБіліммен бақыт табамыз.Өнер - білім көп тоқып,Өсе берсін санамыз.Бүгінгі сабағымыздың түрі: жарыс сабақ. Үш топқа бөлініп алайық. Әр топ өз топ басшысын сайлап алайық,өз топтарының атын анықтайық.Жарыстың ережесі:1. Тыныштық сақтау.2. Бірігіп жұмыс жасау3. Мұқият тыңдап алып, содан кейін жұмыс жасау4. Тез, шапшаң әрі дұрыс орындау.Сабағымыздың ұраны: Бірлік болмай, тірлік болмас!Үй тапсырмасын тексеру: №5Өткенді еске түсіру: Үш топқа фигуралар беру. Оқушылар оның қандай фигура екенін дәлелдейді.1 - топқа: Үшбұрыш - 3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қабырғасы бар2 - топқа: Тіктөртбұрыш - 4 төбесі, 4 бұрышы, 4 қабырғасы бар, қарама – қарсы қабырғалары тең. (Ережесін сұрау)3 - топқа: Шаршы - 4төбесі, 4 бұрышы, 4 қабырғасы тең, барлық қабырғалары тең.(Ережесін сұрау)4-топқа:Алтыбұрыш-6төбесі, 6-бұрышы,6қабырғасы бар.Жаңа сабақ: Осылардың бұрыштары туралы пікірлерін сұрау, бұрыштардың қай түріне жататынын дәлелдеу.Өмірмен байланыстыру.Мұғалімнің түсіндірмесі:Жалпы бұрыш дегеніміз - бір нүктеден шыққан екі сәуле ортасын айтамыз.Тік бұрыш - бұрыштары оның тік болады.Сүйір бұрышы - тік бұрыштан кіші бұрышты айтамыз.Доғал бұрыш - тік бұрыштан үлкен бұрышты айтамыз.Мысал: Өмірмен байланыстыру.Сандық - оның бұрыштары тік болады.Астана қаласындағы пирамида - сүйір бұрыштар, тік бұрыштары, доғал бұрыштар бар.Құрақ көрпе - әр түрлі бұрыштар бар.
Жаңа мағынаны таныту.
№1 Топтық жұмыс.Оқулықтағы сурет бойынша сұрақтар қою,талдау.
-Фигуралар қалай аталады?
Ойын «Қай топ жылдым?»Сөзжұмбақты әр топ ұйымдасып шешеді ,оны қорғайды.
-Өте жақсы балалар олай болса сабағымызды ары қарай жалғастырамыз.
Бүгінгі күнді жазып, 2-тапсырманы орындайық
№2 Қабырғаларын өлше.Фигуралардың периметрін тап.
-Тік төртбұрыш пен шаршының периметрін табу үшін қанша қабырғаны өлшеу керек?
Ойын. «Мен қай фигурамын?»..Төрт қабырғасы бар, төрт бұрышы бар. Қарама – қарсы қабырғалары тең. Төрт бұрышы бар.Төрт қабырғалары бар.(тік төртбұрыш ) .Бір бұрышы тік, екі бұрышы сүйір. Үш қабырғасы бар. (үшбұрыш )Төрт қабырғасы бар. Барлық қабырғалары тең. Төрт тік бұрышты. (шаршы)
Бұрыштары мен қабырғалары көп,6- бұрышы доғал болып келеді.(Алтыбұрыш)
Сергіту сәті: Бойды түзу тік ұста
Емін –еркін тыныста,
Оң қолыңды соз алға,
Үшбұрыш сал аулаға.
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер сызсын ,зырласын.
№3.Ауызша орындау.
-Периметрін табу үшін не істейміз?Ережесін айту.
Р=а+в+а+в р=а+в+а+в№5 Топтық жұмыс.
а) Тіктөртбұрыштың пішінді жер қоршалды.Егер ол жердің ұзындығы 5м, ені 4м болса, неше метр қоршау керек?
Шешуі:5+4+5+4=18м
Жауабы:18м
Ә)Шаршы пішінді бөлменің еденіне ернеулік қағылды. Бөлме қабырғасының ұзындығы 3м болса, неше метр ернеулік керек болды?
Шешуі:3+3+3+3=12м
Жауабы:12м
№6 Әр бағанның жоғарғы, төменгі қатардағы өрнектерін салыстыр.Өрнектердің мәнін тап.
1-топ 2-топ 3-топ 4-топ
(4+9)-8=5 (17-7)+2=8 14-(4+5) =5 5+(10-9)=6
4+(9-8) =5 17-(7+2) 8 (14-4)+5 =5 (5+10)-9=6
«Кім шапшаң ойыны?»математикалық жұмбақ шешу.
1. Аулада 5үйррек, қорада 3үйрек,
1үйрек жығылды, 1үйрек тығылды .Неше қалды?(6)
2.Оңынан оқысаң да,солынан оқысаң да,сол сан .Ол қандай екі таңбалы сандар?(11,22,33,44,55,66,77,88,99.)
3.Табақта15 өрік,қолымда 5 өрік.
Қосқанда барлығын болады неше өрік?(20)
4.Көлден ұщты 14 қаз,қайта қонды 6 қаз.
Қонбады оның нешеуі,қане кім тез шешеді?(8)
5.Есепке де кіремін,
Әріп те боп жүремін.Ол қандай сан?(3)
Сабақты қорыту:Бүгінгі сабақтан не алдық?Нені білдік?
Сабақ сендерге ұнады ма?
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды өздері бағалайды.(Әр топқа баға беру)
Үйге тапсырма беру.№5 а), ә).