Д?ниетану. БжС технологиясы. 3-сынып.


Дүниетану3 сыныg
Тақырыбы: Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің топталып өсуі. Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді туралы түсінік беру, қосымша материалдармен таныстыру, өсімдіктердің тірі ағза екенін еске салу; әңгімелеу, сипаттау, талдау, тәжірбие жасау, бақылау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту; табиғатты қорғауға тәрбиелеу:
Сабақ түрі: БжС технологиясы бойынша Ауызша сабақ-1 картасы
Көрнекіліктер: схемалар, кітапшалар, кілттік сөздер,
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау бақылау, тәжірбие жасау.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Кіріспе (үй тапсырмасын тесеру мақсатында)
Балалар, біз қандай тарауды оқып, біліп жатырмыз?
Өсімдіктер туралы не білдіңдер?
Өсімдік тіршілік ету жағдауына қарай қалай бөлінеді?
Тірі ағзаға не жатады?
Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.
Көлеңкеге төзімді өсімдіктерді ата.
Мәдени өсімдітерге не жатады? (бидай, күріш, қызанақ)
Бидайдан қандай өнім алынады?
Өсімдіктің тамыры қалай орналасады?
Тірі ағзаның тіршілік етуі үшін не қажет?
Сүттіген, жатнақ қандай өсімдіктер?
Жауқазын қандай өсімдік? (ерте гулдейтін)
Саумалдақ, қынжыгүл қандай ағашпен бірлесіп өседі? (емен)
Өсімдіктер қай мезгілде бүршік жарада? (көктемде)
ІІ. Жаңа сабақ
Балалар, сендер өсімдіктердің қанша жыл өмір сүретінін білесіңдер ме?
Өсімдіктер өнім беруіне, тіршілік ету мерзіміне ақарай 3-ке бөлінеді.
Өсімдік – тірі ағза. Оларда мөлшерлі уақыт тіршілік етеді.
Өсімдіктер түрлері

Біржылдық екіжылдық көпжылдық
Біржылдық өсімдіктер: бидай, күнбағыс, қызанақ.
Екіжылдық өсімдіктер: пияз, орамжапырақ.
Көпжылдық өсімдіктер: емен, қайың, сарықараған.
Қосымша материал: оқушыларға кітапшалар тарату
Көптеген шөптектес өсімдіктер бір маусым тіршілік етеді. Олар гүлдейді , тұқым береді және өледі. Бұлақ – біржылдық өсімдіктер. Оған: бидай, күріш, жүгері, тары, арпа, қияр, қарбыз т.б.
Тіршілігінің екінші жылында өсімдік гүлдейді, тұкім береді және өледі. Бұлар – екіжылдық өсімдіктер. Оларға сәбіз, қызылша, шалқан жатады. Олардың жуандаған тамырын адамдар тамаққа пайдаланады.
Ағаш пен бұта көп жыл өседі. Олар жыл сайын гүлдеп, тұқым береді. Әр жылы жаңа жапырақ шығады, діңі жуандайды. Олар өсіп биіктей береді. Бұлар – көпжылдық өсімдіктер.
Егер ағаш кесілсе, оның жасын түбіріндегі сақиналарының санына қарап анықтайды. Әр сақина тіршіліктің бір жылына сәйкес келеді. Сондықтан оны жылдық сақина деп атайды.
Жердегі ең көп жасайтын ағаш – секвойя. Ол 3 мың жылға дейін тіршілік етеді. Бірақ Қазақстанда секвойя өспейді.
Шөптектес өсімдіктерден ең ұзақ жасайтыны – қырыққұлақ (папоротник). Ол 100 жылға дейін тіршілік етеді.
Жер шарындағы ең кәрі ағаш АҚШ-тың Невада Штадында биік тауда өсіп тұрған қарағай екен. Ғалымдар оның ғұмыр жасы 5000 жылдан асқан деп ұйғарып отыр.
Өсімдік Тіршілік ету мерзімі
Шырша 200-300 жыл
Қарағай 200-350 жыл
Үйеңкі 150-200 жыл
Жөке 120 (800-1000) жыл
Емен 2000 жыл
Қарағаш 80-120 жыл
Бәйтерек 60-80 (120-150) жыл
Самырсын 200 жыл
Көктерек 80-90 (150) жыл
Тал 40-50 жыл
Өсімдік
Жабайы мәдени
Кілттік сөздер
Өсімдік, бидай, күнбағыс, сасыр, емен, қайың, қызанақ
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу. Талдау.
Қарама-қарсы сұрақтар
Оқушыларға сұрақтар қойып, матрицаға белгілеу.
Сыни тұрғыдан сұрақтар
Оқушыларға сұрақтар қойып, матрицаға белгілеу.
Тақырыптық сөздік қор
«Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді» тақырыбынан түсінгендері бойынша тақырыптық сөздік қор жазу. Жазуға 5 минут беру.
Тексеру. Оқушылар 35-40 сөз жазу керек.
ІІІ. Қорытынды
Сонымен, өсімдіктер тіршілік ету мерзіміне қарай қалай бөлінеді?
Біржылдық, көпжылдық, екіжылдық өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?
Ең көп өмір сүрген өсімдікті ата.
ІҮ. Үйге тапсырма.
Дәрілік өсімдіктер жайлы біліп келу.
Ү. Бағалау