БжС технологиясы бойынша Жамбыл Жабаевты? батырлы? жырлары та?ырыбында саба? жоспары.


БЖС ТЕХНОЛОГИЯСЫ «АУЫЗША САБАҚ – 1» КАРТАСЫ
Күнделікті жоспарлау.
Мерзімі: 11.02.2016 жыл
Сыныбы: 10 А
Пәні: қазақ әдебиеті
Тақырып: Жамбыл Жабаевтың батырлық жырлары
Мұғалім: Алпысова Меруерт Ерлановна
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгерудегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Міндеті: технологиялық картаның міндетін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
1 Ұйымдастыру кезеңі мотивация Оқушыларға картамен жұмыс тәртібі түсідіріледі. Сыныпты белсеңдіру үшін сөз көшбасшыға беріледі. Көшбасшы:
Біз жетістікке жетемізбе? .....ия
Біз 63% аламызба? ......ия
Онда сіздерге сәттілік.... Тақтаның жоғары оң жағына 63% нормасының саны қойылады.
№ 1 кесте
2 Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру Өткен сабақ бойынша қарама – қарсы сұрақ қою.
ООМ 1 кезең жоғары, төмен нормаларын қоямыз
3 Қабылдауды ұйымдастыру 7 сөз бастапқы кезең тірек сөздерді жазады. Мұғалім тақырып сөздердің мағынасын түсіндіреді. Сосын ол сөздерді жабады. Есте сақтау 7- сөз 30 сек
1 сөз жіберсе минус белгігері ООМ-ға белгіленеді
4 Ұғынуды ұйымдастыру Жаңа тақырып бойынша мәтінді оқиды. 110-112 беттерді оқу. 1 парағы 3 минут
5 Түсінудің бірінші тексерілуі Қарама-қарсы сұрау. +; -; деп белгіленеді
6 Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру Сыни сұрау. 10 дұрыс жауап, 20 қате бұрмаланған сұрақтарға жауап береді +; -; деп белгіленеді
7 Талдау Уақыт 5 мин Тақырып бойынша сөздік қор өткізіледі. Сөз нормативі -63
+; -; деп белгіленеді
8 Рефлексия 4-5 бағаларын нормаға сәйкес сабаққа талдау жасайды.Алға ұмтылуға ынталандырады. 9 Бағалар Журналға баға қою нормативі
+4, +5 = 5
+3 = 4
+2 = 3 Сапа нормативі: 63% оқушы 5 алу керек.
10 Үй тапсырмасы 4 баға кем алған оқушылар үйге тапсырма беріледі.
І. Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрау.
1.Ж.Жабаев қай жылдары өмір сүрді? (1846-1945)
2.Ол дүниеге қалай келген?
3. Өзіне қонған ақындық дарыны туралы не дейді?
4.Қандай шығармалары бар?
5. Айтыс өнері 19ғ. қай жерлерде шоғырланды?
6. «Кедей күйі» өлеңі не туралы?
7.Ақын өлеңдеріне қандай тақырыптар негіз болған?
8.Жыршылық өнерін немен дәлелдеуге болады?
9. Тарихи жырларын ата?
ІІ. Тірек сөздер.
Жыр алыбы, әдебиеттану,халықтық,тарих,дастан,бодандық.
ІІІ. Жаңа тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар.
1.Жамбыл қай ғасырлар оқиғаларын көрді?
2.Неліктен Жамбыл өмірі, шығармалары әдебиеттанудың басты объектілері боп қалады?
3.1913 жылы қандай оқиға болды?
4.Шығармаларының басты тақырыптарын ата.
5. «Өтеген батыр» дастаны не туралы?
6.Дастандардың басты тақырыбы не?
7.Ресей патшалығының отарлауына байланысты қандай өлеңдері жарық көрді?
8.Жамбыл шығармалары несімен құнды?
9. Жамбылға сипаттама бер.
IV. Сыни сұрақтар.
Жамбыл шығармалары зеттеліп, әділ баға берілген.
Оның поэзиясы қазақ халқын бүкіл әлемге паш етті.
Жамбыл әрқашан жоғары лауазымды тұлғалар арасында болған.
Ол отаршыл патшаны мақтаудан бас тартады.
Ақын көптеген тарихи оқиғаларды бастан өткізеді.
Дастандары қазақ батырларын дәріптеу үшін жазылған.
Сұраншы батыр оқиғасы ҰОС кезінде болған.
Жамбыл өлеңдері патшаға қарсы болды.
Жамбыл өлеңдерінде заман шындығы жоқ.
Жыр алыбы
Әдебиеттану
Халықтық
Тарих
Дастан
Бодандық