Диалогты? о?ытуды? тиімділігі коучинг жоспары
Тақырыбы: « Оқушының сөйлеу тілін дамытудағы диалогтың тиімділігі»
Коучинг сессиясының жоспары
Сабақ тақырыбы: «Оқушының ойлау мен сөйлеу қабілетін дамытудағы диалогтың маңызы».
Мақсат: Диалогтық оқытудың заманауи түсінігімен таныстыру. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, білім мен таным деңгейінің өсуіне әсер ететін диалогтің маңыздылығын түсіндіру.
Сілтеме:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 98-102 бет
Оқу нәтижесі: Коучинг барысында мұғалімдер диалог, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыруға үйренеді; диалог- оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, танымын дамытудың оңтайлы тәсіл екенін түсінеді.
Негізгі идеялар: Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интербелсенді тақта, бейнероликтер,
флипчарт, стикер, маркер, бағалау парақтары, А4 парақтары
Оқыту әдістері: Диалог, «Бұл кім екен», «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиялары.
Дереккөздері: Мұғалімге арналған нұсқаулық, 98-102бет. Екінші (орта) деңгей. Екінші басылым. (2012) Астана «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ
А. Қ. Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» оқу құралы (2013) Алматы
Тапсырмалар: Таныстырылым мен бейнежазбаны көрсетіп жағдаяттық диалог құрастыру, тиімді сұрақ қою арқылы әңгімелесушіні дилогтің үш түрінің біреуіне тарту.
Сабақ барысындағы коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І. Жағымды психологиялық ахуал туғызу
(2 мин) Коучтың іс-әрекеті
Амандасу, жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында мұғалімдер арасында «Көршінің суретін» салғыздыру. А4 парағын төбелеріне қойып, бір-бірінің суретін салуды ұйымдастыру Мұғалімдердің іс-әрекеті
Сергіту сәтін орындайды, жақсы көңіл-күймен сабаққа ынталанады.
(3 мин)
Топқа бөлінуді ұйымдастыру:
Сөйлем қиындыларымен 2 топқа бөледі
«Бірлесе көтерген жүк жеңіл болады»
«Келісе пішкен тон келте болмас»
Топ ережелерін құрастыру
Топ жұмысын бағалау кестесін ұсыну Сессияға қатысушы мұғалімдер сөздер қиындыларымен 2 топқа бөлініп, орындарына жайғасады.
Топ ережелерін шығарады, А4 парағына жазады.
Топ ішінде бағалаушы белгіленеді. Таймерді қолданып, тапсырмаларды орындауға кеткен уақыт пен іс-әрекетті бақылайды.
II. «Ой қозғау»
(3 мин)
«Көктемнің 17 сәті» фильмінен үзіндіні көрсету
(5 мин)
2 Егіздердің бір-бірімен сөйлесулерін көрсету
(5 мин)
3 Тапсырма: «Мектептегі кезешілік» тақырыбына диалог түріде қойылым көрсету
(7 мин) 1. Мұғалімдерге сұрақ қою арқылы диалогқа түсіру
- Диалог дегеніміз не?
-Диалог барысында не жүзеге асырылады?
-Диалогқа неше жастан бастап түсуге болады деп ойлайсыздар? Неге?
- Бұл бейнежазбадан қандай әсер алдыңыздар? Не себепті?
Бейнежазбаның негізгі идеясы қандай?
Диалогтың қай түріне жатады?
- Сәбилер бір-бірін түсінді ме? -Түсінуге қандай әрекет жасады?
- Бұл үзіндідегі диалогтың ерекшелігі неде?
- Осы бейнеролик үлгісінде «Мектептегі кезешілік» тақырыбына диалог дайындаңыз. Сұрақтарға жауап береді
Бейнежазбаларды көреді, диалогтың қай түрі екенін анықтап, ойларын дәлелдейді.
Екі топ мүшелері көріністі дайындап көрсетеді.
ІІІ. Диалогтың үш түрі мен сұрақтардың дәрежелерімен таныстыру
(10 мин) 1.Power Point презентациясын ұсынады. Диалогтың сабақта қолданудағы тиімділігін көрсетеді. Жаңа материалды мұқият тыңдайды.
IV. «Бұл кім екен»
(5 мин) Коуч стикер таратады, мұғалімдерді жұптарға бөледі,оларға стикерге қасындағы жұпқа көрсетпей «Тарихи тұлғалардың» атын жазуды сұрайды.
Әйгілі адам жазылған стикерді жұптар бір-бірінің маңдайына жабыстырады.
Бір-біріне сұрақ қойып, диалогқа түседі, әйгілі адамды анықтайды.
V. Сергіту сәті
«Қаңқалар сергітуі»
(3 мин)
бейнежазбаны қосады, қатысушылармен бірге қимылдайды. Бейнежазбаны көріп, буындарын қозғалтады, демалады.
VІ. Қорытындылау «Бауырсақ» ертегісі бойынша «Т» кестесін құрастыру: оңай/ жабық, қиын/ ашық сұрақтар
(10 мин)
«Т» кестесін таратады, тапсырманы түсіндіреді: «Ойлан, жұптас, пікірлес» . Бұрыннан білгендері мен жаңа ақпарат негізінде кестені жеке, жұппен толтырады, топпен талқылайды.
VІI. Бағалау
(8 мин)
Топ құрамында орындалған жұмыстарын өлшемдік бағалаумен бағалатады. Бағалаушы топ мүшелерін өлшемдік бағалаумен бағалайды.
VІII. Рефлексия
«Интервью алу»
(5 мин) Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланысты интервью алу парақтарын таратып ұйымдастырады.
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын интервью парағына жазып тапсырады.
Уақыты: 60 минут
Топ жұмысын бағалау кестесі
критерий
лер
топ мүше
лері идеяларды ұсыну жолдастарын топ жұмысына жұмылдыру идеялардың дербестігі сұрақ қою сұрақтарға жауап беру белсенді түрде тыңдау жалпы балл
6 балл –«5»
5-4 балл –«4»
3- балл – «3»
Әріптес, сіздің жауабыңыз алдағы жұмыстарымыз үшін өте маңызды!
Сұрақтар Жауаптар
-Сабақтың ең ұтымды жерлері қандай болды?
-Бүгінгі үйренгеніңіз Сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? Неліктен? -Осы тақырып бойынша қандай ақпарат көздерін қарастырасыз? -Сабақта қандай әрекеттер атқардыңыз?
-Өз жұмысыңызга қанағаттанасыз ба?
Сабақтың тақырыбы:_______________________________________________
Сұрақтар Жауаптар
-Сабақ Сізге ұнады ма? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз. -Сабак тақырыбының Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз? -Осы тақырып бойынша тағы да не білгіңіз келеді? -Бұл проблеманы шешуді Сіздің үлесіңіз қандай болды деп есептейсіз? -Топ жұмысы қандай деңгейде өтті деп ойлайсыз? Неліктен? Әріптес, сіздің жауабыңыз алдағы жұмыстарымыз үшін өте аңызды!
Сабақтың тақырыбы:_________________________________________