Заманауи білім беру ?дерісінде о?ушыны? субъектілігін критериалды ба?алау
Заманауи білім беру үдерісінде оқушының субъектілігін критериалды бағалауЖакупбаева Г.К. – ШҚО, Өскемен қ. тарих пәні мұғалімі,«ДБАОММЛИ» КММ
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Осы жолда жас буынның болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болатындай заманауи талаптардың бір жүйеге енуі, оның жүзеге асуы, басым бағыттарының болғаны білім берудің бағдаршамына айналды. Бүгінде заманауи талаптар негізінде туындаған білім саласындағы жаңа бағыттардың бірі – критериалды бағалау болып отыр. Ол - білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқындалған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Оқыту үдерісін басқарудың алтын кілті бағалауда деп айтуға болады. Критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:Мектепте оқыту сапасын жоғарлатуМектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критерий - ұсынылған талаптарға сәйкес бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі және белгісі. Әр критерийдің дискрипторы болады, онда оқу тапсырмасының орындалу нәтижесінің дұрыстығы туралы нақты түсінік беріледі. Дискрипторға сәйкес бағалау оқушының қойған мақсатына жетуін анықтайды.Бағалау критерийі – білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.Дескриптор ,сипаттауыш, сипаттаушы (ағылш. descriptor – описатель, описывающий) – оқушының сабақ үдерісінде берілген тапсырманы қаншалықты нәтижелі орындағанын бағалайтын тұжырым.Тапсырма – оқушының құзыреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және т.б.) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.
Қалыптастырушы (ағымдағы) бағалау – сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Қалыптастырушы бағалау білім беру процесінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Ішкі жиынтық бағалау – оқу ақпараты блогын оқып болғаннан кейін білім және оқу дағдысының қалыптасу деңгейін анықтау. Сыртқы жиынтық бағалау – оқу дағдысы мен білімін қалыптастыру деңгейін анықтайды, оқытудың есеп беру кезеңінің қорытынды бағасын анықтауға негіз болып табылады. Модерация – білім беру процесінің нәтижесі мен сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау моделіҚалыптастырушы бағалауЖиынтық бағалауКритериалды бағалауБөлім бойынша жиынтық бағалауТоқсандық жиынтық бағалауБілім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалау
Критериалды бағалаудың міндеттері:Тақырыптың әр бөлімшесі бойынша әр оқушының дайындық деңгейін анықтауОқу бағдарламасының тиімділігін саралауСабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етугеОқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарының орындалу барысын қадағалауОқушының білім алу барысындағы жіберген қателіктері мен олқылықтарын айқындауӘртүрлі жекелей, жұппен, топпен жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуЖеке оқушының даму жетістігін бақылау
ӨткізіледіҚалыптастырушы бағалауАқпараттандырадыОқушының рөліМұғалім әр сабақ сайын тоқсан барысында өткізедіМатериалды оқу барысында тапсырманы қаншалықты орындағаны жөнінде оқушылар ақпарат алады.Оқушының ілгерлеуі жөнінде мұғалім ақпарат алып, оқыту үдерісіне өзгерістер енгізе алады.Оқытуға белсене қатысады;Күтілетін нәтижені түсінеді;Өзін – өзі бағалайды, бірін – бірі бағалайды.Мұғалімнің рөліӨткізілу формасыОқу жоспарына сәйкес бағалау критерийлерін анық жазады Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастырады.Тапсырмаға дескриптор құрастырады.Оқушыларға тиімді кері байланыс бередіОқыту мен бағалау үдерісіне түзету енгізеді.Жеке ЖұппенТоппенАуысатын топтар құрамында
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктеріОқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейі анықталадыӘрбір оқушының жеке даму траекториясын бақыланадыОқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз етуОқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыруОқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы жүргізіледіОқу бағдарламасының күрделілігі анықталады
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыруОқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланадыОқушының жұмысын бағалау алдын-ала ұсынылған критерийлерге негізделедіОқушы нақты қандай мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі Мұғалім оқушы деңгейін біліп отырадыОқушыға өзінің білімділік деңгейі анық түрде көрініп тұрадыБағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала беріледіБілім берудің сапасы артады
Критериалды бағалауМұғалімдер үшінАта-аналар үшінОқушылар үшінСапалы нәтиже алуды қажет ететін критерийлер құрастырадыОқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік бередіӘрбір оқушының оқу мүмкіндіктерін ескере отырып,оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын жасайдыӨз жұмысын талдау және жоспарлау үшін тиісті ақпарат алады Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға көңіл бөледі Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін біледі және түсінедіРефлексияға,яғни өзін және өз достарын бағалауға қатысадыТарихи кеңістік (тарихи уақыт, тарихи оқиға, тарихи тұлға т.б.) туралы білімі кеңейіді. Сын тұрғысынан ойлай білуге үйренеді Өз ойларын еркін жеткізуге ұмтылады.Баласының білім деңгейлерін бақылай аладыМұғаліммен тығыз байланыста боладыБаласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді
Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы бізОқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттауТұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізуБілім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтауӘртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б)Қалыптастырушы және жиынтық бағалаулар арқылы оқушының нақты білімін анықтауОқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз
Оқушы – субъектілік, яғни құзыреттілік тұлға.Ғалым С.М.Вешниякованың «Кәсіптік білім беру» сөздігінде: «Құзыреттілік (латынша competenens) – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері» деген анықтама берілген болса, А.В.Баранниковтің айтуынша: «Құзыреттілік дегеніміз өз бетінше іске асырылатын қабілеттілік, ол оқушының алған білімдеріне, өмірдегі тәжірибелеріне, құндылықтарына негізделеді». Ал шотландиялық ғалым Джон Равен «құзыреттілік» терминіне «жеке тұлғаның көп қасиеттерін топтайтын ұғым» деген анықтама береді. Ғалымдардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – оқушылардың жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін, танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға қоядыНақты құбылыстарды танып білу мен түсіндірудіПрактикалық өмірде мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалаудыӨмір салтын, кикілжіңдерді шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік мәні бар мәселелерді шешу біліктілігінЕңбек нарығын бағдарлау қажет болғанда өмірден өз орнын анықтаудыҚазіргі заманғы техника мен технологияны игеруді
Құзыреттілік ең алдымен оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен кез-келген мәселені дұрыс шеше білу қасиетінен көрініс табады. Сыртқы ортадан ақпарат алу, оны өңдеу оқушы мінезін қалыптастырудың қайнар көзі болып табылады. Ақпараттарды өз бетімен алуға, талдауға, қайта өңдеуге үйрету ақпаратық құзыреттілікті қалыптастыруға негіз болады. Мұнда оқушылардың өз бетімен жұмысына көп мән беріледі. «Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын, ол одан әрі жақсы оқи түседі»,- деген Питер Клайннің сөзі орынды айтылған.Оқушылар өз беттерінше жаңа ақпараттық технологиялардың көмегімен ғаламтордан, түсіндірме сөздіктерден, түрлі тарихи ақпараттар алып, сабақ барысында пайдаланады. Бұл құзыреттілік оқушылардың оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етсе, ал оқытушының мақсаты – оқушыға білімді өздігінен игеру амалдары мен тәсілдерін үйретіп,оның өзіндік дүниетанымын қалыптастыруына жағдай жасау, кеңестер және бағыт-бағдар беру.
Ұстанымдар негіздеріБағамен оқушының жұмысы бағаланадыДескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет.
Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдануСабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.Сабақтың бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.Алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау..Критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.Оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.Критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту. Белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.
Критериалды бағалауКритериалды бағалаудың функцияларыКритериалды бағалаудың принциптеріТүзетуӘділдікЖүйелікНақтылықЫнталандыру Белсенділік Дамытушы
Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы:Оқушы өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренеді, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушысы болады. өзін-өзі бағалауға баса назар аударады.Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:1. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы; 2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар; 3. Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі.
Критерий:І тапсырмаға – 2 баллЖіңішке сұраққа жауап берсеңіз – 1баллЖуан сұраққа жауап берсеңіз - 2 баллІІ тапсырма - 5 баллТарихи фактілермен мен тарихи оқиғаларды байланыстыра тізбектей баяндасаңыз – 5 баллОқиғалар мен фактілерді баяндасаңыз - 4 баллТарихи оқиғалар мен фактілерді жүйесіз баяндасаңыз - 3Оқиғалар мен фактілерді шатастыра баяндасаңыз - 2 баллТарихи оқиғалар мен фактілерден қателесіп, толық жауап бермесеңіз – 1 баллІІІ тапсырма – 3 балл3 тапсырманы дұрыс орындасаңыз - 3 балл2 тапсырманы дұрыс орындасаңыз - 2 балл1 тапсырманы дұрыс орындасаңыз - 1 баллІV тапсырма - 4 балл4 тапсырманы толық орындасаңыз – 4 балл3 тапсырманы дұрыс орындасаңыз – 3 балл2 тапсырманы дұрыс орындасаңыз - 2 балл1 тапсырманы дұрыс орындасаңыз - 1 баллV тапсырма – 5 балл14-15 балл дұрыс орындасаңыз – 5 балл11-13 балл дұрыс орындасаңыз - 4 балл8 - 10 балл дұрыс орындасаңыз – 3 балл5 - 7 балл дұрыс орындасаңыз – 2 балл 2- 4 балл дұрыс орындасаңыз - 1 баллҚорытынды балл:17 - 19 балл - «5»14 - 16 балл - «4»10 - 13 балл – «3»4-7 балл - «2»
КритерийДескрипторЖетістік деңгейіА. МазмұныТақырып мазмұны толық ашылмады1 Тақырып мазмұны ашылды, бірақ толықтыру қажет2Тарихи даталар мен тарихи оқиғалар сәйкес келтірілген.3В. Безендірілуі Әсемделген, бірақ эстетикалық талғамға сай келмейді.1 Жақсы әсемделген, сурет, символ, белгілер қолданылған2С.Баяндау шеберлігіОйды жеткізу тілі түсініксіз болды1 Ойды жеткізе білді, бірақ тарихи тілі жекіліксіз немесе қайталана берді, қыстырма сөздер көп қолданылды.2 Тарихи тіл байлығы жақсы, ойды жетік жеткізе білді, өз пікірін пайымдады,тарихи кеңістікті шебер пайдаланды, қорытынды жасай білді.3Д. ШығармашылықТақырыпты өзге қырынан аша білді, қосымша материалды шебер пайдаланды.3 Жаңашылдық идея болды.3
Бағалауды сауатты ұйымдастыру оқу процесіндегі ең қиын міндеттердің бірі. Ал оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарға пайдаланған кезде бұл міндет әлдеқайда қиындай түседі. Негізінен бұл «бағалау» терминінің түпкі төркініне көп мән бере білмейміз. Біз бағаны оқушы білімінің көрсеткіші деп қараймыз. Алайда, бұл бағаның шынайлылығы күмәнді. Себебі, біз кейде бағаны кейде көтермелеп қойсақ, кейде төмендетіп қоямыз. Басында үшке оқыған оқушыға «үш», төрт пен беске оқыған оқушы «жақсы» және «үздік» болып соңына дейін бағаланатыны белгілі. Бұндай бағалау баланың білім деңгейін нақты да шынайы көрсете алмайды.Критериалды бағалау мұғалімге сапалы нәтиже ауды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға, өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үдерісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отыруға, бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға мүмкіндік береді. Мұғалімнің мұндағы рөлі әр сабақтың күтілетін нәтижесіне қарай алдын-ала сын тұрғысынан ойлана отырып, дұрыс бағыт пен интербелсенді әдістерді оқушының жас ерекшелігіне және қабілетіне қарай дайындалуында.
Қорыта келе, көңілге түйгеніміз критериалдық бағалау жүйесін қолдануда біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттап, өзіндік жауапкершілікке,нәтижеге жеткізумен бірге білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын,оқушының еңбегін кез-келген кезеңде анықтай аламыз. Критериалды бағалау әдістемесі бойынша жұмыс нәтижесі оқушы күйзелісінің төмендеуіне, өзін-өзі бағалау, талдау дағдыларының қалыптасуына көмектеседі.