М??алімдерге арнал?ан шеберлік сынып жоспары


Шеберлік сынып тақырыбы: «Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде іскерлік ойындардың ролі»
Мақсаты: Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау қажеттігін сезінуге жетелеу  Күтілетін нәтиже:
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға, толық жағдай жасауға мүмкіндік беретінін түсінеді.
Өз тәжірибелерінде іскерлік ойындарды пайдаланады
№№ Жұмыс түрлері Уақыты
1 Топқа бөлу
Топқа бөлу
/2 – мин/ Өлең шумақтарына сәйкес топқа бөліну.
1-топ.Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
2-топ. Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
2 мин
Топқа бөлу кағаздары
2 Ой шақыру
Таныстырылым көрсету.
/10 - мин/ Таныстырылым көру: «Сіздің мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі».
- Жаңашыл ұстаз болудың 13 критерийіне біздің жұмысымыз сай ма?
- Өзіңізге қандай баға берер едіңіз?
- Жер шарындағы барлық мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері қандай?
Рефлексия (Сын тұрғысынан ойлау)
Мұғалімдер таныстырылым тамашалап, өз ойларымен бөліседі. 10мин
3 А) «Миға шабуыл» әдісі. Педагогикалық жағдаяттарды шешу.
1 топ: Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?
2 топ: Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалды, ғылыми деректермен жазып келген. Сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмеу қалу керек.
3 топ: Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайындалмай, жоспарсыз келдіңіз. Сабағыңызға мектеп әкімшілігі немесе басқа мұғалімдер қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз? 10мин.
4 Сергіту сәті 1мин
Б) «Менде бір ой бар...» әдісі. Проблемалық топтарға тапсырмалар.
1 топ: Мектептегі ҰБТ-ге дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде, көңіліңіз тола ма?
2 топ: Қатемен жұмысты қалай жүргізу тиімді болады деп ойлайсыз?
3 топ: Өзіңізді 11 сынып оқушыларымыз деп есептеңіз. Мұғалімнің тестке дайындық сабақтарын өткізу әдісі сізге ұнай ма? Нәтижелі болу үшін қандай ұсыныс айтар едіңіз?
15 мин
5 В) Топ аралық дискуссия. (әрбір топтың тапсырмаларды орындауы, еңбектерін, постерлерін қорғауы)
Г) Эксперт мамандардың жұмысы ( әрбір топтың жауаптарына баға беру, топтың лидерлерін анықтау) 5 минут
6 ІІІ бөлім. Қорытынды бөлім.
«Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі» (Ш.Таубаева )
Кері байланыс «Бес саусақ» «Бестік» кері байланыс
ҚАҒАЗДЫҢ БЕТІНЕ ӨЗ ҚОЛЫҢЫЗДЫҢ САУСАҚТАРЫН АЙНАЛДЫРА СЫЗЫҢЫЗДАР.
Әр саусақтың – өзінің орны /позициясы/ бар, солар бойынша өз оларыңызды айтасыздар.
33553401438275Бас бармақ – мен үшін маңызды және қызық
Сұқ саусақ – маған қиын болды
Ортаншы саусақ – маған жеткілікті болмады
Төртінші саусақ – менің көңіл күйім
Бесінші саусақ – менің ұсынысым
2 мин
Рефлексия
Мұғалімдерге арналған шеберлік сынып тақырыбы: «Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде іскерлік ойындардың ролі» бойынша өтілді.Ұстаз туралы өлең жолдары беріліп, сол бойынша топтарға бөлдім. Жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында ««Сіздің мұғалім екендігіңіздің 13 белгісі» атты таныстырылым көрсеттім.Содан кейін - Жаңашыл ұстаз болудың 13 критерийіне біздің жұмысымыз сай ма? - Өзіңізге қандай баға берер едіңіз?
- Жер шарындағы барлық мұғалімдерге тән олардың ортақ қасиеттері қандай? деген сұрақтар төңірегінде өз ойларымен бөлісті. «Миға шабуыл» әдісі бойынша топтарға педагогикалық жағдаяттар шешті. Сергіту сәтінде «Сурет салайық» жаттығуын орындаттым. Мұғалімдердің көңіл-күйлері көтеріліп, қызығушылықпен қатысты. «Менде бір ой бар...» әдісі бойынша проблемалық тапсырмалар бердім, әр топ өз ойларын ортаға салды. Осы мәселелер төңірегінде басқа топтар да өз пікірлерімен бөлісіп, дискуссия қызу өтті. «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі» (Ш.Таубаева )деп қорытындылай келе, «Бес саусақ» «Бестік» кері байланысын алдым.Мұғалімдер берілген үлгіге қарап, шеберлік сыныбынан алған сезімдерімен, ұсыныстарымен бөлісіп, саусақ іздеріне жазды. Шеберлік сынып мұғалімдерге өте пайдалы болды деп ойлаймын. Себебі, қатысқан ұстаздардың көбі 11-сыныпты ҰБТ-ға дайындап жүргендер. Мектеп екі ауысымда оқитын болғандықтан, мұғалімдердің көбі қатыса алмады.

Топқа өлең шумақтары арқылы бөліну сәті

«Менде бір ой бар...»әдісі .Проблемалық топтарға тапсырмалар


Сергіту сәті «Сурет салайық»жаттығуы Кері байланыс «Бес саусақ» тәсілі