Критериалды ба?алау ж?йесін физика п?нін о?ытуда ?олдану баяндама
“Критериалды бағалау жүйесін физика пәнін оқытуда қолдану” Оқушылардың білім жетістіктерін бағалауда критериалдық жүйені қолдану.
Анықтамасы: Критериалды бағалау-бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Мектепте оқыту сапасын жоғарлатуМектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Ұстанымдар негіздері: 1. Бағамен оқушының жұмысы бағаланады.2. Дескрипторлар оқушыға алдын-ала белгілі болуы шарт.3. Оқушы өз білім деңгейін анықтай алуы қажет.4. Нақты білімділік мақсатты бағалауы қажет. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі Бағалау функциялары Принциптері Критериалды бағалаудың функциялары: Ынталандыру Белсенділік Түзету Әділдік Нақтылық Дамытушы Жүйелік Критериалды оқытудың маңыздылығы: Мұғалім үшін:Әрбір оқушының өзгешелігін ескере отыра жеке білім алу траекториясын құру.Оқушы үшін:Берілген бағалау критерийлерін түсіну,қолдану,жұмысын бағалай білуі.Ата-ана үшін: Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалауы. Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы: Критериалды бағалау : Күнделікті алған білімінің меңгеру деңгейін анықтайды. Негізгі бақылау жұмысына дейін білімін жүйелейді.Кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау: Негізгі бағалау белгілі бір тақырыпты қорытындылау мақсатында орындалады. Мазмұны оқылған материалды қамтуы керек. Негізгі бағалаудағы оқушының алған бағасы тоқсандық баға болып табылады. Негізгі бағалау: «Физика» пәнінен оқушыларды бағалаудың критериалды шкаласы Критерий Дескрипторлар А(max 6) Оқушылар физика тілін, заңдарын, заңдылықтарын, терминдерін және ұғымдарын қолдана алады;Оқушылар ғылыми ақпаратты түсіндіре алады;Оқушылар ақпаратты таныс жәнедәстүрлі емес проблемаларды шешуге қолданады. В(max 6) Оқушылар физикалық білімдерін, біліктерін және дағдыларын таңдайды және оны қолданады;Оқушылар есептерді шешудің тиімді әдістерін таба алады;Оқушылар дұрыс шешім қабылдай алады;Оқушылар нақты математикалық дәлелдеулер орындайды;Оқушылар нәтижені сауатты жаза алады;Оқушылар есептің нәтижесін бағалай алады;Оқушылар нәтижені қортындылай алады. С(max 6) Оқушылар ғылыми ақпаратты жүйелі түрде жеткізе алады;Оқушылар терминдер мен үғымдарға түсінікті анықтама береді;Оқушылар ақпаратты және есптің шешімін анық және түсінікті формада береді;Оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және көрнекіліктерді пайдаланып зерттеуді жоспарлаудың, жүргізудің және зерттеудің нәтижелері туралы ақпаратты математикалық сауатты түрде ауызша және жазбаша жеткізе білуге дайын және қабілетті екнін көрсете алады. D
(max 4) Оқушылар қойылған мәселелерді шешу үшін және қорытындыны тұжырымдау үшін берілген шамаларға сараптама жасай алады;Оқушылар физикалық аппаратты қолданып практикалық жағдайларды модельдейді және құрылған модельді зерттейді;Оқушылар тапсырмаларды орындауды келесі аспектілер тұрғысынан сараптайды: не білгім келді? не істедім? не алдым? Күнделікті өмірде нәтиженің маңызы қандай? Нәтиженің дұрыстығын тексерудің қандай әдіс-тәсілдері бар?Бар болса пәнаралық байланысты көрсетеді. «Физика» пәні бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері Критерии Оқушылар жетістіктерінің ең жоғарғы деңгейі А Ғылыми білу және түсіну 6 B Ғылыми зерттеу 6 C Коммуникация/ Презентация 6 D Рефлексия 4 ҚОРЫТЫНДЫ 22 Ұпайды бағаға айналдыру шкаласы 0-59% - баға «2»60-74 % - баға«3»75-88 % - баға «4»89-100 % - баға «5» 0-13 ұпай– баға «2»14-16 ұпай – баға «3»17-19 ұпай – баға «4»20-22 ұпай– баға «5» Негізгі бағалаудың қорытындысы: Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын терминдер: Критерий- оқу мақсатының нақты тұжырымы.Рубрикатор – оқушылардың әрбір критерий бойынша жетістіктерінің толық түсіндірмесі және оларға сәйкес ұпайлар саны.Дескриптор – нақты ұпайдың жетістік деңгейі туралы түсіндірме.(формативті) Қалыптастырушы бағалар –оқушы өзінің жетістіктері немесе біліміндегі олқылықтар туралы ақпарат алатын кері байланыстың функциясын атқаратын, ағымдағы бағалар.(сумативті) Негізгі бағалар- тарау немесе модуль бойынша бақылау жұмысына қойылған бағалар.Қорытынды бағалар– Негізгі бағалар негізінде қойылған бағалар.