Презентация по казахскому языку О?ушыларды? о?у жетістігін ба?алауды? халы?аралы? ба?дарламасы PISA


Оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың халықаралық бағдарламасыPISA P- Programm for I - International S - Student A- Assesment Қазақстанның халықаралық зерттеулерде қатысу мақсаты Оқушылардың оқу жетістігін бақылау-бағалау жүйесін реформалауБілім беру мазмұнын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруБілім беру сапасын бағалаудың қазақстандық жүйесін құру PISA зерттеуінің басты мақсаты – 15 жастағы оқушылардың қазіргі өмір талаптарына сай функционалды білім мен ептілікті игергендігін анықтау болып табылады. PISA - 2009 зерттеуіне еліміздің 200 білім беру ұйымынан 5590 он бес жастағы оқушылары қатысты. Барлығы 184 жалпы білім беру ұйымдары,16 кәсіби мектептер пен лицейлер. Соның ішінде, 3194 қазақ тілінде білім беруші ұйымдар мен 2396 орыс тілінде білім беруші ұйымдар болды. Зерттеу қорытындысы бойынша қазақстандық 15-жастағы білім алушылардың нәтиже көрсеткіштері: оқу сауаттылығы – 59 орын, математика сауаттылығы – 53 орын, жаратылыстану сауаттылығы – 58 орын. PISA халықаралық зерттеуінің жалпы көрсеткіштері (2012) Математика сауаттылығы – 432 балл (49 орын)Жаратылыстану сауаттылығы – 425 балл (52 орын)Оқу сауаттылығы – 393 балл (63 орын) ББҰ-ның түрі бойынша Мемлекеттік ББҰ – 200Кәсіби мектептер мен лицейлер - 18 Орналасу орны бойынша Қалалық ББҰ – 103Ауылдық ББҰ - 115 Оқу тілі бойынша Қазақ тілінде – 87 Орыс тілінде - 55 Аралас (қазақ,орыс) - 76 Қазақстандық қатысушылар 65 елдер арасында математика cауаттылығы бойынша 49 орынды, жаратылыстану ғылымынан - 52 және оқу сауаттылығы бойынша – 63 орынды иеленді. РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді: 1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); 2) оқыту нысандары мен әдістері; 3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; 4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); 6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы; 7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі. Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген: Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі); Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті); Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті); Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті); Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті); Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті). Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі-оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. /Қазіргі біз қолданып отырған жүйеде 5, 4 және 3 деген бағаларды не үшін қоюға бола-тыны нақты анықталмаған / Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ-ВОУД/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS , PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы . Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады.Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады. Назарларыңызға рахмет!