БАЛА Т?РБИЕСІ БАРША?А ОРТА? ?осымша ?дебиеттерді пайдалана отырып б?рын?ы ?тілген саба?тарымды ша?ын кітапшада жина?тадым. (Б?л іс-т?жірибені? ша?ын кітапша?а жина?талу ма?саты саба?та ?осымша ?дебиеттерді ке?інен ?олданумен ?атар?з ж?мыс жетістіктерімд
Іс-тәжірибе жинағы
2013 жыл .Қаңтар
АББ келісілген:.................................................................................................
..................................................................................................
ӘБ ұсынысы: :.................................................................................................
..................................................................................................
СЕРГАЗИНА НҰРГҮЛ МАЖИТҚЫЗЫ
(«ҮЛКЕНБӨКЕН МЕКТЕП-БАЛАБАҚША КЕШЕНІ» КММ нің балабақша тәрбиешісі)
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып бұрынғы өтілген сабақтарымды шағын кітапшада жинақтадым. (Бұл іс-тәжірибенің шағын кітапшаға жинақталу мақсаты сабақта қосымша әдебиеттерді кеңінен қолданумен қатарөз жұмыс жетістіктерімді өзгелермен алмасу)
«ҮЛКЕНБӨКЕН МЕКТЕП-БАЛАБАҚША КЕШЕНІ» КММ
ҮЛКЕНБӨКЕН АУЫЛЫ
2013 ЖЫЛ
1
КІРІСПЕ
5093335614680 Тәрбие жолындағы жұмыстардың барлығыда болашақтан күтілетін нәтижелерді суреттейді. Сондықтан жұмыс барысындағы іс-тәжірибенің әр жақты болуы кәсіби біліктіліктің өсуіне әсері мол. Өткен жылдардың озық әрі үнемі қолдануға қолайлы түрлі сабақтар мен тәрбиелік жұмыстарды жинақтай отырып басқада әріптестердің арасында ауқымды таныстырылым жасаған дұрыс. Мектепке дейінгі білім берудің барлық бағыттарының негізгі тәсілі кез келген сабақты ойынмен ұштастыру. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту,бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді. Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді.
2
І. Негізгі бөлім
Жұмыс жүйесінің бағыттары
-2095517322801. Әдістемелік жетекшілікте: Бала тәрбиесін игерудегі озық үлгілерді пайдаланып өз тобымдағы балалар тәрбиесіне қолданамын .
А)Ойын әдістері (көбінесе матиматикаға байланысты );
Б )Жаттау әдістері (тіл сабақтарына байланысты);
В)Қозғалыс қимылдары (дене тәрбиесіне байланысты);
2. Бала тәрбиесі:(ең әуелі топтағы балаларды жақын танимын)
А)Ата аналармен бірге отырып өз балалары туралы мәлімет жинаймын ;
Б)Топтағы балаларды ерекшеліктеріне байланысты реттеймін (ән айтатын, би билейтін, сурет салатын );
В)Ұлттық ойын және мерекелерде топпен жұмыстар өткізем(ата аналар көмегімен )
3. Ойын әдісі :
А) Санамақ бұл ойынның мақсаты есте сақтау қабілеті дамиды ;
Б)Айгөлек бұл ойынның мақсаты сергектік шапшандыққа үйрету;
В)Тығылмаш бұл ойынның мақсаты тапқырлыққа үйрету;
Г) Мысықпен тышқан сақтыққа тәрбиелеу ;
4. Қоғамдық өмір :
А) Айналыны тану аулада, мұражайда, кітапханаға, экскурсия жасаймыз;
Б) Патриоттық тәрбие Қазақстан картасымен, рәміздерімен таныстырамын, қазақ батырлар туралы ертегілер оқимын ;
В) Әдептілекке тәрбиелеу сәлемдесу, рахмет айту, балалар бір бірімен достасу;
«Топтың әні»
Біздер үйдің гүліміз,
Біздер үйдің күніміз
Ата – ана қуаныш
Біздер әсем үніміз.
Топ, топ балақан,
Шапалақта алақан,
Мәпелеген анамыз
Әке деген панамыз
Тәтті берсе біздерге
Риза болып қаламыз.
Аман болсын анамыз,
Аман болсын панамыз
Аман болса екеуі
Жұлдыз болып жанамыз.
3
Үздік сабақтар жинағы:
№1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Менің тұңғыш президентім»
Мақсаты:Балаларға бүгінгі президент жайлы мәлімет және патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілік: Шарлар, гүлдер, буклет, мемлекеттік рәміздер.
Оқу іс-әрекеті:
Тәрбиеші:Қымбатты балалар, әріптестер «Балдаурен» тобының бірінші президент күніне арналған ашық сабағымызға хош келдініздер!
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім.
Балалар: Армысың, ардақты аспан –ата!
Армысың, мейірімді жер-ана!
Армысың, шұғылалы алтын күн!
Қуант бізді таңырқат,
Қуанатын күн бүгін!
Балалар: Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
Тәрбиеші: Балалар біздің еліміз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасында.
Тәрбиеші: Балалар біздің президентіміз кім?
-Н.Ә.Назарбаев.
Балалар: Н.Ә. Назарбаев біздің егеменді еліміздің тұңғыш президенті. 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз тәуелсіздік алды, Егеменді ел атандық.
Балалар тақпақ айтады.
Алима: Жағасында есілдің
Жарқырайды бір қала
Қамын ойлап елінін
Ел басқарған Нұр-аға.
Нурали: Болса біздің Нұр-аға
Халқымыздың тірегі
Жаңа қала Астана
Еліміздің жүрегі
Темірбек: Отан деген ұлы ана
Отан деген ғұлама
Менғана емес атам да
Перзент екен Отанға.
Тәрбиеші: Балалар біздің мемлекетіміздің рәміздерін атаңдар.
-Әнұран, Елтаңба, Ту.
Тәрбиеші: Елтаңбада не бейнеленген?
-Шаңырақ.
Ол ортақ үй деген түсінік береді,қанатты ат, пырақ, ат адам қанаты.
4
Тәрбиеші: Туымыз қандай? Көк түсті,ортасында қыран бүркіт, алтын күн бейнеленген. Қыран еркіндіктің белгісі, күн байлықтың берекеліктін белгісі.
Балалар тақпақ айтады.
Алина: Туымызға көгілдір
Біз қарамай өлепейміз
Сол көк тудын астында
Көгереміз көктейміз.
Нұрай: Көк байрақ желбіре
Асқақтап аспанда
Аман бол Нұр аға
Нұр сыйла баршаға.
Тәрбиеші: Тал шыбықтай бұралған
Қазағымның қыздары-ай.
Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар-ай.
«Саржайлау» биін орындайтындар: Аружан, Алима.
Балалар ән салады, «Әрқашан күн сөнбесін».
Тәрбиеші: Балалар кележатқан бірінші президент күні құтты болсын. Осы елдің балашағы сендерсіңдер Елбасымызға зор денсаулық тілей отырып ашық сабағымызды аяқтаймыз.
466725555942536709355559425
Әнұран орындалуы Еұңғыш президент туралы буклет
359092573723505334007372350
Оқулықпен жұмыс Сабақтағы жауап беру сәті
5
№2 сабақ
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математика
Тақырыбы: «Ойнайық та ойлайық»
Мақсаты: Ойнайық та ойлайық деп аталатын ойын сабақта, балалармен бірге 1-5 дейінгі сандарды тура және кері санатып балалардың есіне түсіру. Әрбір санның алдында және өзінен кейінгісін дұрыс атай біуге.Сондай-ақ айналадағы қоршаған ортамен салыстыра отырып, геометриалық пішіндерді ажырата білуге дағдыландыру. Логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой-өрісін есте сақтау қабылетін дамыту.
Әдістемелік әдістер:Түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап.
Оқу іс-әрекеті:
Тәрбиеші: Біздің топтын ұл-қыздары,
Тату тәтті ойнайды
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлайды- деп, сабағымызды бір-бірімізге жақсы тілек—тілеуден бастаймыз.
Кел балалар тұрайық
Шаттық шенбер жасайық
Балалар: Қайырлы таң, Алтын күн
Қайырлы таң, көк аспан
Қайырлы таң, жер ана
Қайырлы таң, қонақтар!
Күніміз, ашық болсын
Суымыз мөлдір болсын
Деніміз сау болсын
Еліміз аман болсын.
Жарайсындар балалар! Өте жақсы.
Тәрбиеші: -балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем.
-Көктемде неше ай бар?
-Үш ай бар.
-Олар қалай аталады?
-Наурыз, сәуір, мамыр.
Тәрбиеші: Балалар біз сендермен өткен сабақтарда 1-5 –ке дейінгі сандармен танысқан болатынбыз. Кәне еске түсірейікші.(Балаларды 5-ке дейін санату)
Әрбір сан өздері туралы не айтады екен? Соны көріп тындайық.
Балалар: 1саны: Достар мені бір дейді,
Қарайды да бүй дейді.
Мұқтажсын қол аяққа
Ұқсап тұрсын, таяққа.
6
2саны: Мен екімін балалар
Екі деген баға бар
Алаңғасыр жалқаудың,
Алатыны екілік
Басын шайқап өкініп.
3саны: Мен ғой үштің таңбасы,
Зейін қойып тыңдашы
Шідерлі аттай тұсалып,
Жүр біреулер үш алып.
4саны: Достарым мені төрт дейді,
Беске бірім жетпейді.
Қуанады анасы
Төрт алғанда баласы.
5саны: Әр қолымда бес саусақ,
Жетпейді оған еш саусақ.
Бір мен екі алмаңдар
Үшке алданып қалмандар.
Балаларға салынған сүретті көрсету, санату неше сүрет болса сондай сан қасында жазылған, сол санды тауып, тақтаға жапсыру.
Тәрбиеші: Ал, балалар қазір сендермен «Қандай сан қалып қойды», ойынын ойнаймыз. Балалар көзін жұмады, сол кезде бір санды алып қою керек. Балалар көзін ашады да қай санның жоқ, екенің айтады.
Тәрбиеші: Балалар пішінделерге назар аударайық.
Балалар мұндағы ұқсайтын пішіндерді табайық?
Балалар әр пішіндені атайык.(үшбұрыш, шаршы, домалақ, төртбұрыш, сопақ.)
Сергіту сәті:
1, 2, 3, 4, 5 қоян шықты үйінен
Мерген шықты алдынан.
1, 2, 3, 4, 5 пах-пах дегенде,
Қоян құлады шалқасынан.
Тәрбиеші:Геометриялық пішіндерден кез-келген зат құрастыру.
7
Балалар енді көршілес санды тап деген ойынды ойнайық.
3 4 2 1 5 1 4 2 3 5 5 2 4 1 3
Тәрбиеші: Балалар жұмбақ айтайын, ал сендер жұмбақтын шешуін табыңдар.
Туысқан бес кісі,
Бірінен бірі кіші.
Бәрінің аты бар
Ен кішісі шеткісі. ( бес саусақ)
Балалар , Айжан бізге «санамақ» деген өлең дайындап келіпті.
8
№3 сабақ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Білім көздері: Қарапайым математика, тіл дамыту, айналамен танысу.
Тақырыбы: «Санамақ әлемінде».
Мақсаты: Б.М. Дидактикалық ойыны арқылы 5-ке дейінгі сандарды тура дұрыс
санау дағдыларын бекіту.
Д.М. Балалардың қолдарын дамыта отырып, санау қабілеттерін арттыру.
Т.М. Қоршаған орта жайлы түсініктерін әрі қарай дамыту.
Міндеттері: Сандарды үйрету отырып сөздік қорларын байыту.
Көрнекіліктері: Тақырыптық суреттер, ойыншықтар, жануарлардың суреттері.
Қолданылатын әдіс-тәсіл: Еске түсіру, түсіндіру, ойындар, сергіту сәті, сұрақ-жауап, құрастыру, қорытындылау, мадақтау.
Іс- әрекет бөлімдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.
Тәрбиеші
Ойын:
Тәрбиеші
Сергіту сәті: Балалар қарандаршы біздің тобымыз әдемі бояулар түсіне енген сияқты. Тобымызда түрлі-түсті шарлар, гулдер ілініп тұр деп жауап береді.Не үшін солай болды деп ойлайсындар?
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Себебі, біздің тобымызға қонақтар келіп отыр.
-Сәлемдесейік бәріміз.
Кел, балалар тұрайық,
Шаттық шенбер жасайық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршанызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Балалар бір үйде біз нешеуміз?
Кім айтады?
Кел санайық екеуіміз
Бас бармағым –әкем,
Балан үйрек –анам,
Ортан терек –ағам,
Шылдыр шумек –мен өзім,
Титтей бөбек-бауырым.
Бір үйде біз нешеуіміз?
Бір үйде біз бесеуіміз.
Қане санап берші?
Өте жақсы.
«Кел санайық санамақ», өлеңін Аружан орындайды
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашы.
Балан үйрек жалғасы
Ортан терек кезекші
Шылдыр шумек көмекші
Шынашағым балапан,
Бәріне ортақ алақан
Жарайсын!
Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше біз санамақ әлеменде қызықты ойындар, өлеңдер арқылы бірнеше санамақтармен танысамыз. Балалар ойншықтар арқылы саусақтын халық әні «жұмбақ сасақты» орындайды.
1бала: 1дегенім –бұзау
2бала: 2дегенім –ешкі
3бала: 3дегенім –үйрек
4бала: 4дегенім –түйе
5бала: 5дегенім –бесік
Шықтық одан өсіп.
«Саусақ санау ойыны»
Балалар, енді саннын реттік орнын қол саусақтары арқылы еске түсіру
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шумек,
Кішкене бөбек
Қуыр-қуыр, қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Қуыр-қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға бидай шаш.
Өте жақсы!
Он қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосыбедім екеуін
Болып шықты он саусақ.
Санамақ құрастыру
Сұрақтарға жауап бере отырып, балалар санамақ құрастырады, ол үшін бес саусақтың суретіне үлестірмелі суреттерді тиісті саусаққа жапсырып отырады.
Бас бармаққа: сен қайда барасың?
-Мен қойма барамын.
Балан үйрек: сен қайда барасың?
-Мен сиырыма барамын.
Ортан терекке: сен қайда барасың?
-Мен атыма барамын.
Шылдыр шумекке: сен қайда барасың?
-Мен түйеме барамын.
Кішкене бөбекке: сен қайда барасың?
-Мен ешкіме барамын.
Барлық жаңұарлар өз орнын тапты. Балалар тындайды
Сәлеметсіздерме
Алима
1,2,3,4,5
9
Балалар орындап көрсетеді
Балалар сұраққа жауап береді
Қорытындылау
Өзін- өзі бағалау
Балалар , бүгін біз не туралы айттық?
Кел, балалар тұрайық
Қоштасу шеңберін құрайық,
Санамақты үйрендік
Беске дейін санадық
1,2,3,4,5
Жаттап алдық тез.
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық. Санамақ туралы.
10
№4 сабақ
Менің сүйікті анам.
Мақсаты.Тіршілікті жалғастырушы аналардың өмірі,
олардың қасиеті,құдіреттілігі неде екенін
балаларға түсіндіру,ананы сыйлай,құрметтей
білуге тәрбиелеу,балалардың сөздік қорын дамыту.
Жүргізуші.Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Аналар,әжелер,қадірлі қонақтар,қыздар,балабақша ұжымының апайлары сіздерді
Халықаралық әйелдеркүнімен құттықтаймыз.Сіздерге отбасылық бақыт,дендеріңізге саулық, жүздеріңізден қуаныш пен шаттық кетпесін.Осы мейірлі мереке тек қана игі
Жаңалықтар әкелсін.Бүгін Ару көктем концертін тамашалаңыздар.
Ақ тілек ағытып бір тастайық.
Аналардың мерекесін бастайық.
Көздеріңнен көрем шаттық арайын.
Өтсін солай әрбір күнің,әр айың.
Балалар бәріміз көзімізді жұмып көз алдымызға елестетейік қалай сендерді
аналарың,әжелерің еркелетеді.
Балалар.Алима-ботақаным,Нуржан-құлыншағым....
Жүргізуші.Балалар сендердің аналарың қандай.
Аружан-әдемі,Нурали-мейірімді,Аяжан-аяулы...
Жүргізуші.Құрметті көрермендер,енді аналарға арналған әнді тамашалаңыздар.
Омарова Аружанның орындауында Ақ мамам әні.
Дильназ. Әже деген көп шығар,
Әжемдей мінез жоқ шығар,
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Нурай.Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып береді.
Айтқан сөзін тындаймын,
Анашымды сыйлаймын
Алина.Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз
Данеля.Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын.
11
Жүргізуші.Құрметті қонақтар Алиманың орындауында аналарға арналған ән.
Енді құрметті қонақтар,біздін орта топтың ұлдары тұлпарларына мініп
қыздарға гүл шоқтарын сыйлайды.
Ересек топтың қыздарының орындауында Қошақан әні.
Жүргізуші.Көктем мерекесі құтты болсын
Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Аналарды құттықтап би де билеп алайық
Көңілді матростар биін тамашалап,бірге көңіл көтерейік.
Құрметті қонақтар келесі біздің ойынымыз Менің апам қалай жұмысқа дайындалады.
Ортамызға екі қыз баланы шақырамыз,орындықтарда ілулі тұрған моншақтарды,мойынға
іліп иықтарына сумкаларын іліп, жарысып,тәрбиешінің қасына бірінші жеткен бала
жеңіске жетеді, сыйлықпен марапатталады.
Біздің әдемі арулар Қамажай биін билейді.
Аружанның орындауында Анашым әні.
Аман болсын аналар-деп, бүгінгі ертенгілігімізді аяқтаймыз.
№5 сабақ
Менің Қазақстаным
Мақсаты: 1.Сөздік қорларын, балалардың Қазақстан туралы алған білімдерін дамыту.
2. Отанымызды, туған жерімізді сүюге, еліміздің рәміздерін құрметтеуге
тәрбиелеу.
Жүргізуші.Құрметті қонақтар,балалар.Біздің туған еліміздің, туған
Жеріміздің егеменді ел болып, тәүелсіздік алғанына 20 жыл толыпты.
Құрметті қонақтар,балалар тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.
Елім менің,тәүелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір дейін
Рухым ұлттық өсіпті, өлместей боп,
Көк байрағың төбемнен көрінген күн.
Бүгінгі салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық.
Әнұран.
Тәүелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақты қабыл алыңыздар.
Алина,Муслим.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай,
Нуржанның орындауында Атамекен.әнің қабылалыңыздар.
Бүлдіршіндеріміз неткен әйбәт, әдемі
12
Жаңарған берекелі еліміз бар
Даласы гулге толы жеріміз бар
Кең өлкем, байлығы мол ынтымақты
Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.
Болашағы жайнаған бақ тұғыры
Бұл да болса қазақтың мықтылығы
Еркіндік,тәуелсіздік аңсаған ел,
Жиырма жылға қыр асып шықты міне
Қаражорға биі
Тәуелсіздік-таң нұрысың арайлы,
Бабалардың арманысың талайғы
Ғасырлардың құшағында ер жеттің
Халқым сені өз бақыты санайды.
Сен әкелдің шаттығымды,кулкімді,
Ата-бабам армандаған бұл күнді.
Тәуелсіздік өркендесін өрісің.
Бақытпен қауыштырған жұртымды.
Ел қорғауға әзірміз -әні.
Би Чип-Чип чужәләрім, биін орындайтын сәбилер тобы қарсы алыныздар
Аружанның орындауында ән.
Ал енді алдарынызға өлең шүмақ
Отан-туған үйіміз
Отан-туған жеріміз
Отан-ортақ үйіміз
Отан-ән мен күйіміз
Скетч тәрбиешілердің орындауында.
Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігіміз қолында,
Еркіндігіміз-Елтаңбам.
Елтаңбасы елімнің әні Алиманың орындауында.
Отанды жас кәріміз
Туған жер деп суйеміз
Өйткені онда бәрімізде
Туып өмір сүреміз.
Би Балдәурен тобы орындайды.
Әрқашан бейбітшілік заман болсын,
Ел іргесі аман болсын,
Ертеңге жол ашатын,
Бүлдіршіндер бақытты болсын.
Құрметті ата-аналар,бүлдіршіндер,қонақтар.Бүгінгі тәүелсіздік мерекесіне
орай өткізіп отырған Менің Қазақстаным атты ертеңгілігімізге келіп,көріп
тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Әрқашан күн сөнбесін,аспанымыз
ашық болып,заманымыз тыныш болсын, тек Қазақстан ғана емес,бүкіл
әлем балаларының езуінен кулкі кетпей,әлем балаларының ұйқысы
тыныш болсын.Сау болыңыздар.
13
№6 сабақ
«Туған күніңмен балабақша»
Жүргізуші: Қайырлы таң аса қадірлі де, ардақты қонақтар және балалар!
Балабақша есігін,
Балалар үшін ашқанбыз.
Балақандай өсіріп,
Мәпелейді бақшамыз
Жатқа білер дос атын
Дос бар бізді тосатын,
Балабақша – біздің үй,
Басымызды қосатын.
Ал енді бүгін балабақшаны туған күнімен құттықтаймыз. Құттықтай отырып, ертеңгілігімізді бастаймыз. Біз бүгін ертегілер әлемінде қонақтамыз.
1.Ән «Ертегілер» Салтанатты орындауында
Алладин: О, құмыра, қандай әдемі (деп үйіне апарады)
Шешесі: О, айдала үйде тамақ жоқ, бүгін тағыда тамақсыз қалдық. Не алып келгенсің өзін, қақ басқан құмыра әкелген несі:
Алладин: Ал оны тазаласақ әдемі құмыра шығады да оны сатуға болады (тазалайды, тарс)
Хаттабыч: О,о керемет! Үш жыл осы құмыраның ішінде қамалып қарайып отырдым. Кім менің құтқарушым? Не қаласа соны орындаймын.
Алладин шешесімен дауласады.
Алладин: Ең бірінші арманым – қарным аш, тамақ керек.
Хаттабыч: Тамақ әкеледі (Алладин шешесі екеуі тамақ ішіп жатыр)
Алладин: Тойдым, енді сұлу қыз билеп көңілімді көтерсін.
2.Қазақ биі
Хаттабыч: Риза болдың ба тәңірім?
Алладин: Бәрі жақсы, бірақ ішім пысты. Енді ән тыңдауға артық болмас еді.
Хаттабыч: Ән орындалады «Омаровтар әулеті»
Алладин: Ал енді жақсылап күлсем деп едім
3. Скетч
Жүргізуші: Біз бүгін ертегілер әлеміндеміз, ал ол қайда өтіп жатыр?
балабақшада, өйткені бүгін балабақшаның туған күні – 3 жылға толдық. Құттықтауға «Гена мен Чебурашка келді»
4.«Гена мен Чебурашканың» орындауында
Алладин: Жалықтым бәріненде және орынды өзгертіп, жаңартайық.
Жүргізуші: Мираның орындауында «Биші боламын өскенде» әні.
5.Чунга – чанга
Хаттабыч: Алладин, мен сенің барлық арманыңды орындадым, енді мені босат.
Жүргізуші: Міне осымен біздің ертегіміз аяқталды. Аяқтай отырып сіздерге би орындалады.
6.«Топ – топ»
Ата – аналарға сөз берейік, тілектерін айтсын.
Білім аумағы: қатынас
Білім бөлімі: көрініс
Мақсаты: Балалардың халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру, балалардың тіл байлығын, есте сақтау, сөйлеу қабілетін дамыту.
14
Балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:
Алдын - ала жұмыстар:
Оформление:
Главные роли:
«Бауырсақ» ертегісінің желісімен көрініс
Ж: Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:
Ш: Кемпір – ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.
К: Неден пісірейін? Ұн жоқ қой
Ш: Әй, кемпір – ай! Қойманың (қаптың) түбін қырнап көрсең ғой, бауырсаққа ұн шығар – ау.
Ж: кемпірі солай істейді: қаптың түбін қырып, қырнан екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илейді. Бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды (көрсетеді)
Жата – жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі. Іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі бара жатса, қарсы алдынан қоян шығады.
Қ: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеймін!
Б: Жоқ, сен мені жеме, қитар (қыликөз), саған қандай өлең айтып берер екем. Онан да соны тыңда.
Ж: Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:
Б: Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған
Балқаймаққа шылаған
Пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған,
Бауырсақтан зулаған!
Атадан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым.
Қоян, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Ж: Бауырсақ алға қарай домалай жөнеледі, қоян аузын ашып қала береді. Бауырсақ орманмен зырлап келе жатса, қарсы алдынан қасқыр шығады:
Қасқыр: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеймін!
Б: Жемеші мені, қасеке,мен саған ән айтып берейін. (ән айтады)
Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған
Балқаймаққа шылаған
Пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған,
Бауырсақтан зулаған!
Атадан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым.
Қасқыр, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Ж: - деп,бауырсақ домалай жөнеледі. Қарсы алдынан қорбаңдап аю шыға келеді.
15
А: Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоям! – дейді.
Б: Жемеші мені, қасеке, мен саған ән айтып берейін, - деп жауап береді. (ән айтады)
Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған
Балқаймаққа шылаған
Пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған,
Бауырсақтан зулаған!
Атадан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым.
Маймақ, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Ж: Бауырсақ домалай жөнеледі, аю оның ізіне қарап қалады. Бауырсақ ымырап бара жатса, қарсы алдынан бұраңдап түлкі шығады.
Т: Амансың ба,бауырсақ! Көргендерге ұнайды, жүзің қандай шырайлы. (алдап айтады)
Ж: Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса өтірік құмарта тыңдайды. Өзі қыбырлап, жанына жақын келіп, жақындай береді, жақындай береді.
Б:Әжей қойма қырнаған,
Екі уыс ұн жинаған
Балқаймаққа шылаған
Пісіріп маймен сылаған.
Суытып та сынаған,
Бауырсақтан зулаған!
Атадан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым.
Түлкі, сенен құтылу
Қиын емес бұл маған!
Т: Әдемі өлең екен! – дейді түлкі Айна – ла – йын! Қазір қартайдым, құлағым нашар естиді. Қане, менің тұмсығыма секіріп шығып, әдемі өлеңінді тағы да айта қойшы!, - дейді түлкі (қутыңдап, құйрығымен ары – бері бұлаңдап алдынан ары – бері жүре бастап тура қалады)
Ж: бауырсақ оған мәз болып, түлкінің тұмсығына қарғып шығады да:
Б: Әжей қойма қырнаған,
Ж: -дегенде, түлкі бауырсақты «ап!» деп бір – ақ асапты. (баланың тұмсығына кішкентай бауырсақты қойып, түлкі (бала) жеп қояды)
Т: Өте дәмді болды! (қарынды сипайды)
16
І І. Қосымша бөлім
Күнделікті сабақта қолданылатын тақпақтар мен жұмбақтар жинағы
Тақпақтар
4912360160845534677351608455«Киіз үй»
Дөңгелене тұрайық,
Керегені құрайық,
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
48107602917825«Достық»
Дос болып жүрейік,
Ойнайық та күлейік.
Достық деген тамаша,
Міне тұрмыз жараса.
«Доп»
Доп, доп домалақ,
Болдау саған обалақ
Балалардың барлығы
Соғып жатыр жобалап.
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
-2971806047740
Шуақты балабақшамыз,
Таң болып күнде атамыз.
Достықпенен жарасып,
Шаттық әнін айтамыз.
Кел, ойнайық бәріміз,
Есейгенше әлі біз
Күнде келіп жүретін
Балабақша сәніміз.
Болашақтың ұраны,
Біз боламыз ұланы.
Қазақстан жасай бер,
Барлық ұлттың тұрағы.
Ән күйді әнші жетекші,
Қызықтырып үйретті.
Өлең – жырды, билерді,
49917356790055Жаттатқызды, сайратты.
Жұмбақтар
Өзі айлакер, өзі қу
Жүрген жері айқай да шу (түлкі)
Далада жүр шапқылап,
34753558155940Керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқада,
Оған ұқсас жоқ құлақ. (қоян)
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай (әтеш)
Судан шықса баладай,
Тәй –тәй басып қалады – ай. (қаз)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.................................................................................................................................................................................................................1
І. Негізгі бөлім..............................................................................................................................................................................................2
1. Жұмыс жүиесінің бағыттары
2. Үздік сабақтар жинағы
І І. Қосымша бөлім................................................................................................................................................................................16
1. Күнделікті сабақта қолданылатын тақпақтар мен жұмбақтар жинағы
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар
Алма-Ата «Жалын» 1987 г.
2. «Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005 ж.
3. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
4. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.
Алматы «Балауса» 1992 ж.
Жоба негізіндегі кітапша