Коучинг жоспары О?ыту ?рдісіндегі о?ушыларды? ойлау мен с?йлеу ?абілетін арттыруда?ы диалогтік о?ытуды? р?лі
Нуртаева Эльмира Нуртаевна
«Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектебі»
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Көксу ауданы
Коучинг жоспар
Тақырыбы:
Оқыту үдерісіндегі оқушылардың ойлау мен сөйлеу қабілетін арттырудағы диалогтік оқытудың рөлі.
Сілтеме: МАН 29 бет, Learn English by British Council
Қатысушылар: мұғалімдер
Мақсаты:
Оқыту үдерісіндегі оқушылардың ойлауын, білім мен таным деңгейінің өсуіне диалогтік оқытудың маңызын ашу, рөлін түсіндіру.
Табыс критерилері:
Мұғалімдер диалогтік оқытудың оқу үдерісіндегі маңыздылығын біледі.
Мұғалімдер диалогтік оқытуға байланысты тиімді жоспар құруда оған қажетті зерттеулермен, анықтамалармен, тәсілдермен танысу керектігін түсінеді.
Мұғалімдер оқыту үдерісінде диалогтік оқытудың өздеріне тиімді әдіс-тәсілдерін қолданады.
Мұғалімдер диалогтік оқытудың стратегияларын талдайды және өз пәндеріне бейімдейді.
Мұғалімдер диалогтік оқыту туралы өз ойларын тұжырымдайды.
Мұғалімдер тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, қажеттілігін бағалайды.
Түйінді идеялары:
Оқыту үдерісінде диалог оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады.
Сабақта қолданылатын материалдар:
бейнероликтер, постер, стикер, маркер, бағалау парақтары, А4 парақтары
Оқыту әдістері:
Диалог, «Бұл кім екен», «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиялары, «Джигсо» әдісі.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
Қатысушылармен амандасып, оларды отырғызу.
1.Психологиялық ахуал туғызу.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
«Сіз кімсіз?» ойыны.
Қатысушыларға алдымен өздеріне ұнайтын 7 аң, құстың атын тізбектеп жазу тапсырылады.
Жазып болғанда 9 сұрақ қойылады, олар тек жазған аң, құстарын атау арқылы сұраққа жауап береді.
Әріптестер 9 аң, құстың атын жазып болғанда төмендегідей сұрақтарға жауап береді:
Сіз үйде кімсіз?
Өзіңізбен өзіңіз қалғанда сіз кімісіз?
Коучингке дейін сіз кімсіз?
Коучингтен кейін сіз кімсіз?
Өзіңіз жайлы не деп ойлайсыз?
Достарыңыз үшін сіз кімсіз?
Шын мәнінде сіз кімсіз?
2.Топқа бөлу:
Мұғалімдерді бірлестіктер бойынша отырғызу:
Тілдер
Техникалық
Бастауыш
АӘД, дене шынықтыру, музыка, сызу, технология
3. «Алтын ереже» құру.
1. Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру.
2.Шағын топтарға топ ережесін құру және флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру.
4.«Ой қозғау»
1.«Алдар көсе» анимациялық фильмінен үзінді көрсету.
- Бұл бейнежазбадан қандай әсер алдыңыздар? Не себепті?
Бейнежазбаның негізгі идеясы қандай?
Диалогтың қай түріне жатады?
2. Сәбилердің бір-бірімен сөйлесулерін көрсету.
- Сәбилер бір-бірін түсінді ме?
-Түсінуге қандай әрекет жасады?
- Бұл үзіндідегі диалогтың ерекшелігі неде?
5. Диалогтың үш түрі мен сұрақтардың дәрежелерімен таныстыру.
Power Point презентациясында диалогтың сабақта қолданудағы қойылатын сұрақтардың тиімділігін түсіндіру.
6.Тренинг «Бұл кім екен?»
Мұғалімдерге стикерлерді таратып, оларды жұптарға бөліп, оларға стикерге қасындағы жұпқа көрсетпей белгілі бір әйгілі тұлғаның атын жазу ұсыну.
Әйгілі адам, яғни, «Тарихи тұлғалардың» аты жазылған стикерді жұптар бір-бірінің маңдайына жабыстырады.
Бір-біріне сұрақ қойып, диалогқа түседі, әйгілі адамды анықтайды.
7.Сергіту сәті.
«Қаңқалар сергітуі»
Бейнежазбаны көріп, буындарын қозғалтады, демалады.
8.Топқа бөлу.
Мұғалімдерге «Бейбітшілік» сөзін ашатын көгершін, гүл, ашық алақан, кітап сөздері жазылған әр түрлі фигураларды, тарату. Жаңа топ құрылады.
9.Топтық жұмыс.
«Джигсо» әдісі. «Аквариум» ойыны.
Оқушылар жаңа тақырыпты өздері оқып, әр топтан басқа топқа бір оқушыдан барып бір-біріне түсіндіреді.
Әр топқа нөмірлер жазылған түрлі-түсті кеспе қағаздары таратылады. Әр топ мүшелеріне белгілі бір рөл беріледі.
1-Төраға
2-Баяндаушы
3-Бақылаушы
4-Тайм-кипер
Әр топқа ортақ мағынаны ашатын 4 тақырып үлестіріледі: ‘Көгершін’, ‘Кемпірқосақ’, ‘Олив бұтағы’. Әр топ өздеріне берілген тақырыппен танысып, өз ойларын постер бетіне түсіреді. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін, баяндаушыдан басқалары басқа топтарға елшілікке кетеді. Барған топтарынан тақырыпқа байланысты жаңа мәлімет жинап алып, қайтадан топқа оралып, көрген, білгенін өзінің топ мүшелеріне түсіндіреді. Баяндаушы өзге топтардан келген елшілерге өзінің тобының тақырыбын толығымен жеткілікті тілмен түсіндіріп береді. Тайм-кипер уақытты қадағалап отырады. Бақылаушы барлық осы болып жатқан үдерісті бақылау мақсатында өзінің кішігірім зерттеуін жүргізіп отырады. Зерттеу нәтижесінде топ мүшелерінің өз міндеттерін қалай атқарғандары туралы және олардың әрқайсысы қандай дағдыға ие болғанын ашып айтып береді.
Қорытынды.
«Сүйікті ертегілері» бойынша «Т» кестесін құрастыру: оңай/ жабық, қиын/ ашық сұрақтар қою.
«Т» кестесін таратады, тапсырманы түсіндіреді: «Ойлан, жұптас, пікірлес».
Бұрыннан білгендері мен жаңа ақпарат негізінде кестені жеке, жұппен толтырады, топпен талқылайды.
Бағалау.
Кері байланыс бутербродын толтыру.
1 мадақ
1 сын
1 мадақ
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері байланысты интервью алу парақтарын таратып ұйымдастырады.