Ма?саты: Балалар?а денені шыны?тыруды? пайдасын, адамны? дені сау сергек болуына к?мектесетінін т?сіндіру. Балаларды? к?тері?кі к??іл — к?йде болуын ?алыптастыру, тепе — те?дікті са?тау, шыны?тыру жатты?уларына, сайысты? шарттарына деген ?ызы?ушылы?тарын


Көңілді старт
Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау сергек болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл - күйде болуын қалыптастыру, тепе - теңдікті сақтау, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.Барысы:Шаттық шеңбер.Біз бақытты баламыз,Шыныға да аламызСәулетті елдің көгіндеШамшырақ болып жанамыз. (иіліп сәлем беру)- Құрметті ойыншылар, бүгін «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысымызды бастаймыз. (екі топқа бөлініп тұрады)Ал, сайыскер балалар,Ешкімің жоқ алалар«Жеңімпаз» болу үлкен ерлікОны әділқазы бағалар.(әділқазы мүшелерімен таныстыру)Жарыстың шарттары:1. Таныстыру.2. «Жалауды тез жеткізу».3. «Акробатика».4. «Кедергілер» сайысы.5. «Кім шапшаң?»6. «Епті де, жүйрік» сайысы.Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт сапар!1. Таныстыру.«Күншуақ» тобыҰраны: Күндей болып күлеміз,Шуақ шашып жүреміз.«Жұлдыз» тобыҰраны: Бүгін жарыс бақшадаҚуанады бар бала«Көңілді старт» ойыныШаттық сыйлар баршаға.2. «Жалауды тез жеткіз»Ойын шарты: Топ мүшелері қапшықпен секіреді, соңғы ойыншы жалауды белгіленген орынға апарып тігеді.3. «Акробатика»Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап - аттап жүгіріп, матрас үстімен домалап, тік тұрып, орындарына бару.4. «Кедергілер» сайысыОйын шарты: Бағдаршам көздерінің үстінен қоянша секіру, тақтай үстімен еңбектеу. Құрсау арасынан өту. Тікен төсеніш үстінен тепе - теңдік сақтап өту.5. «Кім шапшаң?»Шарты: Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, доға астынан жорғалап өту.6. «Епті де, жүйрік» сайысы.Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, орындықты айналып секіріп орнына келу.- Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.Өнерге биік сеніңізДуманға қызық келіңізӘділқазы ел сенгенСайысқа баға беріңіз!(Әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды)