К?мірсутектерді? таби?и к?здері. Таби?и газды?, м?найды?, к?мірді? ?аза?станда?ы кен орындары, оларды ?ндіру ж?не ??деу.
Күні Сабақтың тақырыбы Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи газдың, мұнайдың, көмірдің Қазақстандағы кен орындары, оларды өндіру және өңдеу.
Сілтеме Ғаламтор материалдары, «Химия» оқулығы (Н.Нұрахметов,Қ.Бекішов), тірек-сызба, суреттер,постер, маркер,электронды оқулық, « Мұғалімдерге арналған нұсқаулық»
Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы.Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік картасы,
Негізгі мақсаты 1.оқушыларға Қазақстандағы көмірсутектердің табиғи көздері,мұнай, мұнайға серік газдар,олардан алынатын өнімдер,отынның түрлері,газ,мұнай,тас көмір өндірілетін орындар,олардың республикадағы экономика және энергетика саласындағы проблемаларды шешудегі маңызы туралы білімдерін қалыптастыру; 2.қоршаған ортаны қорғау проблемалары туралы қорытынды шығара білу,талдау,жүйелеу, көмірсутектердің табиғаттағы айналымын көрсететін реакция теңдеулерін құру дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту,есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік қорын молайту.
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру
Оқыту нәтижесі Оқушыларды оқулық пен тақырыптық карталарды, статистикалық материалдарды талдау, диаграмма, кесте, карта-сызбанұсқа құру және ақпарат құралдарымен жұмыс істей алу біліктіліктерін қалыптастыру. Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті қамтылды;
Жаңа сабақты меңгертуде пәнаралық байланысты қолдана отырып ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағды қалыптастырылды. Экологиялық проблемаларды шешуге тәрбиеленді.
Түйінді идея l.оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануына ықпал ету;
2.тақырып мазмұнын өздігінен ізденіп ашуға , топ жұмысына белсене араласып, өзін өзі реттеуге дағдыландыру
Ұйымдастыру кезеңі А)сәлемдесу
Б)оқушылардың назарын сабаққа аудару.
В)топқа бөлу
Оқушылардың сыни көзқарасын дамыту,мамандыққа баулу мақсатында топтарға бөлінеді..
1 топ-географтар
2 топ-химиктер
3 топ-экологтар
4 топ-экономистер
5 топ-медицина қызметкерлері
Білу
Үй тапсырмасын сұрау
ҰБТ-ке дайындық мақсатында тест түріндегі тапсырмалар орындату.
Тест сұрақтары.
1.Этиленнің молекулалық массасы қанша?
а)56 ә)492 б)28 в)46 г)23
2.Этиленнің жану реакциясының теңдеуін жаз.
3.Мына заттардың ішінен изомерлерді табыңдар.
а)CH3-CH= CH-CH3
ә)CH2=C- CH2- CH3
CH3
б) CH3-CH= CH3
в) CH2-CH=CH- CH3
CH3
г) CH3-CH= CH-CH2- CH3
4.nC2H4(-CH2-CH2-)n теңдеуі не деп аталады?
а)ыдырау ә)алмасу
б)полимерлену в)орынбасу
г)тотығу
Түсіну
Шығармашылық жұмыс.
СТО
АКТ Балалар,біздің Қарғалы ауылымызға газ құбырларын тартып,қазіргі кезде тұрмысымызға пайдаланудамыз.Сонымен қоса таскөмірді де пайдаланудамыз.Автомобильдеріміз бензинмен жүруде.Осы пайдалы қазбаларымыздың географиялық орны,химиялық қасиеттері,экономикалық тиімділігі, тағы да басқа қасиеттері туралы түсіндіру үшін мамандар келіп отыр.Соларға сөз берейік.
Оқушылар оқулықтан және ғаламтор жүйесіне қосылып,өздерінің мамандықтарына сәйкес мағұлмат іздеп,постер арқылы суреттейді.
1 топ-географтар
2 топ-химиктер
3 топ-экологтар
4 топ-экономистер
5 топ-медицина қызметкерлері
Қолдану Кестені толтырыңдар.1 топ
2 топ.Қазақстандағы маңызды кен орындарының атауларын жазыңдар және картадан көрсет.
3 топ.Газды өндірісте өңдеудің сызбанұсқасы берілген.Осы бағытта реакция теңдеулерін жазыңдар.
Көміртек және сутек
Метан
Ацетилен және этилен
4 топ. Көмірсутектердің табиғи көздерін өндіруде пайда болған экологиялық жағдайлардан туындайтын аурулармен қалай күресуге болады?Қалай алдын алуға болады?
5 топ. Көмірсутектерді жағу жолымен энергия алудың экологиялық салдарына не жатады?
Рефлексия Сұрақтар Түсінбедім
Қызыл Сары
Сенімсізбін Түсіндім
Жасыл
Бағалау Оқушының
аты жөні Ұй тапсырмасы Түсіну Қолдану Белсенділігі Жалпы
балл
Тексерілді:
Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи газдың, мұнайдың, көмірдің Қазақстандағы кен орындары, оларды өндіру және өңдеу.
9 «ә» сыныбы.
Өткізген :Химия пәнінің мұғалімі Нуркали Л.Т.