Ашы? т?рбие са?аты. 2 сынып. Та?ырыбы: Т?уелсіз елді? ?рпа?ымыз
"О. Бапышев атындағы жалпы орта мектебі" КММ
Т ә р б и е с а ғ а т ы
Тақырыбы:
"Тәуелсіз елдің ұрпағымыз"
Дайындаған: Шепетова М.
2016-2017 оқу жылы.
Тәуелсіз елдің ұрпағымыз.
Мақсаты: Оқушыларға тәуелсіздік туралы ұғындыру, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу , патриоттық сезімдерін ояту. Өз Отанын сүйетін ұлтжанды азамат болуға тәрбиелеу арқылы сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.
Түрі: ашық тәрбие сағаты.
Көрнекілігі: Желтоқсан құрбандарының суреті, елбасымыздың, туымыздың, елтаңбамыздың, ел ордасы Астананың суреттері және шармен, көрнекіліктермен безендірілген.
1-оқушы.
16-желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. 16-желтоқсан күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты. Үкімет жастарға қарсы күш қолданды. Қаншама қыршынның өмірі қиылды, қаншама ана перзенттерінен айырылып көздерінің жасы көл болды. Ал тірі қалғандары қуғынға ұшырады,оқудан,жұмыстан шығарылды. Оларды кейін ақтағанымен, жүректе сызат қалды. Ел намысы жолында құрбан болған аға, апаларымыздың әруағына әрқашан да басымыздың иеміз.
Бүгінгі біздің бағдарламада:
1. Тәуелсіздік шежіресіне ой жіберу (тарихыңды таны)
2. Еліміздің Рәміздері жайлы.
3. Ой толғаныс. Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер.
4. Қорытынды. Мұғалімнің сөзі.
2-оқушы.
Біз қазақ мал баққан,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан,
Басымыздан құт-береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан.
Ешбір дұшпан басынбаған,
Басымыздан сөз асырмаған,
Достықты сақтай білген,
Дәм-тұзды ақтай білген елміз,
-деп тебіренген, қазақ елінің қамын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек би болатын. 16-желтоқсан 1991 жылы Республикамыз егемендік алды. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
Данасы мен батыры көп қазақпын,
Көрген талай қияметін азаптың.
3-оқушы.
Егеменді, тәуелсіз ел болдық. Осы жылдар аралығында әр жылдың өзіндік атауы мен белгілі даталы күндері болды. Соларды сендер білесіңдер ме?
Оқушылар:
--Білеміз.
--Олай болса, өздерің айтып шығыңдаршы!
4-оқушы.
1991 жылы 1-желтоқсан күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. Сол жылы 16-желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
5-оқушы.
1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
6-оқушы.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны бекітілді.
7-оқушы.
Елтаңбамен танылар, жұртқа мәлім
Қос шырақтай самғаған қазақ елім
Бірлігіңді көрсетіп шаңырағың,
Көркейте бер, Қазақстан байтақ елім.
8-оқушы.
1993 жылы 28-қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата Заңы қабылданды.
Көк туым көтерілді бағым жанып
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата заңым қабылданып.
9-оқушы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Туған тілім - бабам тілі -өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Туған тілім - данам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі -өз тілім.
10-оқушы.
1994 жыл Қазақстанның жаңа ордендері мен медальдары дүниеге келді. 30-маусымда қазақ халқының екінші қыран ғарышкері Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
11-оқушы. "Күн әлемі"
1995 жыл ЮНЕСКО шешімі бойынша ақыл-ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаев атамыздың 150 жылдық мерей тойы атап өтілді.
12-оқушы
1996 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясына 1 жыл болды. 17-ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 5-жылдық мерекесі атап өтілді.
13-оқушы
1997 жылы 6-мамырда ел астанасы Ақмола қаласына көшті.
Астананың жарқырап шамшырағы
Достарын қаншама рет қарсы алады.
14-оқушы
1998 жылы Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның 2030 стратегиясын жариялады.
15-оқушы.
1999 жылы 10-қаңтар президент сайлау нәтижесінде Н. Назарбаев 7 жыл мерзімге Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады, жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын
Алыс тартты алдағы жол
Арқалаған ардағым ол.
16-оқушы.
2000 жылы Мәдениетті қолдау жылы.
Шежірелі Түркістанның 1500 жылдығы тойланды. 1500 жыл жасы.
17-оқушы.
2001 жылы "жүз жылға татитын он жыл". Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2001 жылды Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығы деп жариялады.
18-оқушы.
2002 жыл "Денсаулықты сақтау" жылы деп жарияланды.
19-оқушы.
2003-2005 жылдары Ауыл жылы деп жарияланды.
20-оқушы.
2006 жылы Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы қабылданды.
21-оқушы.
2007 жылы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан". Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы.
22-оқушы.
2008 жылы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты." Президенттің халқына жолдауы.
23-оқушы.
2009 жылы "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы.
24-оқушы.
2010 жылы Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті.
25-оқушы.
2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында 7-қысқы Азия ойындары өтті.
Тарихымыздың ой-шежіресіне тоқтала отырып, біздің елбасымыздың қандай жұмыстар атқарғанын байқадық. Ендігі кезекте "Тәуелсіздік жырлары" жайлы оқушылардың жаттаған өлең жырларына құлақ түрсек.
26 -оқушы.
Желтоқсанды талай ақын жырлаған.
Бұл құбылыс таусылмайтын жыр маған.
Тұғырыма жаңа қонған Ескерткіш,
Сол күндердің, елесіндей мәңгілік.
27-оқушы.
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім.
Айрыларын Ләззат, Ербол, Сабира, Қайраттан!
28-оқушы.
Алаңға 50 мың әскер, 20 мың милиция адамдары, 16 мыңдай жасақшылар шығарылды. Ал шеруге 10 мыңдай қара көздеріміз шығып еді. Оларды аяусыз жазалады. Ақ қарды қызыл қанға бояды. Оларды машина-машинаға тиеп қала сыртына төгіп жатты.
29-оқушы.
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып
Халқымның мәңгі есінде қалғандарым.
30-оқушы.
Аяз қысып төкті қыста Қаһарын,
Сиретпеді жастар бірақ қатарын.
Қайдан білсін милиция қорғаны
Ұрып, соғып суық сумен атарын.
31-оқушы.
Күнәдан таза басым бар
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
"Еркек тоқты - құрбандық"
Атам десең атыңдар!
Артымда қалған ата-анам,
Ел-жұртым, саған аманат.
32-оқушы.
1986 жылы 16 желтоқсанда-үлкен өзгеріс күні.
Алматыда Қазақстан компартиясы орталық комитетінің өте қысқа пленумы болды. 18 минут қана өткен пленум қазақ халқының тағдырын бір сәтте тас-талқан етті. Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал, біздің тарихымыз жырлауға жетерлік. 1986 жылы 16 желтоқсан күні қаншама жастарымыз ереуілге шықты, тәуелсіздікке қол жеткіземіз деп құрбан болған жастарымызды атамасқа болмас.
Олар аяулы азаматтарымыз: Қайрат Рысқұлов, Ләззат, Ербол, Сабиралар.
33-оқушы.
Дауылға желтоқсанның желі айналды.
Ашуға мінді Алатау кәрі, айбарлы.
Күтпеген іс, ақыры не болар-деп
Күллі әлем Алматыға қарай қалды.
Ой-толғаныс.
34-оқушы.
Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айту.
1. Отанды сүю отбасынан басталады.
35-оқушы.
1. Туған жер тұғырың.
2. Отан оттан да ыстық.
36-оқушы.
1. Ескіні еске алмай,
Жаңа жадыңа түспейді.
2. Татулық табылмас - бақыт.
37-оқушы.
1. Ырыс алды - ынтымақ.
2. Бірлігі жоқ ел - тозады,
Бірлігі күшті - ел озады.
Мұғалім:
Қорытынды.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар "Тәуелсіз елдің ұрпағымыз" атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Әрқашанда тәуелсіз Қазақстанның таңы құтты болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу болсын. Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік. Еліміздің Егемендігі жасай берсін!