Т???ыш президент к?ніне арнал?ан т?рбие са?аты. Та?ырыбы: Т?уелсіз елді? к?шбасшысы
Тұңғыш президент күніне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің көшбасшысы».
Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздердің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Тұңғыш президент» мерекесі жайлы айта отырып, бүлдіршіндерге елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру. Отанға, елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа, мақал – мәтел.
Балалардың іс – әрекеті.
Шеңберге тұрып, жаңа күнмен амандасады.
Армысың, қайырымды аспан ата!
Армысың, мейірімді жер ана!
Армысың, шұғылалы алтын күнім!
Армысың, балабақша дос – жараным!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын айту.
Бейнетаспадан қазақ елі, тұңғыш президентіміз туралы 5 минуттық фильм көрсету.
Балалардың фильм жайлы пікірлері тыңдалды.
Қазақстан Республикасының картасын көрсету.
Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан – ғасыр жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері – бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни егеменді мемлекет.
Сөздік жұмысы:
Тәуелсіздік – толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.
Егемен – өз билігі, бас бостандығы, өзінде, тәуелсіз.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті кім?
Тұңғыш президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Елордасы қандай қала?
Алматы бас қала
Қазақстан, егемен, тәуелсіз сөздеріне сөйлем құрастыру.
Астана – жас қала
Тұңғыш президенттің отбасысы туралы әңгімелесу.
Мұражайдан не көргендерін ортаға салады.
Президент мұражайынан көргендерін әңгімелесу.
Елбасының отбасы, өскен ортасы, туған жері туралы өз түсінгендерінше әңгімелейді.
Тұңғыш президентке арналған өлеңдер оқу.
Президент жайлы өлеңдер оқиды.
Елін сүйген еңселім де,еркінім,
Аппақ таңнан дауысыңды естіп елтідім.
Тәуелсіздік – Назарбаев Нұрсұлтан,
Тұңғыш көкке көтерді ол ел туын!
Мақал – мәтелдердің мағынасын ашу.
«Халықтың ортақ үйі – Отаны».
«Өзге елге сұлтан болғанша, өз еліне ұлтан бол».
«Отан» туралы өлеңді орындаумен аяқтау.