?ош бол, ?ліппе! мерекесі


Тақырыбы: Қош бол, Әліппе!
Мақсаты: Оқушылардың Әліппеден алған білім, білік дағдыларын көрсету. Өнерге баулу. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.Оқушы, ұстаз, ата-ана байланысын нығайту.
Көрнекілік: Мерекелік безендіру, слайд, интербелсенді тақта.
Барысы: Мұғалім:
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен қошеметті көрсетіп,
1-сынып бүлдіршіндерін
Шақырайық ортаға! (Слайдтан балалардың алғашқы қоңыраудағы, мектеп өміріндегі суреттері көрсетіледі.)
Олар- ұлы дала елінің ұл- қыздары: Ахметова Айгерім Қайратқызы, Қайролла Ақжол Қайроллаұлы, Садвакасов Фархат Бекболатұлы, Семиғали Даяна Нұрланқызы (қошеметпен қарсы алу.)
Күні кеше ғана мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған оңы мен солын білмейтін балапандар, міне, жарты жылды артқа тастап, ойы да, бойы да сәл өсіп, білім бастауы болған сүйікті Әліппелерімен қоштаспақшы. Әліппе мерекесі құтты болсын.
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық бәріміз
Мерекелі күнге.
Ақжол: - Ассалаумағалейкум, халайық!
Фархат: - Армысыздар, ардақты ата- аналар мен ұстаздар!
Осы біздер қандаймыз?
Даяна: - Біз қызықпыз, қызықпыз
Сәл еркелеу, бұзықпыз...
Біз шеберміз, ақылдымыз
Үлкенге – ізетті
Кішіге – қамқормыз.
Айгерім: - Көп оқимыз, өнерліміз.
Фархат:- Жанып тұрған шырақпыз, толқынды су- бұлақпыз!
Ақжол: - Елімізді өркендететін,
Қазақ тілін көркемдететін
Бабаларға тағзым ететін,
Аналарға бас иетін
Біз- қазақ елінің болашағымыз!
Балалар, Мәңгілік ел болашағы болу үшін не істеу керек?
Терең білім алу керек.
Білім нұрын себетін не?
Ол – мектеп.
Фархат: - Мектеп деген не осы?
Оның бар ма?
Мұрны, аузы, көзі?
Ақжол: - Алтыға толып,
Келдік біз де мектепке.
Мұнда білім аламыз,
Жан- жақты дамып,
Өседі санамыз.
Даяна: - Ағылшын тілін де меңгереміз.
Үйірмелерден көп нәрсе үйренеміз.
(Ағылшын пәнінен үйренгендерін көрсету)
Бәрі: - Жүріңдер, үңіліп мектептің сырына,
Шығайық біз бірге білімнің шыңына.
Фархат: - Өмірге бақыт берген,
Көңілге шабыт берген,
Білімге жол сілтеген
Алтын ұя мектебім!
Ақжол: - Бұл – екінші үйіміз,
Бір туғандай бәріміз.
Біз – осы үйдің гүліміз,
Біз – осы үйдің сәніміз.
«Балапандар» биі, «Дос болайық бәріміз» әні.
Мектеп қабырғасында білім алып жүрген әр оқушы- халқымыздың ертеңгі қамын ойлар ел азаматы. Осы шәкірттердің білімдегі алтын жолының бағдаршамы болған Әліппелерін қарсы алайық!
(Әліппе келеді. Рөльде – ата –ана)
Әліппе: - Балалар, сендердің тақылдап тақпақ айтып жатқандарыңды естіп қуанып келе жатырмын. Талаптарыңа нұр жаусын!
Ақжол:- Әліппе, Әліппе!
Алғашқы әріптен
«Ана» деп қазір біз
Жазуға әзірміз!
Фархат: - Әліппе, Әліппе!
Екінші әріптен
«Әке» деп қазір біз
Жазуға әзірміз!
Айгерім: - Әліппе, Әліппе!
Үшінші әріптен
«Бала» деп қазір біз
Жазуға әзірміз!
Даяна: - Әліппе, Әліппе!
Талай бір әріптен
«Отан» деп қазір біз
Жазуға әзірміз!
(Ана, әке, бала, Отан сөздерін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасау.)
«Шашылған дыбыстар» ойыны
Көрініс: «Ботақан мен бұзау», «Бақа»
Әліппе: - Жарайсыңдар, балақайлар! Әрдайым ашық аспан астында бақытты күндерді қарсы алыңдар. Енді «Білім елінен» әкелген тапсырмаларымды орындасаңдар...
Әр дұрыс жауапқа сиқырлы ағашқа алма өсіп шығатынын байқарсыңдар. (Тапсырмаларды орындағанда жақсы жауап үшін сиқырлы ағаш алмаға оранады.)
Әліппе: - Рахмет, балалар! Әп- сәтте мына ағаш жеміс жайып кетті ғой! Мереке соңында бұлар шынайы алмаға айналуы да ғажап емес. Сендер де осылай жайқалып өсе беріңдер.
Фархат: - Әліппем менің, Әліппем
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле, жарықпен.
Ақжол: - Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл берген – Әліппе,
Білім берген – мұғалім.
Даяна: - Әліппем менің, Әліппем
Өмірді көрем танып мен.
Қайталап айтам мың рет:
Өзіңе көп – көп рахмет!
Әліппе: - Ризамын сендерге! Енді Ана тілін де жақсы оқыңдар.
Балалар: - Қош бол, менің Әліппем!
Шимұрын: - Армысыңдар, жас достар! Мен – Шимұрынмын. Естуімше, Әліппемен қоштасып жатыр екенсіңдер. Енді Ана тілін оқитын боласыңдар. Білім жемісін әрі қарай жалғастыруға ат салысыңдар. Мен сендерге «алтын сандық» әкелдім. Ішіндегі Ана тілінің білім кілтін өздеріңе тапсырайын.
(Оқулық пен білім кілтін тапсыру)
Мұғалім: - Балалар, Әліппені жақсы оқып, сауатты болуларыңа ата-аналарыңның да қосқан үлесі зор. Сондықтан ата-аналарыңа не дейсіңдер?
Ата- анаға мың алғыс!
«Ана тілі» әні.
Ата- ананың тілегі-
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі-
Адал болып өскенің, - дей келе, құттықтау сөзді ата-аналарға береміз.
Ұрпағы, ұландары текті жердің
Қашан да болмысына сүйсінемін.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Осылардан шығады деп білемін! – дегендей, мен де шәкірттерімнің келешегіне сенемін. (Сиқырлы ағаштағы алмаларды таратып, балаларды ғажайыпқа сендіру).
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас,- дейді, енді ақ жаулықты әжелеріміз немерелеріне ақ жол тілеп, ақ батасын берсін.
Бүгінгі кеш әр үйдің
Той басы деп саналар.
Балалардың есімі
Әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан
Ертеңгілік соңында
Ақ ниетпен баршаға
Шашу шашпақ аналар!
Шашу шашу рәсімімен мерекені аяқтау.
Әріптес пікірі