?дебиеттік о?у п?нінен ашы? саба? Наурыз?а тілек 2 сынып


Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Шортанбай орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Наурыздағы тілек
Сыныбы: 2 «А»
Өткізген: Қарасаева Румия Тулешқызы
2014-2015 оқу жылы
Бекітемін:
Мұғалімнің аты-жөні Қарасаева Румия Тулешқызы Шортанбай орта мектеп
ІІІ тоқсан
8-апта 2 күн 06.03.2015 Бастауыш сынып кабинеті
Сабақ атауы Наурыздағы тілек
Сілтеме Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Әдебиеттік оқу ”2 сынып , Алматы, ”Атамұра ” 2013 жыл, Авторы:Б.Қабатай. С.Рахметова.
Жалпы мақсаты Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы туралы түсінік қалыптастыру, наурыздағы тілектің мән мағынасын тану.
Күтілетін нәтиже -Ұлыстың ұлы күні наурыз туралы түсінік қалыптасады;
-Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі
оқытуын қалыптастыру,
-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену,
- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру
-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту
Негізгі идеялар Шыншылдыққа,әділдікке,турашылдыққа ,сөз өнері қадірін ұғынуға тәрбиелеу
Дереккөздер Интернет деректері, ,сайттар,ресурстар,суреттер, наурыз батаға арналған бейнебаян
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
І Ұйымдастыру
4 минут
Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз » тренингін өткіземін Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Жылы лебіздерін білдіру арқылы сабақты жақсы көңіл-күймен бастауға ықпал етіледі.
Бағалау туралы түсіндіріп жіберу.
5 күлтешесі бар гүл салғызу және әр кезеңінде бағалатып отыру
Оқушылар алдарына берілген парақшаға 5 күлтешесі бар гүл салады және сабақтың әр кезеңінде өзін-өзі бағалап отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Нұрқасым Қазыбеков «Наурыз көже» мәтіні.
«Гауһар иерархиясы» әдісі бойынша топтық тапсырма.
І топ: -Наурыз қандай мейрам?
ІІ топ: -Наурыз көже қалай жасалады?
ІІІ топ: -Наурызда қандай ұлттық ойындар ойналады?
Әр топ бірлесе отырып, өздеріне берілген тапсырма бойынша білетіндерін белгіленген уақытта постерге түсіреді , қорғайды.
ІІІ жаңа материалды меңгеру
Зерделі сөзге зер сал
ІІІ. Жаңа сабақ.
«Наурыз бата» жайлы бейнебаянға назар аудару
Ой қозғау
-Ал, балалар ,мына бейнебаяннан не ұқтыңыздар?Наурыз мейрамын тойлауда ұлттық ойындар ойнаудан басқа,наурыз көже пісіруден басқа қандай әрекеттер жүзеге асады екен?Бейнесуреттегі атамыздың айтқаны не деп ойлайсыңдар?
-
-Әрине, наурызда тек наурыз көже пісіріп,ұлттық ойындар ойналып қана қоймай наурыз тілектер де айтылады екен.Бүгінгі сабағымызда «Наурыздағы тілек» деп аталады.
Бейнебаянды қарайды.
Бейнебаяннан не көргендерін айтады.
- Наурыздағы тілек.
ІҮ.Жұптас- ойлан -талқыла Сөзжұмбақ шешу Берілген 10 сұраққа жұптаса отырып жауап береді.
Даналық ойдан дән ізде Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушылардың мәнерлеп оқуы.
Ү.Ой шақыру
-Бата тек наурызда беріле ме?
Тағы қандай бата түрлерін білесіңдер?
Өздері білетін, естіп жүрген баталарға тоқталу.
ҮІ.Шығарма шылық тапсырма: Тілек білдіріп ,құттықтау хат жазу.
І топ: Ата-анаға тілек
ІІ топ: Ұстазыңа тілек
ІІІ топ: Достарыңа тілек
Әр топ берілген тапсырма бойынша өз тілектерін жазады, қорғайды
ҮІ.Қорытын дылау
«Бір айналым сөйлем» әдісі арқылы қорытындылау
Бүгінгі сабақтан түйгендерін бір айналым сөйлеммен айтып шығады.
ҮІІ.Бағалау.
Гүл күлтешесіне белгілеген бағаларын қосып, арифметикалық ортасын шығарғанда әр баланың нақты бағасы шығады.
Гүл күлтешесіндегі сандарды қосып отырады.
Бағалау Қорытынды баға қою Күнделікке бағаларын қойғызу.
Рефлексия Сабақтан алған әсерін көңіл күй смайликтеріне ілу Сабақтан алған әсерін айтады
Кейінгі тапсырмалар «Наурыздағы тілек» өлеңін жатқа мәнерлеп оқу, Наурыз мейрамы тағы несімен ерекшеленеді, дерек жинау