Программа элективного курса по математике на тему «Тригонометриялы? функциялар» 11 класс


Қобда аудандық білім бөлімі
«Тригонометриялық функциялар» курсының элективті бағдарламасы.
11 класс

Жиренқопа ауылы
Бекіткен
Аудандық сараптау комиссиясы;
Төрайымы: ______________ Н.Т.Алдрабекова
Қаралды:
Жиренқопа орта мектебінің сараптау комиссиясы отырысында
Бағдарламаны құрастырған: Ж. А. Дисмурзова
Пікір жазған: Н.Н. Туркестанова
Түсінік хат
Бүгінгі таңда базалық білімнің негізгі компоненті ретіндегі математиканың мәні тәжірибелік іс – әрекетте қолдану үшін қажетті, басқа да оқу пәндерін зерделеу үшін, үздіксіз білім беру жүйесінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті нақты математикалық білімді игерту арқылы оның адамзат өркениетін, ғылыми – техникалық прогресті дамытудағы, қазіргі ғылымдағы және өндірістегі ролімен, сондай – ақ өскелең ұрпақтың рухани ортасын қалыптастырудағы, олардың интеллектуалдық және басқа да спапларын дамытудағы математикалық білімнің маңыздылығымен анықталады және орта мектеп алдында оқушыларға білім берудің спапсын одан әрі арттыру мәселесі тұр. Осыған байланысты ең маңызды мәселе болып табылатын математика курсының кәсіби саралау – тақырыптарымен мағлұматтар көлемі, білім мазмұны жағынан өзгешіліктері бар бағдарламалар мен оқытуды жүзеге асыру міндеті тұр. Сондықтан да оқушларды есептер шығара білуге үйрету, оған сәйкес шеберлікті – білік пен тәжірибені ұштастыру, оны үнемі жетілдіріп отыру – өмір талабы. Бұл қолданбалы курс оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруға, өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс жасауына ынталандыру мақсатында, қабілеттілігі мен икемділігін толық аша түсуге, математикаға танытқан сұранысы мен талаптарын қанағаттандыруға құрылған. Міне, осыған байланысты оқу бағдарламасында оқушыларға тригонометрия негіздерінен білім алу тәсілдерін үйрету сияқты математиканы оқытудың барынша нақты дидактикалық міндеттері жүзеге асырылады.
Пікір
Ұсынылып отырған бағдарлама математика сабағында танымдық белсенділігін арттырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, өз бетінше есеп шығаруға дағдыландыру. Оқушылардың логикалық ойларын математикалық негізде білім деңгейлерін терендету, кеңейту, кәсіби бағдарға бейімдеу және шығармашылықпен жұмыс жасауларына арналған.
Мақсаты:
Тригонометрия негіздерімен таныстыру, теориялық заңдылықтар туралы түсінік беру. Қоршаған ортамен, қазіргі заман ғылым жетістіктері туралы ойлармен хабардар болу. Арнайы оқытылатын пәннің теориялық базасын түсіну. Есептеу мәдениетін және есептеудің тәжірибелік дағдыларын дамыту. Функцияның қасиеттері мен графиктерін оқытып – үйрету, нақты тәуелділіктерді сипаттау және талдау үшін функционалдық графиктік түсініктерді дамыту.
Тікбұрышты үшбұрыштағы метрикалық қатынастармен әдістерін игертуді және кеңістіктік түсініктерді дамытуды қамтамасыз етеді. Оқушылардың логикалық ойларын математикалық негізде білім деңгейлерін терендету, кеңейту, кәсіби бағдарға бейімдеу және шығармашылық іскерлігін шындау.

Міндеті:
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту ойлау дағдыларын және теориялық – тәжірибелік заңдылықтары, эксперементалды дәлелдемелер туралы біліктілікті кеңейту. Ғылыми көзқарас қалыптастыру. Шығармашылық іскерлікпен қызығушылыққа баулу. Өз бетімен жұмыстануға, біліктілігін арттыру белсенділігін ояту. Анықтамалық әдебиеттер мен оқулықтарды және ақпарат құралдарын пайдалану. Оқушылардың байқағыштық, зейін, ойлау сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы құзырлығын арттыру. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
тригонометрияда тәжірибелік есептерді шығаруда логикалық ойлау қабілетін дамыту;
оқушылардың жалпы логикалық ойлау қабілетін арттыру;
теориялық материалды пайдалана білуге дағдылану;
оқушылардың есептер шығаруда шығармашылық ізденіспен ұмтылуы.
Курстың мазмұны
Бірлік шеңбер. Бұрыштың бағыты. Бұрыш пен доғаның өлшемдері. Тікбұрышты үшбұрыштың элементтері арасындағы тригонометриялық қатыстар. Негізгі тригонометриялық тепе – теңдіктер. Кейбір бұрыштардың тригонометриялық функцияларының мәндері. Тригонометриялық функцияның ширектегі таңбалары.
Тригонометриялық функциялардың қасиеттері. 13 – сағат
Келтіру формулалары. Тригонометриялық функциялар үшін қосу және қос бұрыштың формуласы. Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырмасының формуласы. Көбейтіндіні қосындыға түрлендіру формуласы. Тригонометриялық функциялар және графиктері.
Тригонометриялық теңдеулер және теңсіздіктер. 15 – сағат
Кері тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері. Қарапайым теңдеулерді шешу. Тригонометриялық теңсіздіктер. Тригонометриялық теңдеулерді алгебралық тәсілдермен шешу. Тригонометриялық теңдеулер жүйесі. Тригонометриялық теңсіздіктер жүйесі.
Тригонометриялық функцияларды дифференциалдау және интегралдау. 10 – сағат.
Тригонометриялық функциялардың және күрделі функциялардың туындылары. Тригонометриялық функцияларды туындының көмегімен зерттеу. Берілген кесесінділерде ең үлкен, ең кіші мәндерін табу. Тригонометриялық функциялардың алғашқы функциясын табу. Интегралды есептеу.
№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Кіріспе 1 Бірлік шеңбер және тригонометрия.
6 – сағат
2-3 Бірлік шеңбер. Бұрыштың бағыты. Бұрыш пен доғаның өлшемдері. 2 4-5 Тікбұрышты үшбұрыштың элементтері арасындағы тригонометриялық қатыстар. Негізгі тригонометриялық тепе – теңдіктер. 2 6 Кейбір бұрыштардың тригонометриялық функцияларының мәндері. Тригонометриялық функцияның ширектегі таңбалары. 1 7 Бақылау жұмысы №1 1 Тригонометриялық функциялардың қасиеттері.
9 – сағат
8 Келтіру формулалары. 1 9-10 Тригонометриялық функциялар үшін қосу және қос бұрыштың формуласы. 2 11-12 Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырмасының формуласы. 2 13 Көбейтіндіні қосындыға түрлендіру формуласы. 1 14 Тригонометриялық функциялар және графиктері. 1 15 Бақылау жұмысы №2 1 16 Сынама тест 1 № Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
Тригонометриялық теңдеулер және теңсіздіктер.
9 – сағат
17 Кері тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері. 1 18 Қарапайым теңдеулерді шешу. 1 19-20 Тригонометриялық теңсіздіктер. 2 21-22 Тригонометриялық теңдеулерді алгебралық тәсілдермен шешу. Тригонометриялық теңдеулер жүйесі. 2 23 Тригонометриялық теңсіздіктер жүйесі. 1 24 Бақылау жұмысы №3 1 25 Сынама тест 1 Тригонометриялық функцияларды дифференциалдау
және интегралдау. 9 – сағат.
26-27 Тригонометриялық функциялардың және күрделі функциялардың туындылары. 2 28-29 Берілген кесесінділерде ең үлкен, ең кіші мәндерін табу. 2 30-31 Тригонометриялық функциялардың алғашқы функциясын табу. 2 32 Интегралды есептеу. 1 33 Бақылау жұмысы №4 1 34 Сынама тест 1 Қолданылған әдебиеттер:
В.В.Зайцев, В.В.Рыжков. «Элементарная математика»
А.Т.Ципкин, А.И.Пинский. справочное пособие по методам решение задач по математике.
А.И.Бегеева «Элементарлы математика»
Репетитор журналдары.
И.Т.Бородуля. Тригонометрические уравнения и неравенства.
Алгебра және анализ бастамалары. 9 – 10 – 11 сынып.
Математика және физика журналы.
М.Л.Галицкий, М.М.Мошкович, С.И.Шварцбурд. «Углубленное изучение курса алгебры и математического анализа».
М.Л.Галицкий, А.М.Гольдман, Л.И.Звавич. «Сборник задач по алгебре» 8 – 9 класс.
Н.Я.Виленкин, О.С.Ивашев – Мусатов, С.И.Шварцбурд «Алгебра и математический анализ» 10 класс
И.П.Рустюмова, С.Т.Рустюмова. «Пособие для подготовки к единому национальному тестированию по математики»
О.В.Мантуров, Ю.К.Солцев, Ю.И.Соркин, Н.Г.Федин. «Математика о понятиях, определениях и терминах».
И.В.Шарыгин. «Факультативный курс по математике» 10 класс.
Р.Б.Баймахан, Б.Ж.Жақашбаев. «Алгебра. Қарапайым математика есептерін шығару».