Абай ??нанбай?лы «Ескендір» поэмасы


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қысқа мерзімді жоспары
Модуль «Сын тұрғысынан ойлау»
Пән Қазақ әдебиеті
Сынып 10-сынып
Қазақ әдебиеті
Күні
Сабақ
Сабақтың тақырыбы Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
Сілтеме
Оқулық авторы: Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Сәметова
Мұғалімге арналған нұсқаулық (II
Жалпы мақсаттар Абай Құнанбайұлының шығармашылығы туралы мағлұмат беру; «Ескендір» поэмасының мәнін ұғынуға жетелеу; Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту. Топта ынтымақтастықта болуға баулу.
Оқыту нәтижесі Өзінше ой қорытуға дағдыланады. Абайдың поэмалары туралы білім алады. Шығармашылық ізденістері дамиды.
Негізгі идеялар Абайдың «Ескендір» поэмасы туралы түсінік. Поэманың негізгі ой-түйіні
Қолдынылған әдістері мен тәсілдері Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары (кластер қорғату) Блум таксономиясы
АКТ пайдалану. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Міндеттері Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді саралай білу, бағалай білуі;
Сөйлеу мәдениетінің дамуы;
Топта ынтымақтастықта жұмыс жасай білу дағдысының қалыптасуы;
Оқушылар арасынан көшбасшылық қабілеттің даралануы.
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
Сабақ барысы Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Деңгейі Мұғ.сұрағы Оқушының іс-әрекеті
1. Білу Абайдың неше поэмасы бар?
Абайдың поэмалары қандай тақырыптарға жазылған?
(Оқулықты пайдалану) «Абай поэмалары» тақырыбында кластер қорғау
(ақпаратты сол күйінде беру)
2. Түсіну «Ескендір поэмасы» қандай тақырыпқа жазылған? Ақынның бұл поэманы жазудағы мақсаты қандай деп ойлайсың? Топтарда талқылап, сұрақтарға жауап береді
«ББкБ»- әдісі Бұл тәсілдің алғашқы екі тапсырмасы сабақтың басында орындалады
Білемін Білгім келеді Білдім
(Ақпараттың мазмұнын тани білу, түсіну)
3. Қолдану Сызбалық талдау жасау Ескендірдің іс-әрекеті: Әскер жиып қарулану, Қырып-жою; Жауға аттану; Қаласын тартып алу.
Топтастыру – «Ескендір», «Аристотель» (интерактивті тақтада орындау)
(Жаңа ақпаратты өзгертіп қолдана білу)
4. Талдау Ой- тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!Іші тар, көре алмастың біреуі сен,Ондай кісі бұл жерге келмейді тең. Мысалы:
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. (А. Құнанбаев) Т.б.
(ақпаратты бір бөлікке бөлу арқылы терең түсіну)
5. Жинақтау Поэманың философиялық түйіні неде? Ой-толғау
(Әр түрлі бөліктерінің нәтижесінен жаңа ұғым алу)
6. Бағалау «Абай шығармаларынан алған тағлымым қандай?» Эссе жазу немесе ББкБ әдісінің 3-бөлімін толтыру
(Жаңа ақпаратқа өз көзқарасы тұрғысынан баға беру.)
Рефлексия «Бүгінгі сабақтан не үйрендім?»
Қорытындылау Топтағы оқушылардың өзін-өзі бағалауы. Топты бағалау кестесін толтыру. Көңіл-күйлерін смайликпен белгілеу
Үйге тапсырма Абай шығармашылығын қайталау