Тарма?тал?ан алгоритм 6 сынып саба? жоспары
Сыныбы: 6 а,ә,вБекітемін_________________
Күні:_________Мүғалімі:_________________
Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритмдерСабақтың мақсаты:
Білімділік:
Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру, тармақталғаналгоритмдерді бағдарламалауды үйрету. Сабақтан алған теориялықбілімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларынқалыптастыру.
Дамытушылық:
Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін,
өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықтыдамыту.
тәрбиелеу.
Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерліксауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауғаСабақтың типі: Жаңа тақырыпты түсіндіруСабақтың түрі: топтық, жекелейСабақтың көрнекіліктері: Компьютер, презентация
Пәнаралық байланыс: математика, геометрия, ағылшын тілі.
Сабақтың жоспары:
ҰйымдастыруҮй тапсырмасын қайталауЖаңа сабақты түсіндіру
Практикалық жұмыс
5. Сабақты пысықтау
Үй тапсырмасыОқушыларды бағалау1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
Теориялық бөлімЖаңа сабақты бастамас бұрын мына ребусты шешейік:
Тармақталған алгоритмдерСонымен бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Тармақталған алгоритмдер»
Тармақталған алгоритмдердің программасын құру үшін шартты операторларды пайдаланамыз. Осы уақытқа дейін біз сызықтық алгоритмдерге бағдарлама құрып келдік. Яғни, берілген есепте ешқандай шарттар болмаған. Ал, бүгінгі сабағымызда берілген есепте бір немесе бірнеше шарт кездесетін жағдайды қарастырып, оған программа құрамыз. Ал бұл алгоритм түрі тармақталған алгоритм.
Қадамдардың тізбектеп орындалуы кейбір шарттарға байланысты болатын алгоритмдерді тармақталған алгоритмдер деп атайды.
Тармақталған алгоритмдер – алгоритмде арифметикалық теңсіздік пен теңдік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда 1 – жолмен, ал егер орындалмаса, онда 2-ші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Блок схемасында шарт тексеру блогы – ромб қолданылады.
Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын немесе орындалмауын қамтамасыз етеді. Тармақталған алгоритмдерді бағдарланған кезде мынадай қызметші сөздер қолданылады: if — егер , then – онда , else — әйтпесе.
Толымды түрі:
Алгоритмдік тілЕгер <шарт>
онда <1-серия>
әйтпесе <2-серия>
БолдыQBasicтіліIF <шартты өрнек> THEN <1 — серия> ELSE<2 — серия>;
Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі оператор орындалады.
Толымсыз түрі:
Алгоритмдік тілЕгер <шарт>
онда <1-серия>
БолдыQBasicтіліIF <шартты өрнек> THEN <серия> ;Шарт өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:
Математика QBasicСипаттамасы= = Тең< < Кіші≤ <= Кіші немесе тең> > Үлкен≥ >= Үлкен немесе тең≠ <> Тең емесМысал: a және b сандары берілсін. Екі санның үлкенін табу программасы мен блок-схемасын құрайық.
REM ECY
INPUT a,bIF a>b THEN max=a ELSE max=b
PRINT “max=” ; max
END
max=a
max=b
Жаңа сабақты түсіну үшін «Ақпараттық диктант» орындаймыз.
№ СұрақЖауап1 Тармақталған алгоритм дегеніміз не? Қадамдардың тізбектеп орындалуы шартқа байланысты болатын алгоритм
2 Тармақталу операторының толымды түріЕгер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі операторорындалады.
3 Тармақталу операторының толымсыз түріЕгер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, тармақталу командасынан кейінгі операторларорындалады4 ЕгерIf5 ОндаThen6 ӘйтпесеElse4. Практикалық бөлім«Тау шыңына шығу» ойыны.
Тау шыңына шығу үшін оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындайды.
1 деңгей.
1. өрнегін QBasic тілінде жаз.
2. өрнегін QBasic тілінде жаз.
2 деңгей.
Функция мәнін есептейтін программа құрастырыңыз.
3 деңгей.
Екі сан А,В берілген. Егер А<В теңсіздігі орындалса, онда олардың қосындысының мәнін, ал басқаша болса, көбейтіндісін басып шығарыңдар.
5. Сабақты пысықтауСабағымызды пысықтау үшін өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындаймыз. Әр сұраққа үш жауап берілген, олардың тек біреуі ғана дұрыс. Дұрыс жауапты табуымыз керек.
6. Үй тапсырмасы. Тармақталған алгоритмдер тақырыбын оқу.
7. Оқушыларды бағалау