«?нерлі-?рге ж?зер» вариативтік саба?ыны? о?у ба?дарламасыны? та?ырыпты? мазм?ны
КІРІСПЕ
«Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек». Он екі жылдық білім беруге көшуде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие деңгейі ерекше маңызға ие болып отыр, өйткені республиканың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түпкілікті өзгерістер, біздің мемлекетіміздің әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуы, бәсекеге қабілетті қоғамда өмір сүріп еңбек ете алатын өскелең ұрпақтың білім алуының дайындық сапасына жоғары талаптар қояды. Сондықтан, біздің міндетіміз балалардың толыққанды білім алуын қамтамасыз ету. Осыған байланысты, ол балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметінің әр-түрлілігімен сипатталады.. Балабақшада педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың үлкен маңызы бар, атап айтқанда, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа білім беру және вариативтік бағдарламаларды енгізу, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа технологияларды қолдану, мектепке дейінгі білім беруді дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттары мен мақсаттары- мектепалды толық дайындық; - салауатты өмір салтын қалыптастыру; - ата-аналармен тұрақты жұмыс; - ортадағы психологиялық қалыптасуы; - әлеуметтік педагогика саласы бағыттарымен жұмысты қалыптастыру негізінде ұйымдастырылады.
Оңтайлы бағыт
* Балабақшада балалардың өнерін айқындап дарындылығын қалыптастыру, шығармашыл ортасын құру.
* Балалардың сөз байланысын қалыптастыруына әсерін тигізетін жағдай туғызу,әдепті сөйлей білу.
Осы бағыттар негізінде балабақшада оқу-тәрбие берудің вариативтік бағдарламаларын келесі тақырыпта таңдалынып алынды.
«Өнерлі-өрге жүзер»-қолөнерін қалыптастыра дамыту мақсатында
«Тілашар»-балалар әдебиетімен таныса отырып көркемдік тілді қалыптастыру мақсатында
Тәрбие және білім беру сапасы
*Балалар шығармашылығын үздіксіз қалыптастыру
*Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілді еркін игеру міндетті білім стандарты;
* Білім беру және тәрбиелеудің бағдарламасы оқу жоспарының вариативтік бөлім мазмұнын іске асыру
Болашақ тәрбиеленушілердің ата-аналарына тиімділігі
*Баланың өз мүмкіндігіне, қабілеттілігіне сай дамысын арттыруы
* Баланың өздігінен, көпшіл, белсенді, қызығушы, ойлай білетін, өзінің шығармашылық қабілетіне тәрбиешілердің дұрыс бағытпен жетілуне көмектеседі
* Баланы қазақ тілінле дұрыс сөйлеуге үйретеді;
Ата-аналармен тұрақты тікелей бірлікте жұмыс жасауды артыру, қалыптастыру
ТҮСІНІК ХАТ
«Өнерлі-өрге жүзер» вариативтік сабағының оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұны балалардың сурет салу, еңбек пәндері негізінде құрылымдана отырып, балалардың қолөнерінің жетілуімен қатар эстетикалық тәрбие бере алады, ұқыптылыққа тәрбиелейді.
Жұмыс бағыттары:
*Жұмыстар сурет салу, жабыстыру, мүсіндеу.
* Шағын көрмелер ұйымдастыру
Оқыту әдістемесі:
*Түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланып теориялық білім беру
*Теориялық білімді практикада қолдана білу
Күтілетін нәтиже:
*Ұқыпты, еңбекқор бала тәрбиелеу
*Өнерлі балаларды дарындылыққа жетелеу
Сабақ барысында ермексаз, түсті қағаздармен қоса дайын сурет қималарыда пайдаланылады. Балалар ертегілерімен мультфилм кейіпкерлерін бейнелеу, үйлестіре білу, түстік айырмашылықтарын анықтау, көркемдік безендіру жұмыстары ұйымдастырылады
«Тілашар» вариативтік сабағының оқу бағдарламасының тақырыптық мазмұны негізінен балалар әдебиеті, тілдамыту пәндерінің элементтерін қамтиды. Еркін сөйлей білу, ойын ортада толық жеткізу, жаттаған өлеңдерін мәнерлеп орындау.
Жұмыс бағыттары:
* Балалар әдебиеті шығармаларын(өлең, тақпақ,) жаттау, түсінігін айту
* Ұлттық тәрбиедегі мақал-мәтелдерді, ертегілерді мәнерлеп жеткізу
Оқыту әдістемесі:
*Балаларға арналған әдеби шығармаларды оқыту
*Жаттқа айту қабілеттерін арттыру
Күтілетін нәтиже:
*Зерек тілді бала тәрбиелеу
*Ақыл ой өрісін дамыту
Бағдарламаға негізінен ұлттық тәрбие бағыттарын ұстана отырып балалар көркем әдебиетінде Ыбырай Алтынсаринның (“Отпен ойнама”, “Менің ойыншығым”), Мұқағали Мақатаевтың (“Менің құрдастарым”, “Бақыт”), Бердібек Соқпақбаевтың(«Менің атым Қожа») және Қадір Мырза Әли( “Кішкене Қожанасырлар”, “Сабақ ”)-дің шығармаларынан үзінділер алып сабақта қолданылады.
«Өнерлі-өрге жүзер»
вариативтік сабағының оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары
Барлығы 36 сағат, аптасына 1 сағаттан
Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі
теория практика 1 Сурет салу, үйлестіру ережелері 2 2 Дайын шаблондарды пайдаланып сурет салу 10 3 Сурет қималарын жабыстыру әдіс тәсілдері 2 4 Ертегі кейіпкерлерін жабыстыру жұмысы 10 5 Мүсіндеу ережелері 2 6 Ермексазбен жұмыс 10 7 Сабақ қортындысы Шағын көрме ұйымдастыру жұмысы
«Тілашар»
вариативтік сабағының оқу бағдарламасының тақырыптық жоспары
Барлығы 36 сағат, аптасына 1 сағаттан
Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі
теория практика 1 Қысқаша өлеңдерді жаттау 4 2 Жатқа айту 6 3 Мақал-мәтелдер жаттау 4 4 Жатқа айту 6 5 Ертегілер мен әңгімелерді оқу түсінік айту 5 5 6 Көркемдік тілде қатынасу 3 3 7 Сабақ қортындысы Шағын шығармашылық қойылым ұйымдастыру
«ҮЛКЕНБӨКЕН МЕКТЕП-БАЛАБАҚША КЕШЕНІ» КММ
2013-2014 оқу жылы .
Вариативтік сабақтың күнтізбелік жоспарының жалпы мазмұны оқыту бірлестігінің отырысында талқыланып, методикалық кеңеске ұсынылып бекітілді.
Сабақтар 1.«Өнерлі-өрге жүзер»-шығармашылық бағыты бойынша
2.«Тілашар»-қатынас бағыты бойынша
Вариативтік сабақтың күнтізбелік жоспарын құрастырған
балабақша тәрбиеші: Сергазина Н М
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Айгөлек» балалар жұрналдары
2. «Балаби» балалар жұрналдары
3. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабы авторы: Базарбек Төтенаев
Алматы «Қайнар» баспасы 1994 ж.
4. «Шынашақ» кітабы. Құрастырушылар – М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев.
Алматы «Балауса» 1992 ж.
5. «Бала мен балабақша » жұрналдары
6. «Отбасы және балабақша» жұрналдары
7. Интернет желісіндегі балабақшалар сайттары