?НЕРЛІ — ?РГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ


« Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі » КМҚК
Өнерлі өрге жетелейді
Өндірістік оқыту шебері: Ахметова Камила
Мақсаты: ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергенін қыз балаларға ұғындыру. Өқушылардың пәнге деген қызығушылығын артыру. Халқымыздың асыл мұрасын бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекілігі: слайд,үлестірмелі қағаздар, ұлтық нақыштағы киім үлгілері, қайшы, желім, түрлі-түсті қағаздар.
Сабақтың әдісі: қызығушылықты ояту, сұрақ – жауап, ой туғызу, талдау.
1.Ұйымдастыру.
Сынып екі топқа бөлінеді, әр топтың өз топбасшысы және атауы болады. (Топтастыру.)
«Шебер», «Іскер» топтары.
Оқушыларға сабақтың сайыс түрінде өтетінін хабарлап, сайыс кезеңдерімен таныстырып, сайыс сұрақтарының сәлт-дәстүрден және өткен тақырыптардан болатынын айтып өтіледі.
1-кезең. Әр топ басшысына бес сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап бес ұпай болып топ қожынына түседі.
1-топ
1.Мал терісінен жасалатын ыдыстар (саба, мес, торсық)
2.Зергерлік бұйымдарды атаңыздар(алқа,шолпы, сақина, білезік,сырға)
3.Ағаштан жасалған бұйымдарды ата(күбі,құмыра, тостақан, зерен, тегене, ожау,кебеже, асадал, кепсер)
4.Қалдық маталардан құрастырылып жасалатын бұйымдарды ата(құрақ)
5.Ұлттық сүт өнімдерін атаңыз(қымыз,шұбат,сүт,айран, құрт, сүзбе)
2-топ
1.Ұлттық киімдер түрлері(көйлек, бешпент, камзол, шапан,сәукеле, тақия)
2.Ұлттық ұн тағамдарын ата(шелпек, бауырсақ, кеспе нан)
3.Былғары бұйымдарының түрлерін ата(торсық, мес,саба)
4.Белдемелі бұйымдар деп қандай киімдерді айтамыз(шалбар,белдемше,шорты)
5.Қазақтар киім тігіу үшін өздері өндірген қандай материалды жиі пайдаланған(жүн,тері)
2-кезең. Әр топ берілген ұлттық затты постер арқылы қорғап шығу.
1-топ. Бесік
2-топ. Тымақ
3-кезең. Әр топқа қиық түрлі түсті қалдық қағаздар беріледі, сол қағаздардан құрақ шығару тапсырылады.
1-топ. Сегіз жапырақ
2-топ. Аққу құрағы
4-кезең. «Кім жылдам» екі топтан екі оқушы ортаға шығады. Тігін машинасының бөлшектері ажыратылып столға қойылады, беті матамен жабылулы, оқушыларға бір көрсетіледі, оқушылар көргендерін қағазға жазады. Оқушы нешеуін жазса сонша ұпай қожындарына түседі.
5-кезең. Берілген әріптерден сөз құрастыру.
1-топ.Ұлттық киімдер
К С Ә Т Ы М Ә
И М У К Е А С
Т Е Ш Е Л Қ І
Ж Л Д А Й Т Ұ
С А А Ғ П Ы Л
Жауабы: Кимешек, сәукеле, тымақ, мәсі, жадағай, тұлып2-топ.Ұлттық әшекей бұйымдар
Ш О Л Ұ Р Е З
О Н А С Ы Л І
Л И Қ А Р І К
П Ы Л А Ғ Б Е
Қ Ө Ң І Р Ж И
Жауабы: Сырға, сақина, шолпы, алқа, білезік, өңіржиек
6-кезең.Үй тапсырмасы. Әр топ өздері үйден дайындап келген бұйымдарын қорғап тапсырады.
Осымен бүгінгі « Өнерлі өрге жетелейді» атты сайыс сабағымыз өз мәресіне жетті, ал қай топтың жеңімпаз болғанын анықтап марапаттау рәсіміне береміз.