К?ктем с?ні. Затты? сынын білдіретін с?здер (1-сынып)
Маңғыстау облысы.Мұнайлы ауданы №10 мектеп.
Бастауыш сынып мұғалімі:Таласова Алмагул Танжарбаевна
Тақырыбы: Көктем сәні. Заттың сынын білдіретін сөздер
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
Мақсаты: 1. Ертегіні мәнерлеп оқып, түсініп мазмұндап білу.Заттың сынын білдіретін сөздермен таныстыру.2. Сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Диалогтік оқыту арқылы сөздік қорын кеңейту,топпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру және шығармашылық қабілеттерін арттыру.3.Балаларды табиғатты аялай және қорғай білуге тәрбиелеу;Күтілетін нәтиже:• Ертегіні мәнерлеп оқиды, түсініп, мазмұндап біледі. Заттың сынын білдіретін сөздер туралы мағлұмат алады.• Сыни тұрғыдан ойлауы дамиды, сөздік қоры кеңейеді, есте сақтау қабілеттері артады,топпен жұмыс жасай біледі және шығармашылық қабілеттері артады.•Табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады. Қолданылатын модульдер: СТО, АКТ-ны пайдалану, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу.Негізгі дерек көздері және қолданылатынқұрал – жабдықтар: Интербелсенді тақта, гүлдердің суреттері, оқулық, дәптер, қалам, түрлі-түсті қарындаш, маркерлер, А - 4 қағаздары, бағдаршам көздері түстес дөңгелектер, стикерлер, білім ағашы, постер,.Сабақтың барысы:Кіріспе(3 мин). Сыныпты сабаққа ұйымдастыру(ынтымақтастық атмосфера орнату)Шаттық шеңберін құрады: «Өз есімдеріне сын есім (қандай? сұрағына жауап беретін сөз) қосып айту». Мысалы: Бірінші оқушы Айдана ақылды,екінші оқушы Бекзат білімді т.с.с2. Оқушыларды топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын толтыруды ескерту.Гүлдердің аттары бойынша балалар үш топқа бөлінеді: «Бәйшешек», «Қызғалдақ», «Жауқазын»Білу (7 мин)Үй тапсырмасын тексеру1. Өткен материалды қайталау.Мұғалімнің әрекетіСұрақтар қойылады.Оқушылардың шығарып келген өлеңдерін тыңдайды.Сұрақтар қояды:- Гүлдерқайда өседі?- Қырда қандай гүл өседі?- Өзің үйде гүл өсіресің бе?- Кім гүлді жақсы көреді?, неліктен?- Гүлді кімге сыйлауға болады?- Неліктен сен гүлдіанаңа сыйлағың келеді?Оқушылардың әрекеті:Балалар шығарып келген өлеңдерін оқиды.Сұрақтарға жауап беруге тырысады, Өз ойларын айтады.Түсіну(10 минут)Ой қозғау1. Тақтадағы суреттер бойынша жұмыс жүргізу.Балалар суреттегі заттардың қасиеттерін айтады: Гүл - әдемі, хош иісті, қызыл. Алма - қызыл, тәтті, дөңгелек. Мақта-жұмысақ, ақ.Доп - дөңгелек, жұмсақ, жасыл.Мұғалімнің әрекеті:Жаңа тақырыппен таныстыру:- Бұл сөздер заттың несін білдіреді?- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойып тұрмыз? (қандай?)Осылайша заттың сынын білдіретін сөздермен танысады.- Мына бала не істеп тұр?- Қай қолын көтеріп тұр? (- Қолын көтеріп тұр. Оң қолын көтеріп тұр - деп жауап береді балалар)Осылайша «қай?»- деген сұрақпен таныстырадыМұғалімнің әрекеті:Сұрақ қою:- Қазір қандай жыл мезгілі?Дәптердегі сызбаны толтыруды ұсынады.Мысал келтіреді: қай үй? - шеткі үй.2. «Көктем сәні» ертегісімен таныстыруМұғалімнің әрекеті:Б. Өмірбаев жайында қысқаша мәлімет беріп өтеді.Жұппен жұмысты қадағалайды.- Арыстан аңдарға қандай сұрақ қойды?- Ендеше көктем сәні неде екен?- Сендер өздерің көктем сәні неде деп ойлайсындар? 3. Оқулықпен жұмыс. Жек және жұппен орындайдыБалалар өздері оқиды.Бір - біріне мазмұнын айтып береді (жұппен).Сұрақтарға жауап бередіБалалар «Көктем қандай мезгіл?» дәптердегі сызбаны толтырадыСергіту сәті(2 мин)Музыка ырғағымен билеп, сергіп аладыҚолдану(10 мин)1. Дәптермен жұмысЕртегі ішінен қарамен жазылған сөздерді зат есіммен бірге теріп жазу.Мұғалімнің әрекеті:Заттың сынын білдіретін сөздерді қаншалықты түсінгендерін байқайды.Балалардың дұрыс жазу ережесін сақтауды қадағалайды.Талдау(3мин) «Қонаққа бару» әдісі бойынша оқушылар тақырыпты тобында оқып, түсініп,әр топтан бір оқушыдан шығып басқа топқа барып түсінгенін айтады.Мұғалім тиісті ережелермен таныстырады. Оқушыларға бағыт - бағдар беріп отырады.Оқушының әрекеті:Қонаққа келген оқушының түсінігін тыңдап, өз түсінігімен толықтырады. Осылайша тапсырманы толық түсініп алады. Жинақтау(4 мин)Тест(сөз таптарына байланысты)Оқушылар өзін - өзі «бағдаршам»әдісі бойынша(жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) бағалайды.Бағалау(2 мин)Бүгінгі сабақ сендерге түсінікті болды ма?Оқушылар қаншалықты түсінгендерін, тиісті смайликтермен көрсетеді.Әр топтың басшылары топтағы оқушыларын бағалайды.Мұғалім әр оқушыны жеке бағалайды.Рефлексия(2 мин)Мұғалім сұрақтар қояды: Топпен жұмыс жасаған ұнады ма?Топ ішінде бір - біріңе көмектестіңдер ме?Білім ағашын гүлдендіруҮй жұмысы(2 мин)Ертегінің мазмұндау. Ережені білу.Мұғалім әрекеті:Тапсырманы түсіндіреді. Дарынды оқушыларға шығармашылық жұмыстар тапсырылады: Көктем туралы шығарма жазу, өлең шығару.