Конспект по казахскому языку Ахмет Байт?рсын?лыны? Балаларды о?у?а ша?ыру ?ле?і (5 класс)
Пәні: қазақ әдебиеті Сынып:5 Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов. «Балаларды оқуға шақыру» Сабақтың мақсаты: 1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен оқушыларды таныстыру, «Балаларды оқуға шақыру» мазмұны туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың сұрақ қоя білулерін, оқығанды жеткізе білуге, тілдік қорларын дамытуға бейімдеу. 3. Оқушыларды А.Байтұрсыновтың шығармаларын оқыта еңбексүйгіштікке, білімге құштарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Әдісі: әңгімелеу, аудару,баяндау,түсіндіру, сұрақ-жауап Түрі: аралас Типі: жаңа білім беру Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, халықтық педагогикамен байланыстыру. Көрнекілігі: А.Байтұрсыновтың портреті, шығармалары. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Түгендеу. Сабаққа назарларын аударту. Мақсатын айту. ІІ. Үй жұмысын сұрау: Қазақ әдебиеті туралы айтып беру. ІІІ. Сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов. «Балаларды оқуға шақыру» Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқының атақты ақыны, дарынды журналисі, қазақ тіл білімінің атасы- А.Байтұрсынов 1873 ж. Торғай облысында туған. Сауатын ауыл молдасынан ашқан Ахмет Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Ағартушылық жол А.Байтұрсынұлын әдебиетке алып келеді. Ол өлең жазып, аудармамен айналысады. И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де қазақ өміріне лайықталған мысалдар жазады. 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал»деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. А.Байтұрсынұлы қазақ әндерін зерттеуші А.Затаевичке бірнеше әндер жаздырған композитор, домбыра, скрипка тартқан, пианинода ойнаған, күреске де түсіп палуан атанған ұлттық мәдениетіміздің мақтанышы. Сөздікпен танысу. Тіл білімі-языкознание,
тіл білімінің атасы-радоначальник языкознания,
беделді-авторитетный,
ағартушылық жол-просветительный путь,
мысалшы-баснописец,
іргесін қалаушы- основатель,
айып-обвинение,
мақтанышы-гордость,
жер аударылады-был сослан.
Дәптермен жұмыс.Сергіту сәті. Сөз сыры. Қарап жатпау, тек тұрған жоқ, жүк сүйреу, ашық күн, ың-жың орман... ІV.Бекіту. Ауызекі сөйлеу. Білімнің, оқудың пайдасы туралы парталастарыңмен сұхбат құрыңдар. Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін не істеу керек?
Ү.Бағалау.
ҮІ.Үй тапсырмасы.
Оқуға шақыру
Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап! Жуынып, киініңдер шапшаңырақ! Шақырды тауық мана әлдеқ HYPERLINK "http://kz-en.ru/publ/kazakhskij_jazyk/stikhi_na_kazakhskom/akhmet_bajt_rsynov_o_u_a_sha_yru/22-1-0-464" \t "_blank" ашан, Қарап тұр терезеден күн жылтырап. Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да, Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да: Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп, Барады аралар да ұшып балға. Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман, Оянып жан-мақұлық түнде қонған, Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы; Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған; Өзенде балықшылар ау қарап жүр, Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған. «Аллалап», ал кітапты қолдарыңа! Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.