5сынып. саба? жоспары. ?аза? тілінен тест ж?мысы
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған
І тоқсан бойынша тест сұрақтары
І нұсқаАсыл сөз мәңгі жасайды. Ауыспалы мағынадағы сөзді белгіле.
А) Сөз В) Асыл С) Мәңгі
Антонимі бар сөйлемді көрсет.
А) Орынсыз көп сөйлеме В) Аз сөйле, көп тыңда.
С) Аз уақытқа далаға шықты.
Омонимдер қатарын тап.
А) Ой, ат, ақ В) ки, қи, жи С) Ұн, ұқ, оқ
Лексикалық мағынасы толық сөзді көрсет.
А) Тіл, аспан В) Үшін, сияқты С) Және, әрі
Тура мағыналы тіркесті тап.
А) Қалың жауын В) Қалың ой В) Қалың көрпе
Туған тіл – ақыл-ой дамуының негізі. Сөйлемде қанша сөз омоним бола алады, белгіле.
А) 2 В) 3 С)1
Синонимдер қатарын көрсет.
А) Кездесті, жолықты В) Жүгірді, жүрді С) Сөйледі, тыңдады
Ауыспалы мағыналы тіркесті көрсет.
А) Өткір қайшы В) Өткір пышақ С) Өткір сөз
Антонимі бар сөйлемді тап.
А) Білімі бар, білігі жоқ В) Есесі қайтпас еңбек жоқ
С) Сөздің көркі –мақал
Көп мағыналы сөздерді белгіле
А) Адам, гүл В) Қала, жер С) Жылы,суық
Лексикалық мағынасы жоқ қатарды көрсет.
А) Ағаш, тақта В) Сандық, көпір С) Ғана, дейін
Дұрыс тіркесті көрсет.
А) Жуан топырақ В) Аласа үй С) Қиын тау
Синонимі бар сөйлемді тап.
А) Торғай ұшады, қонады. В) Ауыл да, қала да маған ұнайды.
С) Қазақтың салтын, дәстүрін үйрен.
Омоним бола алмайтын сөздер қатарын көрсет.
А) Тай, жол, кісі В) Қала, жаз, мін С) Мал , қой, өт
Нұрай сабақтан соң үйірмеге келген еді. Сөйлемде лексикалық мағынасы бар сөз қанша, белгіле.
А)3 В) 5 С) 4
Қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған
І тоқсан бойынша тест сұрақтары
ІІ нұсқа
Омоним бола алмайтын сөздер қатарын көрсет.
А) Шық, қаз, жаз В) Бес, көше, ақын С) Тақ, сан, мақта
Асқарға анамның да мейірімі ерекше еді. Сөйлемде лексикалық мағынасы толық сөз қанша, белгіле.
А) 5 В)4 С)3
Синонимі бар сөйлемді тап.
А) Үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу – парызың.
В) Көктемде ағаштар бүршік жара бастайды.
С) Үйге ұзын бойлы, кең иықты Шыңғыс кірді.
Дұрыс тіркескен сөз тіркесін тап.
А) Кең гүл В) Кең тармақ С) Кең көше
Лексикалық мағынасы жоқ сөздер қатарын тап.
А) Себебі, яғни В) Ашық, жеңіл С) Ауа, аспан
Көп мағыналы сөзді белгіле
А) Кірпіш, хат В) Ауыр, жеңіл С) Кітап, ағаш
Антонимі бар сөйлемді көрсет.
А) Істеу қиын, сынау оңай. В) Анамның тілі –аяулы үнім.
С) Ана тілің – асыл қазынаң.
Ауыспалы мағыналы тіркесті белгіле.
А) Есіктің кілті В) Істің кілті С) Сандықтың кілті
Синонимдер қатарын көрсет.
А) Сыйласу, араздасу В) Қуану, өкіну С) Жомарт, береген
Көппен көрген – ұлы той. Сөйлемде қанша сөз омоним бола алады, белгіле.
А)3 В)1 С) 2
Тура мағыналы тіркесті тап.
А) Жұмсақ алақан В) Салқын қабақ С) Жеңіл мінез
Лексикалық мағынасы толық сөздер қатарын көрсет.
А) Жоқ, еді В) Немесе, қарай С) Қуаныш, сезім
Омонимдер қатарын көрсет.
А) Ұзын, ауыз, мойын В) Қалам, сары, үй С) Көрші, құс, бөле
Антонимдік қатарды белгіле.
А) Кең-тар, биік-аласа В) Биік-ұзын, тар-жіңішке
С) Аласа-қысқа, кең-жуан
Ол қоңыр даусымен қиссалар жырлайтын. Ауыспалы мағынадағы тұрған сөзді белгіле.
А) Даусы В) Қоңыр С) Қисса
І нұсқа. Буын. Екпін. Тасымал
Буынның белгісін табыңыз.
А) сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады
В) дауысты, дауыссыз дыбыстардан тұрады
С) бірыңғай дауысты дыбыстардан тұрады
Д) бірыңғай дауыссыздардан тұрады
Е) сөздегі дауыссыз дыбыс пен буын саны бірдей болады.
Буынға бөлінбейтін сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) ата, әже, немере В) өрт, от, күл С) кілем, көрпе, алаша
Д) орта, жақсы, үздік Е) аспан, жұлдыз, ай
Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.
А) құм-ыра В) ора-мал С) соғ-ыс Д) о-рын-дық Е) сау-ық
Тек бітеу буындардан тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Ешкім де шқашан ұмытылмайды. В) Отан от басынан басталады.
С) Мен биыл Алматыға бардым. Д) Оның атасы Түркістанда тұрады.
Е) Мен Жандоспен кездестім.
Төмендегі буын ретіне сәйкес келетін сөзді табыңыз.
ашық-бітеу-ашық
А) мойын В) ысқырық С) қабырға Д) асқазан Е) бүйрек
«Кішіпейілділік» сөзі неше буыннан құралған?
А) екі В) үш С) төрт Д) бес Е) алты
Бірыңғай жіңішке буынды сөзді көрсетіңіз.
А) адамгершілік В) ізеттілік С) қарапайымдылық Д) сыпайыны Е) адалдық
Буынның үш түрі де кездесетін сөзді көрсетіңіз.
А) Келісіп пішкен тон келте болмас. В) Сабыр түбі – сары алтын.
С) Ел аралаған сыншы болар. Д) Іздеген жетер мұратқа.
Е) Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.
Көбіне сөздің басында келетін буынның түрін көрсетіңіз.
А) тұйық буын В) ашық буын С) бітеу буын Д) жуан буын Е) жіңішке буын
Бірыңғай ашық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) керемет В) әдемі С) сымбатты Д) көркем Е) ғажайып
Жуан буынды сөзді табыңыз.
А) әртіс В) әзілқой С) азамат Д) кемеңгер Е) әдіскер
Төрт буыннан тұратын сөзді табыңыз.
А) жәрмеңке В) көрермен С) оқытушылар Д) еңбекқор Е) алтыбақан
Төмендегі сөйлемде неше буын бар? Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
А) 13 В) 14 С) 15 Д) 16 Е) 17
Ашық буынды күрделі сөзді белгілеңіз.
А) біріншілік В) көрермен С) көлбақа Д) ұжымшар Е) бала-шаға
Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?
А) алғашқы буын В) ортаңғы буын С) екінші буын Д) соңғы буын Е) соңғы дыбыс
Екпін түспейтін сөзді көрсетіңіз.
А) оқу В) оқулық С) оқытушы Е) ғана
Екпін түспейтін буыны бар сөзді көрсетіңіз.
А) із В) ізде С) іздеу Д) іздеуші Е) іздеме
Сөзді айтқандағы дауыс толқыны қалай аталады?
А) екпін В) әріп С) дыбыс Д) буын Е) тасымал
Қосымшаның қай түріне екпін түспейді?
А) жұрнақ В) септеулік жалғауы С) жіктік жалғауы
Д) көптік жалғауы Е) тәуелдік жалғауы
Қандай сөздерге екпін түспейді?
А) түбір сөздерге В) туынды сөздерге С) біріккен сөздерге
Д) қос сөздерге Е) көмекші сөздерге
«Тасымал» тіл білімінің қай тарауында қарастырылады?
А) фонетика В) лексика С) морфология Д) синтаксис Е) пунктуация
Тасымал неге негізделеді?
А) ықпал В) буын С) дыбыс Д) әріп Е) екпін
Буынның қай түрі тасымалданбайды?
А) бітеу буын В) бір дауыстыдан тұратын ашық буын
С) екі дауыстыдан тұратын ашық буын Д) бірінші буындағы тұйық буын
Е) сөз арасындағы бітеу буын
Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) көрші-қолоң В) аласа С) Екібастұз Д) оқырман Е) ҚазМУ
Дұрыс тасымалданған түрін көрсетіңіз.
А) о-қиды В) оқ-иды С) оқи-ды Д) оқид-ы Е) тасымалданбайды
Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?
Сөзде қанша ..... болса, сонша буын болады.
А) дауыссыз дыбыс В) дауысты дыбыс Д) қосарлы дыбыс Е) үнді дауыссыз С) әріп
Қай сөздің 4-ші буыны тұйық буын?
А) Тарихи жерлерді аралау өте керемет. В) Ата-бабаларымыз өте мәдениетті халық болған.
С) Таудан төменге қарай құлдилады. Д) Ақырын басып үйге жақындады.
Е) Оның туысқаны жау тылында қаза тапты.
Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.
А) құ-мырс-қа В) дау-ыл-паз Д) ке-мең-гер Е) бо-яу-шы С) би-ік-тік
Бірыңғай жуан буынды сөзді көрсетіңіз.
А) Асылбек кітабын сөмкеден таппады. В) Қыстыгүні үйге көмір әкелдік.
С) Әскерлер күні-түні жүгірді.
Д) Кәсіпорындар бірлестігінің мәжілісі ертеңге өзгертілді.
Е) Біз қазірге дейін міндетімізді түсінген емеспіз.
Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар?
А) тәрбие В) жәрмеңке Д) шемішке С) бәтеңке Е) күртеше
ІІ нұсқа. Буын. Екпін. Тасымал
Тасымалданбайтын сөзді табыңыз.
А) аспан В) жақсы С) тату Д) ақын Е) шешен
Қазақ тілінде қай буынға екпін түседі?
А) ортаңғы буын В) бірінші буын С) соңғы буын Д) ортаңғы ашық буын Е) ешбір буын
Екпін түспейтін қосымшаны табыңыз.
А) септік жалғауы В) жіктік жалғауы С) тәуелдік жалғауы Д) көптік жалғауы Е) жұрнақ
Қай сөзге екпін түспейді?
А) күрделі сөз В) көмекші сөз С) туынды сөз Д) туынды сөз Е) біріккен сөз
Сөзді айтқандағы дауыс толқыны не дейді?
А) тасымал В) әріп С) дыбыс Д) буын Е) екпін
Буынның белгісін табыңыз.
А) сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады
В) дауысты, дауыссыз дыбыстардан тұрады
С) бірыңғай дауысты дыбыстардан тұрады
Д) бірыңғай дауыссыздардан тұрады
Е) сөздегі дауыссыз дыбыс пен буын саны бірдей болады.
Буынға бөлінбейтін сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) ата, әже, немере В) өрт, от, күл С) кілем, көрпе, алаша
Д) орта, жақсы, үздік Е) аспан, жұлдыз, ай
Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз.
А) құм-ыра В) ора-мал С) соғ-ыс Д) о-рын-дық Е) сау-ық
Тек бітеу буындардан тұрған сөйлемді табыңыз.
А) Ешкім де шқашан ұмытылмайды. В) Отан от басынан басталады.
С) Мен биыл Алматыға бардым. Д) Оның атасы Түркістанда тұрады.
Е) Мен Жандоспен кездестім.
Төмендегі буын ретіне сәйкес келетін сөзді табыңыз.
ашық-бітеу-ашық
А) мойын В) ысқырық С) қабырға Д) асқазан Е) бүйрек
Жуан буынды сөзді табыңыз.
А) әртіс В) әзілқой С) азамат Д) кемеңгер Е) әдіскер
Төрт буыннан тұратын сөзді табыңыз.
А) жәрмеңке В) көрермен С) оқытушылар Д) еңбекқор Е) алтыбақан
Төмендегі сөйлемде неше буын бар? Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
А) 13 В) 14 С) 15 Д) 16 Е) 17
Ашық буынды күрделі сөзді белгілеңіз.
А) біріншілік В) көрермен С) көлбақа Д) ұжымшар Е) бала-шаға
Қазақ тілінде екпін қай буынға түседі?
А) алғашқы буын В) ортаңғы буын С) екінші буын Д) соңғы буын Е) соңғы дыбыс
Екпін түспейтін сөзді көрсетіңіз.
А) оқу В) оқулық С) оқытушы Е) ғана
Екпін түспейтін буыны бар сөзді көрсетіңіз.
А) із В) ізде С) іздеу Д) іздеуші Е) іздеме
Сөзді айтқандағы дауыс толқыны қалай аталады?
А) екпін В) әріп С) дыбыс Д) буын Е) тасымал
Қосымшаның қай түріне екпін түспейді?
А) жұрнақ В) септеулік жалғауы С) жіктік жалғауы
Д) көптік жалғауы Е) тәуелдік жалғауы
Қандай сөздерге екпін түспейді?
А) түбір сөздерге В) туынды сөздерге С) біріккен сөздерге
Д) қос сөздерге Е) көмекші сөздерге
«Кішіпейілділік» сөзі неше буыннан құралған?
А) екі В) үш С) төрт Д) бес Е) алты
Бірыңғай жіңішке буынды сөзді көрсетіңіз.
А) адамгершілік В) ізеттілік С) қарапайымдылық Д) сыпайыны Е) адалдық
Буынның үш түрі де кездесетін сөзді көрсетіңіз.
А) Келісіп пішкен тон келте болмас. В) Сабыр түбі – сары алтын.
С) Ел аралаған сыншы болар. Д) Іздеген жетер мұратқа.
Е) Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.
Көбіне сөздің басында келетін буынның түрін көрсетіңіз.
А) тұйық буын В) ашық буын С) бітеу буын Д) жуан буын Е) жіңішке буын
Бірыңғай ашық буынды сөзді көрсетіңіз.
А) керемет В) әдемі С) сымбатты Д) көркем Е) ғажайып
26. «Тасымал» тіл білімінің қай тарауында қарастырылады?
А) фонетика В) лексика С) морфология Д) синтаксис Е) пунктуация
27.Тасымал неге негізделеді?
А) ықпал В) буын С) дыбыс Д) әріп Е) екпін
Буынның қай түрі тасымалданбайды?
А) бітеу буын В) бір дауыстыдан тұратын ашық буын
С) екі дауыстыдан тұратын ашық буын Д) бірінші буындағы тұйық буын
Е) сөз арасындағы бітеу буын
Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңіз.
А) көрші-қолоң В) аласа С) Екібастұз Д) оқырман Е) ҚазМУ
Дұрыс тасымалданған түрін көрсетіңіз.А) о-қиды В) оқ-иды С) оқи-ды Д) оқид-ы Е) тасымалданбайды