Балаларды? тілін дамытуда жа?а технологияларды ?олдану.


№13 бөбекжай бақшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын әдістер

Тәрбиеші:Омарова Қ.С.

Қостанай, 2015 жыл
Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолданылатын әдістер.
Тәрбиеші: Омарова Қ.С.
Топ: ересек «Құлыншақ»
Балалардың тілін дамытуда жаңа технологияларды қолдану.
Мақсаты: Балаларға күнделікті ҰОІӘ – де жаңа технологияны қолдану арқылы, балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Балалардың тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой-өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі – оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл-ойы, қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде жан-жақты қалыптасады. Балабақшада ойынның маңызы ерекше.Ойын барысында білім мен біліктілігін арттырамын. Тәрбиенің алдағы міндеттерінің бірі балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру болса, ойын – осы мәселенің шешімі. Балада ойлау қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Баланы ойната отырып сөйлетуде суретті әңгіме, дидактикалық ойынды сурет арқылы өткізу, шығарманы оқып таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу, құрастыру, тақпақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштармен қатар ертегі тыңдау әңгімелесу баланың тілдік құзіреттілігін, қызығушылығын арттырады. Сызба, тақпақ, жаңылтпаш, ертегілер балалардың іс-әрекетке қызығушылығын арттырады. Жаңадан шыққан әдіс-тәсіл қолдану арқылы балалардың жаттауға, есте сақтауға деген ынталарының дамуына, тілдерін машықтандырғанына көз жеткізеді.Күнделікті жаңа ҰОІӘ-де тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Мен әр тақпақ пен жаңылтпаштарға сызба-сурет салып көрнекілік ретінде пайдаланамын.Ойын түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпал тигізіп, таным, қатынас, шығармашылық, әлеумет, денсаулық салаларындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады. Ойын баланың ойлау, есте сақтау, салыстыру, қиялдау, еркін сенінуге, еркін сөйлеуге, жеке тұлға болып табылуына көмектеседі.
Ең алдымен ТРИЗ – педагогика түсінігін анықтап алайық.Бұл ең жас, әрі кең тараған таныс педагогикалық инновациялық жүйе. Ол – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген. Оны Ресейлік ғалым және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллер жасаған.ТРИЗ - дің мақсаты - тек қана балалардың қиялын ғана емес, сонымен қатар шынайылықты түсініп жүйелі ойлауға, өзін - өзі тануға, қоршаған ортаның қиындығын байқауға және де өздерінің шағын қиындықтарын шешуге баулу болып табылады.Тризшылардың ұраны – «Барлығын айтуға болады!».
Көркем әдебиет арқылы балалардың тілін ТРИЗ технологиясының әдісін қолдана отырып дамыту.Балабақшадағы балаға берілетін бүгінгі тәрбиенің ең өзек алатын жері – ол ата-бабадан қалған асыл мұра. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеп, тілдерін дамыту мақсатында көркем әдебиет асыл-мұралары – жұмбақтар, ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тәрбие әліппесі, аңыз әңгімелер, жырларды қолданудың маңызы зор тиімді тәсіл екені белгілі. Мен баланың тілін дамытуда көркем әдебиет жұмбақ түріне негізделіп жүргізген өзімнің жұмыс тәжірибем туралы сіздермен бөліскім келеді. Жұмбақтар тіл мәдениетін тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа, баулып, ой-қиялын ұштастыра көр әсер етеді. Жұмбақ баланың ойлау қабілетін дамытады. ҰОІӘ-де жұмбақтарды балаға үйрету барысында «ТРИЗ» технологиясының әдіс-тәсілдерін қолдандым. Осы технологияның жұмбақпен жұмысты үш әдіс арқылы айтып кетейін.
1. Тақырып таңдап алынады.
2. Ойдың жалпыдан жекеге, дербеске ауысуы.3. Объектінің әр түрлі қасиеттері мен белгілерін айқындау арқылы абстракты- жалпыдан дербеске ауысуы. Мысалы өсімдіктерге байланысты жұмбақтар алатын болсақ, тақырып тандалып алынады
Мысалы: Ағаш
Жазда жап- жасыл, күзде сап-сары деп айтамыз. Жазда жапырақпен, қыста жалаңаш. Көктемде бүршік жарады, күзде түсіп қалады. Бұнда біз жүйелеп көрсетіп тұрмыз. Бала өз ойын ұшқырлап шығара алады.
Воскобовичтің ойындары –ойын ерекшелігін, ойлана отырып нақты түрде орындауға мүмкіндік береді, ойын ерекшелігі-көп атқарымдылық. Бір ойынның өзінде бірнеше тапсырмалар орындалады. Сан мен әріптерді байқатпай игереді. Түстерді біліп есіне сақтайды, ұсақ моторикалары дамиды, тілін жетілдіреді., кеңістік ойлауы, зейіні, есте сақтауы, қиялы дамиды.Сандар құрамы бала үшін қиын, бірақ оны игеруге Кюизенер технологиясының көмегі зор. Кюизенер таяқшалары – түстер саны, қол арқылы әртүрлі дерексіз түсініктерді ұғынуға мүмкіндік беретін көпсалалы математикалық нұсқаулық болып табылады. Кюизенер таяқшалары санауға пішіндерді орналастыруда тиімді.
Дьенештің логикалық ойындары баланың логикалық ойлауын, епшілдігін, талдау қабілетін, коммуникативтік дағдыларын логикалық тапсырмалар арқылы қалыптастырады, объектілердің әртүрлі қасиеттерін атауға, жоқ затты сөз арқылы көрсетуге, айқындауға үйренеді, есте бір мезгілде дерексіз заттың бірнеше қасиетін сақтап тұруға үйретеді.