Балаба?шада балаларды ойын ар?ылы тілін дамыту
І.КіріспеМақсаты , міндеті. ІІ. Негізгі бөлімКіріспе.Ойын – ойды өсіреді.Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні.Сөздік қорын дамытуда қолданылатын дидактикалық ойындар ІІІ. Тәжірибелік бөлім ІҮ.Қорытынды. Ү. Қолданылған әдебиеттер Балаларға дидактикалық ойын элементтерін үйрету арқылы, ой — өрісін дамыту. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу.Балалардың сөздік қорларын молайту, ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың дидактикалық материалдарды қалыптастыруда ойлау қабілеттерін арттырып, ақыл – ойын дамыту;Дидактикалық материалды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тақырыпқа сай тәрбиелеу;Шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін дамыту. «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». А.С.Макаренко Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдары-мен ұйымдас-тырлады. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа. Дидактикалық ойындар : Сөздік дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:Заттық дидактикалық ойындар -дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырлады. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа.Сөздік дидактикалық ойындар.
Ойынды ұйымдастыру үш бағытты қамтиды ойынға әзірлік ойынды талдау ойынды өткізу Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Дидактикалық ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар ойланады. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане «сен көк кубиктердң әкелші», «үстелге апарып қойшы» т.б. бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді. Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін тереңдету үшін «Жалпы қалай аталады?», «Жалпы атауын бер», «Жеке жеке атын ата» сияқты дидактикалық ойындар ұйымдастырылады. Мысалы: кесе, қасық, тарелка, шанышқы – «ыдыс- аяқтар», алма, алмұрт, шие- жемістер, қияр, картоп, сәбіз, қызылша- көкөністер т.б. Ойын : «Формасы ұқсас заттарды тап» Ойын : «4-ші не артық?» Ойын : «Көлеңкесін тап» Сюжеттік-рөлдік ойындар мектепке дейінгі балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжеттік-рөлдік ойындардың ерекшелігі - оны балалардың өздері жасайды. Сюжеттік-рөлдік ойында бейнелеу құралы - рөл мен ойын әрекеттері болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Рольдік ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып ,дами бастайды.Рольдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп , өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді. “Шалқан” ертегісі “Бауырсақ” ертегісі Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқанактивті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста жәнемектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады. Қорыта айтқанда , баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардың мақсатына сәйкес шарты нақты көрсетіледі. Бұл ойындарды оқу іс-әрекетінде және оқу іс-әрекетінен тыс уақытта пайдалану арқылы баланың тілін дамытумен қатар ойында өз шығармашылығымен жалғастыруға, ойын шартын дұрыс орындауға, белгілі бір нәтижеге жетуге, ұжымдық мақсатқа бағынуға, үлкендер мен балалар арсында ынтымақтастық қарым – қатынас орнатуға болады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. 1. «Отбасы және балабақша» 2002 ж №5. (6-8 бет) 2. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.3.Бала тәрбиесі № 2 2006 ж ,№ 4 2008 ж 4 «Казахские детские игры» кітабы авторы: Молдагаринов Аскар Алма-Ата «Жалын» 1987 г.