О?ушы ?ызы?ушылы?ын арттыруда диалогты о?ытуды? ма?ызы
Аты-жөні Есетова Салтанат
Жұмыс орны Түркістан қаласы,"№31 бастауыш мектеп -бала бақша" кешені комуналдық мемлекеттік мекемесінің
Қызметі қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Ғылыми атағы,дәрежесі Секциясы Гуманитарлық ғылымдар
Мақаланың тақырыбы ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМГЕ ДЕГЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ДИАЛОГТЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Оқу орны, кафедрасы Е-mail Телефон 87058860007
Қысқаша аннотация Қонақ үй (керек болса) ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМГЕ ДЕГЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ДИАЛОГТЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
ЕСЕТОВА САЛТАНАТ МАХАМБЕТҚЫЗЫ
Түркістан қаласы,"№31 бастауыш мектеп -бала бақша" кешені комуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Сабақтарда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілдік қорын дамытады. Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
• Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, түсіндіруіне мүмкіндік береді;
• Басқа адамдарда түрлі ойлардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
• Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
• Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Түрткі болу дегеніміз сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет.
Сынақтан өткізу дегеніміз сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет.
Қайта бағыттау дегеніміз сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау болып табылады. Мысалы «Көмектесе алатындар бар ма?» Білім беруді тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ ,сұрақ қою арқылы мұғалім:
- Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
- Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
- Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
- Оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
- Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына көмектеседі;
- Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
- Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді,іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
- Білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды;
Бұл пікірлердің шындыққа жанасып жатқандығын менің тәжірибемде көзім жетті. Себебі, оқушыларымен өткізілген қазақ тілі пәніндегі "Біздің отбасымыз", "Менің інім және ағам" тақырыбындағы сабақтарда «Шынжыр», «Сұрақтар шеңбері», «Он сұрақ», «Сұрақтарды ұстап ал» әдістерін пайдаланып оқушылардың бір- біріне сұрақтар қойғызу арқылы байқадым.
Түрткі болу сұрақтарына "Отбасы мүшелеріңізді атаңыз? " деген сұрақ қойылды. - Әкем, анам және інім бар.
- Отбасы мүшелеріңізді толық атамадыңыз, кімді ұмытып кеттіңіз?
- Әкем, анам, інім және өзім. Өзімді ұмытып кетіппін -, деп оқушы өзін ұмытқанын есіне түсіріп , отбасы мүшелерін толық атайды.
Қайта бағыттау сұрақтарына "Отбасы мүшелерінің міндеттері" - деген сөзді "Кім толықтырып айтып көмектесе алады?"- деген сұрақтар қойса болады.
Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты пайдалана отырып, жауаптар жазды. Әрбір топ өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтық оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелелер жүргізілді. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту қызықты болады. Себебі оқушы өз құрдастары арасында өз ойларын ашық әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топтық тапсырмалар орындауда оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды орындап қана қоймай, бір-біріне сұрақтар қоя отырып, диалогтық қарым-қатынас жасады. Сабақтарымда жұпқа берілген тапсырмада да диалогтік оқыту көрініс тапты, себебі әрбір жұптағы оқушы сұраққа қалай жауап беру керектігін сыныптасымен ақылдасып, парақты толтырып отырды. Құнды сұрақтар қойып, қасындағы сыныптастарынан, басқа оқушылардан жауап алып жатқандығын көріп, топ ішінде тұлғааралық байланыс орнаумен қатар, диалогтік оқыту жүзеге асырылып жатқанын көрдім. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар бір-бірлерімен жақсы қарым-қатынас жасады. Диалогтік оқытуды ұйымдастыру прoблeмaлық , aқпaрaттық жәнe түсiндiрмeлi , иллюстрaтивтi мaзмұндa жәнe рeпрoдyктивтi жәнe шығaрмaшылық тaпсырмaлaрмeн кeлeтiнiн бiлдiм .
Қорыта айтқанда, оқушылардың білімін анықтау үшін жақсы қарым-қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Диалогтық сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болатынына көзім жетті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Интерактивтік әдістеме.-Алматы, 2001
Ералиева М. Оқытудың қазіргі технологиялары / М. Ералиева // Бастауыш мектеп. – 2006. - №5. 3-5 бет.
Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология / М.Мұқанов. – Алматы: Мектеп, 1982. -182 бет.
Г. Тұрымтаева «Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану жолдары». Қазақстан тарихы. 2009, №12