Презентация для классного руководителя старших классов. Девиантты мінез — ??лы?ты? алдын алу жолдары.(На казахском языке)


Кәмелетке толмағандардың девиантты және делинквентті мінез – құлқының алдын алудағы сынып жетекшінің заманауи әдістеріДайындаған мыңбаев ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналды мемлекеттік мекемесінің 11 сынып жетекшісі чалимбетова Г.М. Мақсаты: Оқу-тәрбие үрдісіндегі кәмелеттік жасқа толмаған оқушылардың девиантты және делинквентті мінез – құлықтың алдын алудағы тиімді жолдарын ұсыну;Міндеттері:«девиантты және деликвентті мінез – құлық» түрлерімен таныстыру;Оқушылардың мінез-құлқының ауытқушылығын туғызатын факторларды ( биологиялық, психологиялық және әлеуметтанулық) қарастыру;Оқушы жастар арасында әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, нашақорлықты тарату сияқты басқа да келеңсіз жағдайларды жеңу үшін қажет шарттарды қамтамасыз ету;Бірлесіп әрекет жасауды қажет ететін мәселерді анықтау;Психологиялық-педагогикалық әсер етудің тиімді әдістері мен тәсілдерін жүйелеу; Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесінде тәрбие берудің 2013-2015 жылдарға арналған кешенді бағдарламасыЖаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу қажеттілігі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы Мектепке дейінгі жастағы балалардан бастап өз Отанына деген махаббат, елі үшін жауапкершілік, халқының құндылықтары мен дәстүрлерін сақтау сезімін қалыптастыру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында: «Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы»Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Негізгі ұғымдар: девиация, аномия, деликвентті мінез құлық, әлеуметтену, әлеуметтік бақылау, норма, вандализм, граффити,агрессия, асоциалды мінез құлық, альтруизм.Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқыКең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді. Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.алкогольсуициднаркоманиятоксикоманияпроституцияДевиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық – өтірік айту,агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид, т.б.Делинквентті мінез-құлық-заңбұзушылық -тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру, майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау, наша сату және тарату, бопсалау. Криминалды мінез-құлық  -заң бұзушылық. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. 18.08.2015автор Тарасова Марина Сергеевна БОУ СПО "Тюкалинский индустриально-педагогический колледж"Девиантты мінез - құлық жағымды жағымсызбатырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, білім жетістіктері қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау

жанұяда берекенің болмауы;ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;тәрбие берудегі кемшіліктер;өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;психоактивті заттарды жиі пайдалануы;агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары18.08.2015автор Тарасова Марина Сергеевна БОУ СПО "Тюкалинский индустриально-педагогический колледж"Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторлары Оқушылардың мінез-құлқының ауытқушылығын туғызатын факторлардәрігерлік биологиялық (денсаулық жағдайы, тұқым қуалаушылық, психикалық жәнек дене дамуының іштен туа біткен кемістіктер); ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ - шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер. психологиялық (өзін өзі ұнатпауы, ашушандық, көңіл-күйінің жиі бұзылуы, қарым-қатынастағы, құрдастарымен, үлкендерімен өзара іс-әрекеттегі қиындықтар т.б.;)әлеуметтік - экономикалық  (жанұяның материалдық проблемалары, салты, қоғамда өмір сүруге бейімделмеу т.б.) . Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б. Әлеуметтік- педагогикалық - мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Мектепте:сабақтан қашу;мектеп тәртібін бұзу;балағаттап сөйлеу,мектеп мүлкін бүлдіру ; сабақты бөлу;төбелесу;Үйінде:үйден қашу;үйдегі міндеттерін орындамау; ешкімді тыңдамау;өтірік айту; Құқыққа қарсы әрекеттер: қанғыбастыққа салыну; қайыр сұрау; құмар ойындар ойнау; есірткі қолдану; жөзекшілікпен айналысу; ұрлық жасау; мүлікті бүлдіру; дене жарақатын  салу (төбелесу) Педагогикалық талаптар.Тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажет балаға ілтипатпен, ізгі - тілектестікпен қарау;оның жағымды қасиеттеріне сүйену;оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;жат қылықтардан арылту үшін жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыру;• оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін ескеру;• әлеуметтік және психологиялық қорғалуы;• оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;• маскүнемдікке, ішімдікке, нашақорлыққа, қылмыстық әрекетке бейім балалармен жүйелі жұмыс жүргізу . Оқушылар бойындағы девианттық мінез-құлықтың алдын-алу шараларыәлеуметтік құзырлы тұлға болып қалыптасу үшін оқушы жағымды мінез – құлық дағдыларын үйренуге, дұрыс шешім қабылдай алуға үйренуі тиісОқушылардың, ата-аналардың мұғалімдердің пікірін зерттеу қорытындысы негізінде, анықталған ерекшеліктеріне қарай оқушының тұлғалық дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және түзетуге бағытталған бағдарламаны жасақтау;Тұлғаның дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын-алу және түзету әдістемесін меңгерген бала бойында жағымды қарым-қатынас жауапты шешім қабылдау, жағымды «Мен -концепциясын» дамыту, сауатты өмір салтын тандауды қалыптастыруМектепте қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайды құру;Отбасымен тиімді қарым-қатынас байланысын дамытуға бағытталған құзырлы әкімшілік шешім қабылдау, тегін қосымша білім беруді ұйымдастыру Оқушының тұлғалық дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар келесі шарттар орындалған кезде тиімді болады:Оқушының білім алуындағы жетістіктерге жетуі,Құрбыларымен, ата-аналарымен, мұғалімдерімен жағымды қарым-қатынас орнатқан кезде;Психологиялық қорғалғандығы;Баланың жақсы қасиеттеріне назар аудару;Барлық оқушылардың құқығының тең болуы;Кез- келген себептерге байланысты  дискриминацияны (кемсітпеушілікті) болдырмау;қарым - қатынаста педагогикалық этиканы аса қатаң сақтауы қажет . сыныптан тыс іс - шараларға тарту арқылы , спортқа , техникаға , өнерге қызықтыру арқылы оқуға бірте - бірте тарту педагогтардың қасиетті ісі Әрбір баланың жақсы болуға тырысатын кездері болады . Оның сондай белсенділігі мен энергиясына қолдау көрсету , демеп жіберу , сеніммен қарау балаға қанат бітіріп , басқаларға деген сенімін ұлғайтады Ата – аналарды не үрейлендіреді? Ата –аналардың пікірінше нормадан ауытқушылық себептері:
style.rotationppt_wppt_y Балалар көп жағдайда немен айналысады?
Ауытқудың себептеріСауатсыз ата-аналарОтбасындағы адамгершілікнормалардың төмендігіАта-ананың балаға қатыгездігіАта-ананың ішімдікке және Нашақорлыққа құмар болуыАсоциалды, жүйке-жүйесі бұзылған ата-аналарАта-ананың жоқтығыТұрақсыз отбасыҮлкен отбасыКүйзелістің жоғарғы деңгейіОтбасындағы кикілжіңАта-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың төмендеуіОтбасы Оқушының оқуға қатысты өзара күйзеліске түсуіӨз қатарластарымен қарым-қатынасыӨз қатарластарымен кикілжіңге түсуіБопсалау, күш көрсету;Қорқытып, балағаттау; Намысына тиетін сөздер айтып;Өз еркінен тыс әрекет жасауға мәжбүрлеу; Мектеп және мұғалімдерБалаға барлық мәселелер мен қиындықтар үшін жала жабу;Мұғалімнің оқушымен кері қарым-қатынаста болуы;Оқушыны үнемі жағымсыз мінез-құлықпен сипаттау;Баланы басқа балалармен салыстырып, әділетсіз қарау; Профилактикалық жұмыстың моделі: Ата-аналар Тәрбие ісінің мең. жұмысыСыныптағы оқушылармен қатынасыСынып жетекшінің әрекеті Психологпен жұмысБала Педагогтармен жұмыстың негізгі бағыттарыПедагогтармен эмоционалды күйзелістен арылуға үйрету тренингін өткізу2. Девиантты мінез-құлықты балалармен өзара қарым-қатынас құруда педагогикалық кеңестер ұйымдастыру3. Баланың мінез-құлқының жақсаруына байланысты мадақтау Девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкіндік жасалады. «Шешуі жоқ жағдай болмайды, тек дұрыс шешім қабылданбаған жағдай болады» деген аталы сөзін келтіре отырып, тәрбиеде де түзелмейтін бала болмайтынын, барлық балаларды тәрбиелеу мүмкін екендігін тұжырымдауға болады.