Бала бол, бас?а бол — б?ріне за? біреу атты ???ы?ты? т?рбие са?аты


Сабақтың тақырыбы: “Бала бол, басқа бол – бәріне заң біреу-ақ” Сабақтың мақсаты: Оқушыларға заң білімі саласынан мағлумат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерінмен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету. жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз ету. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналы мен таным белсенділігін арттыру. Еліміздің Ата заңын құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.Көрнекілік: ҚР конституциясы, “Бала құқығы”конвнция ,заңдар жинағы слайд - «Құқығыңды сақтап үйрен,бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа». - «Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды» - «Заң біткен жерде зұлымдық басталады». Қанатты сөздер Сендерге бүгінгі кездесуде көтеріңкі көңіл-күй мен сәттілік тілейміз! Кіріспе “Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің” деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата- бабамыздың тәжіребесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы” отау иесі” деп атады.Ал қазіргі ҚР Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан, ал 16жастан бастап толық әкімшілік жауапқа тартады. Азаматтың міндеті -заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау.Өйткені заң дегеніміз- өмірдің нәрі.Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде.Заңның ең басты мақсаттарыныың бірі- қоғамдаы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты. Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай, оны меңгере білуге де үйрету қажет. Әлемде 1979 жылы Халықаралық балалар жиынын өткізу кезінде”Балалар құқығы туралы халықаралық конвенцияны” дайындау жөнінде топ құрды. Ол БҰҰ.1989 жылы 20 қарашада конвенцины БҰҰ бірауыздан қабылдады.1993 жылы 28қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституциясы қабылданды.2002 жылы 8 тамызда”ҚР-дағы баланың құқықтары туралы заңы қабылданды.Конвенция – әлем балаларының құқығын қорғау туралы құжат және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда “Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп- жетілуі қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды.” делінген Балалар құқығының заңдары.Ой- талқы : -Бала деп кімді айтамыз?Баланың қандай құқығы бар?Еңбек етуге, өз пікірін білдіруге, баланың өз атын, әкесінің атын алуға.Мүлікке ие болу, қорғалуға, ұлтын таңдауға, дем алуға.Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге,денсаулығын сақтау қонақта Заңгер келіп отыр (заңның баптарымен таныстыру) 2-бөлім«Мен заңды қаншалықты жақсы білемін»? 1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге есірткі де сатылады.2. Түнгі сағат 11-де көшеде жастар айқайлап өлең айтып келе жатыр.3. Сатушы сатып алушыға байқамай артық ақша беріп жіберді, ал сатып алушы өзіне тиесілі ақшадан артық екенін біле тұра қайтіп бермеді.4. Бір оқушы сыныптасына: « Ертең 200 теңге әкеліп бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш көрсетті.5. Химиялық завод өзінің зиянды өнімін өзенге тастады, сол өңірдің ауасы бұзылды.6. Мектеп оқушылары жүзім ұрлады.7. Сыныптағы бір бала екінші баланың сумкасын сызып тастады. Бала қандай болу керек? Ұрпақ керек ертеңгі алға,Болашақты болжайтынДені таза, күні тазаЕлін, жерін қорғайтын “Залалды дағдылар - денсаулыққа зиян.”Шылым шегушілікІшімдікНашақорлық - «Құқығыңды сақтап үйрен,бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа». 3 бөлім «Заңсыз арал» Біз ешқандай заңы жоқ аралда өмір сүрсек, Не болар еді? - «Заң біткен жерде зұлымдық басталады». (мақал) Осы бөлімінің қортындылау: Заңсыз елде әркім өз білгенін істейді,тәртіп сақталмайды.Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажает тапсырма - ҚР Президенті кім? - Рәміздерді ата? -Бір жылда неше ай? -Бес дұшпанды ата? -Дүйсенбіден кейін қандай күн? -Біз білім алатын орда? Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? - “Қызыл, сары, көк ауыл. Жер енді ғана жаратылғанда адамдар бір-бірімен дос, бауыр болыпты, бір- бірінен еш нәрсе аямапты. Бір күні аспаннан әр түрлі ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын алыпты. Күндердің күнінде қатты жел тұрыпты да қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып бөлініпті. Әр ауыл бөлек-бөлек қорған тұрғызыпты Біраз уақыттан соң адамдар достықты ұмытады. Көк ауылда су бар азық жоқ, қызыл ауылда азық бар су жоқ, сары ауылда азық та, су да бар, от жоқ. Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер? - «Досы көпті жау алмайды,ақылы көпті дау алмайды» Назарларыңызға рахмет!