Урок игра Жас математиктер сайысы


Топпен таныстыру
1-топ аты: Жалын
Ұраны: "Көк бөрідей, жүректі қайраттымыз,  Жігерлі де, білімді, айбаттымыз"
2-топ аты: Қыран
Ұраны:"  Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске "
3-топ аты: Сұңқар
Ұраны:"  Сұңқардай қалықтаймыз, Ізденуден жалықпаймыз
 
Алматы қаласы
Алатау ауданы
№ 181 жалпы білім беретін мектеп

Тексерілді______________
«____» _______ 20___ж.
Сайыс сабақ
Тақырыбы: Жас математиктер сайысы.
Өткізген: Мақатхан Г.Н.



Алматы 2015

Жас математиктер сайысы.           Мектеп  оқушыларының  математика  пәніне  деген  қызығушылығын  арттыруда  сыныптан  тыс  шаралардың  берері  көп. Топтар  арасында  ұйымдастырылған  сайыс  әр  қатысушының  топ  үшін  жауапкершіліктерін  нығайтса,  екінші  жағынан  бір-біріне  деген достық  қарым - қатынастарын  қалыптастырады. Математика  апталығында    5-6-сыныпта өткізілген  осындай  сайыстың  жоспарын  ұсынып  отырмыз. Сайыс  математика  кабинетінде  ұйымдастырылды. Сайысқа  қатысушыларға  алдын    ала  тапсырмалар берілді. Бөлме  іші  ұлы  математиктердің  қанатты  сөздерімен  безендірілді.Мақсаты:
Оқушылардың  математикаға  деген  қызығушылықтарын  арттыру, логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,топ  үшін  жауапкершіліктерін нығайту.Елбасымыз   Н.Ә  Назарбаев  «Болашаққа  біліммен  қадам  басып,
лайықты  қолтаңбамызды  қалдырайық!» - деп  атап  айтқандай,«Білімді  адам-ел  ертеңі». Білімді адам  еш  нәрседен  қорықпайды, әр  уақытта  да  батымды. Ендеше  білімімізді   сынап  көрелік. Топпен таныстыру.Кезек келіп, өжеттеніп сөз аппын,Танысалық, ғажап ойын, ғажапкүн!Тегіміз бір-батырақ та емес, бай да емес,Емеспіз бе, азаматы қазақтың?!Сайысқа  қатысушы    топтар  өз  топтарын  таныстырады.
І кезең   . «Аламан-бәйге»Оза  шауып  бәйге  алам,БЛИЦ-турнир  басталды  «Аламан».  Әр  командаға  10 сұрақтан  оқылады, команда  мүшелері  тез-тез жауап  беру  керек. (әр сұраққа 5 балл)1-топқа1.Ең  кіші  натурал  сан.(1)2.Шаршының  периметрі  40 см. Оның  ауданы  неге  тең? (100см2)3.Қандай  сандар  0-ден  үлкен? (оң  сандар)4.Қарама-қарсы  сандардың  қосындысы неге  тең?(0)5.Өзіне,бірге  бөлінетін сан  қалай аталады? (жай сан)6.Шеңбер радиусы 42 см ,диаметрі канша? (84)7.3-ке  кері санды   ата? (-3 )8.Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан мәні?(Өзгермейді)9.Тік бұрыштың шамасы  қандай?(900)10.1 м-де  қанша  см  бар?(100см)
2-топқа1.Санның  100-ден  бір  бөлігі  қалай  аталады?(Процент)2.Ең  үлкен  бүтін  теріс  сан.(-1)3.Шаршы  ауданы  49 см-ге  тең.Оның  периметрі  неге  тең? (28 см)4.60-тың  3-тен  бір  бөлігі  неге  тең?(20)5.Қандай  санға   бөлуге  болмайды? (0)6.1 кг-да  қанша гр  бар?(1000г)7.Қандай  сандар  0-ден  кіші болады?(теріс  сандар)8.Шеңбер диаметрі 36, радиусы канша?(18)9.Жазықтықта  қиылыспайтын  түзулер?(параллель).10.Жазыңқы бұрыштың шамасы?( 1800 )
3-топқа1.Бұрыштың өлшем бірлігі?(градус)2.Ең  үлкен  үш таңбалы сан.(999)3.Шаршы  периметрі  20 см-ге  тең.Оның  ауданы  неге  тең? (25 см2)4.120-тың  3-тен  бір  бөлігі  неге  тең?(40)5.1 саны мен өзіне ғана бөлінетін натурал сан? (жай сан)6.1000 гр-да  қанша кг  бар?(1кг)7.Қандай  сандар  0-ден  үлкен болады?(оң сандар)8.Шеңбер диаметрі 36, радиусы канша?(18)9.Шеңбердің центрі арқылы өтіп оның екі нүктесін қосатын кесінді?(диаметр).10.Доғал бұрыштың шамасы?( 900 -тан артық )
2. «Ұшқыр ой» ойыны. (10 балл)Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған кағазға 1 - ден, 9 ға дейінгі сандарды жазыңдар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=12+3+4+56+7+8+9=991, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9Қане балалар жазып болсақ, топ басшыларын оқып шықсын.Ендеше тақтаға қарайық. (Дұрыс нұсқасын көрсетемін немесе дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін)
3. Логикалық есептер сайысы:
10 балл
Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, менде 300 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған?(200 тг)
Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап.(2 қыз,2 ұл )
Баспадан кітап басылып шықты. Әрбір бетте 32 жол болса, 90 беттік кітаптың неше жолы бар?(2880 жол) 20 балл
Бір санды 6 - ға көбейтудің орнына 6 - ға бөліп қойды. Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді?(540)
Бала кітап оқып отыр. Дүйсенбі күні 15 бет оқыған бала сейсенбі күні екі есе көп оқыды. Осыдан соң кітаптың әлі оқылмаған төрттен бір бөлігі қалды. Бұл кітапта неше бет бар екенін тап.(60 бет)
Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысынешежаста?(4 жас, 8 жас, 12 жас ) 30 балл
Бірінші вазада 9 қияр, екінші вазада біріншісінен 2 қияр артық, үшінші вазада бірінші мен екінші вазаны қосқаннан 4 есе кем. Егер барлық қиярдың саны 32 болса, төртінші вазада және әр вазада неше қиярдан болған?(7)
Мектептегі жас математиктер кешінде оқушыларға 30 сұрақ берілді. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыға 7 ұпайдан берілді. 77 ұпай жинаған оқушы неше сұраққа жауап берді, нешеуіне жауап бере алмады?(11,19)
Мәрден балық аулауға барды. Ол өзенге дейін жаяу барды да, келерінде велосипедпен келді. Барлық жолға 40 минут кетті. Келесі күні ол өзенге барғанда да, келгенде де велосипедпен жүріп жолға 20 минут қана кетірді. Сонда жаяу жүрген жолға неше минут кетуі мүмкін?(60 минут)
IV кезең. Енді ең соңғы капитандар жарысы:(10 балл)
1-топ1. 1 сағатта неше минут бар?(60)2. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)3. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)4. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)5. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
6. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
2-топ1. Азайту амалының компоненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)2. 32 пен 9 - дың көбейтіндісі?(288)3. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)4. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады)5. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)6. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)
3-топ1. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)2. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)3. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(желтоқсан)4. Бөлу амалының компанеттерін ата?(бөлгіш,бөлінді,бөліндінің мәні)5. 12 пен 7 - нің көбейтіндісі?(84)6. Кез келген санды бірге көбейткенде?(Сол санның өзі шығады)
МатематикаСонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,Жасау үшін бәрің деМатематика -Ең маңызды ғылым бұл,Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.- Осымен, балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын аяқтай отырып.. Жеңімпаз топты анықтап«Жас математик»номинациясын беріп, ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.Сау, болыңыздар!