?аза? тілі Саба?ты? та?ырыбы: Т?йы? ж?не бітеу буын (5 сынып)


Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 26.02.2016
Сабақтың тақырыбы: Тұйық және бітеу буын
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың буын және оның түрлері туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, талдау дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Буын және буын түрлері туралы түсінік. туралы түсінік .
2. 301-жаттығулар. Мәтіндегі екі буыннан тұратын сөздерді көшіріп жазыңдар. Буын түрлеріне ажыратыңдар.
Үлгі: мі-не, и-не, шан-шар, о-рын, қа-лың, жұрт-тың, кі-ріп, ке-ліп, мұ-хаң, түр-лі, тол-ған, ға-на, кү-ліп, үн-сіз, тұр-ды, а-лып, кет-ті, шір-кін, дер-сің, де-ген, әу-ен, ға-жап, жақ-тан, те-ңіз, мұ-хит, шет-сіз, шек-сіз, жат-қан, күн-де, ес-тіп, сөй-леп, жүр-ген, қа-зақ, бө-тен, үс-ті, ше-шен, білген,
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Буын, оның түрлері. Ашық буын
Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі. Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН делінеді .
Сөздің әрбір фонетикалық бөлшегі болған буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады:
Қант (1 буын, 4 дыбыс) А-ла-мын (3 буын,бірінші буын -1дыбыс,екінші буын 2 дыбыс, үшінші буын- 3 дыбыс)
Демек, буын дегеніміз сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Буынға тән белгілер:1. Дауысты дыбыссыз буын болмайды. ба-ла, құ-мырс-қа2. Дауысты дыбыстың бір өзі буын құрай алады. а-дам, а-та
3.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды.4. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.5. Буында мағына болмайды.6. Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай - ақ буындар қатар келген екі дауыссыздан басталмайды.(Сқақ - Ысқақ, Сланов - Сыланов)
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1)ашық буын; 2)тұйық буын; 3) бітеу буын.




3.Бітеу буын.Ортасы дауысты дыбыс болып, екі жағы дауыссызбен келген үш немесе төрт дыбысты буынды бітеу буын дейміз:
Тал, төрт,бар, жаз, кел, кең, қант,жалт, тарс, тырс, мырс, мал, сол, төс,құс, бұл, қыс, тіс,
2.Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз:
ат, аз, ақ, өрт,ұл, ант,от, ор,ер,ұн,үн,ыс,іс ас,т.б.
Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і, өр-ті, оқ+ы, о-ғы, еп+і, е-бі, ек+ін, е+гін,
1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз:
а-ға, ба-ла, қа-ла ,ә-ке, і-ні, а-на, ша-ға-ла т.б.
Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.


ІV. Түсінік тексеру
1.Оқулықпен жұмыс
302 –жаттығу. (жазбаша)
1.Өлеңді оқып, неше жетім түрі айтылғанын және олардың себептерін айтыңдар.
2.Жетім сөзінің көп мағыналы екенін дәлелдеп көріңдер. 0
3.Буынға бөліп, буын түріне ажыратып жазыңдар.
303- жаттығу. (ауызша)
1.Мәтіннің тақырыбы өнер жайында екенін әңгімелеңдер. Мәтіннен буын жігі ауысқан сөздерді табыңдар.
2.Мәтіннің кейіпкері- әл-Фраби туралы білетіндеріңді , Қазақстанда әл-Фараби қалай құрметтелетіні және оның себептері туралы айтыңдар.
304-жаттығу. (жазбаша)
1.Мәтіндегі ұлағатты сөздердің мәнін түсініп оқыңдар.
2.Әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажыратып жазыңдар.
305-жаттығу. (ауызша)
1.Түсініп оқыңдар.
2.Ғалым-жазушы М.Әуезовтың пікірін қалай түсінгендеріңді әңгімелеңдер.
3.Мәтіннен басқа тілден енген сөздерді табыңдар.
4.Өздерің болашақта қандай маман болуды қалайсыңдар? Сол мамандықтарыңа ана тілі қажет деп ойлайсыңдар ма?
V.Сабақты бекіту.
1.Буын дегеніміз не?
2.Буынның неше түрі бар?
3.Ашық буын дегеніміз не?
4.Тұйық буын дегеніміз не?
5.Бітеу буын дегеніміз не?
Мысалдар айтыңдар.

VI. Сабақты қорыту
Бағалау
Үйге тапсырма:
1. Буын және буын түрлері туралы түсінік.
306 –жаттығу. Мәтіндегі өздерің қалаған бес сөзді буынға бөліп жазыңдар да, оларды буын түріне ажыратыңдар.