Буын ж?не тасымал


Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымал . 4
Сабақтың мақсаты: 1 Буын және тасымал жайында алған білімдерін еске түсіру.
2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту.
3.Алғырлыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілі:Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушылардың дайындығын қадағалау
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
13 – жаттығу бойынша құрастырған әңгімелерін тексеру
- дыбысты нешеге бөлеміз?
-жуан дыбыстыларға қандай дыбыстар жатады?
-жіңішке дыбыстыларға қандай дыбыстар жатады?
III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
Мақсат қою
Мақсатымыз-буын туралы түсінігімізді кеңейту, білім алу.
IV. Жаңа сабақ.
1.Оқулықпен жұмыс
14 – жаттығу.
Сөздерді алфавит ретімен буынға бөліп жазады. Дауысты дыбысқа аяқталған буындардың астын сызады.
Мысалы: Ал –ша, а –нар, бүл –дір –ген, до –ла –на ,т.б.
15 – жаттығу.
Өлеңді жатқа жазады, бір буынды сөздерді табады.
2.Сергіту сәті
3.Тақтамен жұмыс.
16 –жаттығу.
Ребусты шешеді, шешуін тасымалдайды.
Шешуі: Та – уық
17 – жаттығу.
Сөздерді тасымалдау белгісін қойып көшіріп жазады.
Қар- лы- ғаш, ине, әже, үкі, ба –ла –пан.
V. Сабақты бекіту
Қима қағаздармен жұмыс.
1. Бір буынды сөздер жаз:..............(ақ, ат, бақ топ т.б)
2. Екі буынды сөздер жаз:.............(а-ғыс, а-дал, а-дым т.б)
3. Үш буынды сөздер жаз:............(А-за-мат, бал-мұз-дақ т.б)
VI. Сабақты қорыту:
Бүгінгі сабақта біз не істедік?
Біз не істей аламыз?
VII. Оқушыларды бағалау:
VIII. Үйге тапсырма беру:
18 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастырып келу.