?аза? ?дебиеті п?нінен Махамбет ?теміс?лы. ?мірі мен шы?армалары атты саба?ы
Сабақтың тақырыбы : Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармалары.
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік : Махамбеттің өмірі жайлы түсінік беру , шығармаларымен таныстыру.
ә) дамытушылық : мәнерлеп оқу дағдыларын , зұлымдық пен адалдықты салыстыра отырып , ізгілік жөнінде ой қорыту дағдыларын дамыту.
б) тәрбиелік : оқушыларды елін , жерін , тілін қадірлеуге , сүюге баулу.
Сабақтың түрі : дастүрлі , жаңа білімді игерту.
Сабақтың әдісі : баяндау , сұрақ – жауап , талдау.
Сабақтың көрнекілігі : кесте , тірек сызба.
Пәнаралық байланыс : тарих.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Оқушыларды түгендеп , сабаққа бейімдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру :
- Дулат “Еспенбет” позмасын қандай мақсатпен жазған ?
- Мазмұнын қысқаша айтып беріндер.
- Еспенбет батыр образын талда.
- Поэманың батырлар жырына ұқсастығы мен айырмашылығы қандай ?
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Мұғалімнің кіріспе сөзі :
Махамбет 1803 жылы Батыс Қазақстан облысы , Жәнібек ауданында дүниеге келген. Әкесі Өтемістің 10 баласы болған , соның сегізі 1836 -1837 жылдары көтеріліске қатысқан. Махамбет орысша , арабша жаза білген. Ол әрі ақын , әрі батыр. 2003 жылы 200 жыл толған мерей тойы ЮНЕСКО ауқымында аталып өтті.
ә) Өлең - жырларының тақырыптары :
Кестені толтыру.
Ел мен жер туралы Ерлік жырлары . Исатайға арналған өлеңдері Мхамбеттің өзі туралы жырлары
“ Нарын” ,“ Ұлы арман”, “ Қызғыш құс”. “ Тарланым”, “ Ереуіл атқа ер салмай”, “ Ұл туса”. “ Айныман”, “ Әй , Махамбет , жолдасым”, “ Жалғыздық”.
б) Хрестоматиямен жұмыс.
“Әй , Махамбет , жолдасым” өлеңі.
- Өлеңді тұтас түсініп оқу.
- Сөздікпен жұмыс.
- Өлеңдегі оқиғаларды ата.
- Исатай мен Махамбеттің образын аш.
- Өлеңнің тақырыптық – идеялық негізін аш.
ІV. Сабақты бекіту.
Кестені толтыр.
Не білемін Не білдім Не білгім келеді
V. Үйге тапсырма.- Ақынның ұнаған 3 өлеңін жаттап келу;
- “Исатай деген ағам бар” өлеңіне талдау жасау.
VI. Қорытындылау.
VII. Бағалау.