Планирование урока по географии на тему: О?т?стік Американы? таби?ат зоналары (7 класс) в классах с государственным языком обучения


Сабақ№ Пәні: География 7-сынып. Күні:
Тақырыбы: Табиғат зоналары.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын салыстыра көрсете отырып, табиғат зоналарының топырағын және ондағы тіршілік ететін өсімдіктері мен жануарлары дүниесінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды географиялық тілде сөйлеу мәнеріне баулу, қоршаған ортаны қорғап, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін аялап, сақтауға шақыру.
Дамытушылық: Оқушыларды белсенді іс-әрекет жасауға, білім алуға, іскерлікке, ізгілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, баяндау, іздену, топтық жұмыс
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.
Психологиялық ахуал: оқушыларға Оңтүстік Америка табиғаты туралы видео көрсетіледі
Үй тапсырмасын тексеру:
Географиялық диктант. 
1. Әлемнің ең ірі биік таулы көлі (Титикака) 2. Амазонканың жыртқыш балығы (Пиранья) 3. Оңтүстік Американың биік нүктесі (Аконкагуа) 4. Оңтүстік Америкалық даланың екінші атауы (пампа) 5. Жер шарының ірі жазықтарының бірі (Амазонкалық) 
6. Материкті Отты Жер архипелагынан бөліп тұратын бұғаз (Магелан) 7. Андының сөнбеген жанартауы (Котопахи)
8. Жер шарының ең суы мол өзені (Амазонка)
9. Жер шарының ең кең (1120км) бұғазы (Дрейк)
10. Амазонканың ірі салаларының бірі (Мадейра) 
Жауаптарының реті.
1. Дрейк
2. Амазоналық
3. Аконкагуа
4. Котопахи
5. Памапа
6. Амазонка
7. Магеланды
8. Магелан
9. Пиранья
10. Титикака
Бағалау шкаласы:
1 – 10
2 – 9
3 – 3
4 – 5
6 – 7
7 – 4
8 – 6
9 – 7
10 – 8  
Жаңа сабақты түсіндіру:
Кесетемен танысу.
Мұғалім Оңтүстік Американың табиңат зоналары картасын пайдалана отырып, төмендегі кестені түсіндіріп кетеді. Оңтүстік Америка жерінде мынадай табиғат зоналары ажыратылады: ылғалды экваторлық ормандар (гилея), ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар (сельвас), субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, жалпақ жапырақты ормандар, субтропиктік дала (пампа) зонасы, шөлейт, шөл зонасы
.
Табиғат зонасыТабиғат жағдайыТопырағыӨсімдігіЖануарларыЫлғалды экваторлық ормандар(гилея)мен ауыспалы ылғалды ормандар(сельвас) Орман іші өте ыстық, әрі қапырық, оның төменгі бөлігіне жарық жетпейдіҚызыл-сары ферралиттіАғаштардың биіктігі 80 м-ге дейін жетеді. Мұнда шөптесін өсімдіктер өспейді.Лиана, папоротниктер, орхидея, гевея, бальс ағашы, хина ағашы, какао, сейба, қауын ағашы өседі. Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари шошқасы мен ең ірі су шошқасы – капибара, ягуар, пуна, тоты құс, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда кездеседі. Жәндіктер өте көпСаванналар мен сирек ормандар Ориноко саваннасы –льянос, Бразилия саваннасы –кампос
  Саванналардың көрінісі жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады. Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысадыЛьяноста – пальмалар, акация, биік шөптесін өсімдіктер таралған.Кампоста –ағаштар аз, көбіне тікенекті  кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо өседі. Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсыСубтропиктік дала(пампа) Ла-Плато жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, қыста температураны төмендететін желдер соғып тұрады. Құнарлы шымды қызғылт топырақПампа  шөбі, қоңырбас, қамысПампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер.Өзен жағаларында теңіз шошқасы, терісі бағалы саз құндызы мекендейді.
Шөлейт зонасыҚиыр оңтүстіктегі Патогония жерін қамтиды. Сұр, қоғыр топырақСирек шөптер мен аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәріздес өсімдіктер өседі. Сауыттылардың бірнеше түрі, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы мен пума
Жануарды тап конкурсы:
422719520574000Бұл жануар барлық өмірің ағашқа артылып, төмен салбыраған күйде өткізеді. Тәуліктің 15 сағатын ұйықтайды. Өте баяу. Терісінің түсі жасылдауболғаны орманда жақсы жасырынуына ыңғайлы. Жапырақтармен, бұршақтармен, ағаштың гүлдері мен жемістерімен қоректенеді. Аштыққа төзімді, қатты улануға шыдайды. (жалқау аң).
left194881500Бұл құстардың салмағы 1,5-2грамм, тұмсығы жіңішке, ұзынша келген. Аяқтары әлсіз. Қауырсыны түрлі-түсті. Жүрегі дене тұрқысының жартысынан астамын алады. Ол минутына 1000рет қағады. Алға, артқа, жан-жаққа ұшу қалпында қозғалып, секундына 50 рет қанат қағып, артқа да ұша алады. Бұл құстар өте көп тамақтанады (гүлдер нектары, бунақденелілер, өрмекшілер). Қамауда өиір сүре алмайды. (Колибри)
383667035490150
Бұл Амазонка сельвасын мекендейтін жыртқыш аң. Денесінің ұзындығы 2м, салмағы 120кг. Дене тұрқы мықты, аяқтары да мықты, шыдамды. Жақсы жүгіреді, жүзеді, ағашқа жақсы өрмелейді, кез-келген жануарды қорек етеді (тышқаннан бастап маймылға дейін). Екі атауы бар. Біреуі ағылшын автомашина фирмасы атауына, ал екіншісі АҚШ-тың спорт және аяқ-киім өндірісі фирмасының атауына ұқсайды. (ягуар немесе пума)
left526669000Бұл Амазонка өзені мен оның салаларында көзге түссе үрей туғызатын әдемі қара-алтын түстес, кішігірім денелі балық. Оның астыңғы жақ иегінде ауыр болатын 77 азу тістері, ал жоғарғы жақ иегінде 66 пышақтай өткір тісі бар. Көздеріне түсетін кез-келген қозғалатын жануар не аңға топтасып жабылып шабуылдайды. Өздері өте қияңқы және лезде қозғалады. Жемтігін бернеше секунд ішінде құртып, тек қана таза қаңқасын қалдырады. (Пиранья)
4236720651129000Жалғанаяқтылар тұқымдасының бір туысы, қазіргі кездегі өз түрі ішінен ең ірісі. Денесінің ұзындығы 10 м-дей (1944 ж. Колумбияда ұсталғанның ұзындығы 11,4 м-ден асқан). Жон арқасында 2 қатар қоңыр түсті ірі дақтары, танау тесігінде терілі қатпары болады. Суда жақсы жүзеді, әрі сүңги алады. Оның 4 түрі бар. Олар Оңтүстік Американың тропиктік зонасында тіршілік етеді. Омыртқалы жануарлармен қоректенеді. Кейде үй жануарларына, адамға шабуыл жасайды. Құрғақшылық кезде батпақ арасына тығылып, уақытша ұйқыға кетеді. 28-42-дей тірілей ұрпақ береді, кейбір түрі жұмыртқа салып көбейеді. 5-6 жыл (кейде 28 жыл) өмір сүреді. Жергілікті үндіс тайпалары оны “ HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BC%D0%B0%D0%B7%D0%BE%D0%BD_%D3%A9%D0%B7%D0%B5%D0%BD%D1%96" \o "Амазон өзені" Амазонка рухы”, “Су анасы” деп атын атамай, өзіміздің “Арғы тегіміз” деп табынады және оның бағалы терісі, еті, майы үшін аулайды. (Анаконда)
455295571505 мың жыл бұрын Перуда инк-үндістері бұл жануарды шыдамдылығы жақсы болғасын қолға үйретті. Түйе тұқымдасына ұқсас, бірақ өркеші болмайды. Денесінің ұзындығы 120-200см, құйрығы 20-25см, салмағы 75-80кг. Мойны жіңішке, басы кішігірім, құлақтары ұзынша және үшкірленіп келген. Әсем кірпіктері өзін сүйкімді етіп көрсетеді. (Лама)
Өсімдіктерді тап конкурсы.
Бұл жемістің Отаны – Оңтүсітк Америка. Ол ең алғаш жабайы түрінде кездесіп, биіктігі 1,5м жеткен, өз отанында арамшөп саналған. Өсімдіктің екі кең таралған аты бар. Италиян тілінен аударғанда «pomo-dorro» – «алтын алма" деген мағынаны білдіреді. (Қызанақ)
Бұл жемістің Отаны - Оңтүстік Америка Еуропалықтар Оңтүстік Американы ашқан кезде «майс» деп атаған. Оны алғаш Еуропаға Колумб әкелген. Оны Колумб испан короліне сыйға тартады. (Жүгері)
Отаны Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Оны көптеген елдерде «Екінші нан» деп атайды. (Картоп)
Бұл Амазонкада, Бразилияда өсетін өте құнды ағаш. Ол латекс сусынын береді, одан табиғи резеңке каучук алады. (гевея ағашы)
Бұл ағаштың жемісін үндістер күш-жігер, қайсарлық пен батылдық беретін «Тео брама» деп аталатын сусын дайындаған. Еуропалықтар оған сүт, қаймақ пен қант қосым жаңа дәмді тағам алған. (Какао)
Испандықтар Америкадан күнге ұқсайтын гул әкеліп, оны Мадридтегі ботаникалық баққа жерсіндіреді. Ресейге бұл гул Голандиядан келді, оны І Петр байқаған. Ол гүл атыздарына отырғызылды. Дәндерінің майы салат, консерва, маргарин жасауда қолданады. Тазаланған дәндерден қоспа, козинак жасайды (күнбағыс)
Дәптермен жұмыс: термин сөздерді дәптерге жазу
Гилея – Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары
Сельвас – ауыспалы ылғалды Амазония  ну орманы
Льянос – Ориноко саваннасыКампос – Бразилия саваннасыПампа – Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала
Гаруа – Атакама шөлінде мамыр мен қараша айларында қалыптасатын «соқыр тұмандар»
Ломас – ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдік.
Гуано – құстың саңғырығы, аса бағалы азотты тыңайтқышКескін картамен жұмыс.
Кескін картаға Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналарын түсіріп, атауларын жазу.
Бекіту:
Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?
«Сельвас», «льянос», «кампос», «пампа» ұғымдарын түсіндіріп, табиғат ерекшеліктерін атаңдар.
Материк қандай өсімдіктердің Отаны болып табылады?
Тек қана Оңтүстік америка материгінде ғана кездесетін жануарларды атаңдар.
Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Оңтүстік Американың жалпы табиғат зоналарының түрлерімен таныстық. Материкте өсетін негізгі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін білдік.
Үйге тапсырма: §41-42-оқу. 157-159 беттер. Кескін картаға табиғат зоналарын салып келу.