?дібай Табылды. К?здi? кереметi


Бекітемін
Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Базарова
Пәні: әдебиеттік оқу Уақыты:01.10.2016 ж Сыныбы: 3 «А» Мұғалім:Шотаева Б
Сабақтың атауы Әдібай Табылды. Күздiң кереметi
Мақсаты
Күтілетін нәтиже Мақсатымен міндеттер: мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу,
1.Білімділік: түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру;
2.Дамытушылық: мәтіндерді талдау қабілеттерін дамыту; белсенділіктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ізгілікті-елжанды дара тұлға төрбиелеу; кәсіпкерлікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: күз суреттері
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау, сипаттау
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Қазір жылдың қай мезгілі? Күз айларын ата.Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді? Жануарлардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады?
И.Бази Жеміс бағында - мазмұндау
Оқулық бойынша жұмыс 41-43 бет Әдібай Табылдының «Күздің кереметі».
үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
-тізбек бойынша оқу
тұтас оқу
мәтіндерде не туралы айтылған?
мәтіндегі сары түспен ерекшеленген сөздерді дауыстап оқы.
Бұл сөздер неліктен сары түспен ерекшеленген деп ойлайсың?
Үлгі: Күз .............- осы сөздер неге күз мезгіліне қатысты екенін дәлелде. Күз- мол өнім алатын кез. Себебі, ...
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шаршағандары
басылады
Ой толғаныс Жаңа білімді бекіту: Сурет бойынша жұмыс:
Осы сурет бойынша қандай сұрақтар қоюға болады?
Жемістер:
Көкөністер:
44 бет суретке әңгіме құр (топтық жұмыс) Суретке зер сал.
Мәтінге сүйеніп, дастарқан басында кімдер отырғанын айт.
Дастарқан үстін тағы қандай тағамдармен толтырар едің?
Мәтіндегі Омар ата көрсеткен жемістердің пішіні неге ұқсайды ? Тауып оқы. Суретін салып көр.

Мәтін неліктен «Күздің кереметі» деп аталған? Тағы қалай атауға болады?
А) Жемістер мен көкөністердің аттарын жазып ал.
Ә) Осы жемістер мен көкөністер туралы жұмбақтар құрастыр.
Б) Жеміс-жидектер мен көкөністердің аттарын пайдаланып, сөзжұмбақ құрастыр.

Үйге тапсырма И.Бази Жеміс бағында-мазмұндау
Күз туралы эссе жазу Күнделіктеріне жазады.
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады