Урок на тему: ЕТТЕН ЖАСАЛАТЫН ТА?АМДАР
ЕТТЕН ЖАСАЛАТЫН ТАҒАМДАР
Сабақтың мақсаты: а) бiлiмдiлік: Оқушыларға еттен әзірленетін тағамдар туралы түсінік беру. ә) дамытушылық: Оқушылардың танымдық, іскерлік және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. б) тәрбиелiк: Жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениеттерінің дұрыс қалыптасуына ықпал жасау.
Сабақтың түрi: Практикалық жұмысСабақтың әдiсi: Ауызша, сұрақ-жауап, сөздік, көрнекілік әдіс.Пәнаралық байланыс: Тамақтандыруды ұйымдастыру, жабдықтау.Сабақтың материалдық-техникалық құрал-жабдықтары, көрнекiлiгi: Компьютер, диапроектор, қажетті шикізаттар, бүктемелер.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 5 минут• Оқушылармен сәлемдесу және түгелдеу.• Құрал-жабдықтарын, арнайы өндіріс киімдерін және сабаққа дайындықтарын тексеріп, жұмыс атмосферасын жасау.• Сабаққа кірісу.
ІІ. Кіріспе нұсқау: 50 мин.1) Қауіпсіздік ережесі.2) Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау:Оқушыларға балықтан тағамдар әзірлеу туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі және жаңа сабаққа дайындық жұмыстары жүргізіледі:
Балықты қалай өңдейміз?
Балық уылдырығында қандай дәрумендер бар? (А, Д, С, В)
Балықты фритюрде қалай қуырамыз?
Балық котлетін қалай әзірлейміз?
1 кг Балық котлетінің қоспасына қанша грамм тұз мөлшері қосылады? (20 грамм)
Балықтан котлет қоспасындағы нан мөлшері қанша? (250 грамм)
Балық котлеті қоспасынан дайындалатын қандай тағам түрін білесіңдер? (тефтели)
Балықты қайнатқанда оның қанша пайыз салмағы жоғалады? (20 пайыз)
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
ІІІ. Оқушыларға жаңа сабақ туралы нұсқау беру: 20 минут
Қазақ халқының ең жақсы көретін негізгі ас дәмдерінің бірі — ет. Одан түрлі тағамдар жасауға болады. Етті суға пісіріп те, буға пісіріп те, майға қуырып та, кесектеп турап, отқа қақтап та әзірлеуге болады. Жалпы еттен жасалатын тамақтардың тағамдық құндылығы өте жоғары. Ет адам организміне қажетті май, көмірсулар, минералды заттар (фосфор, темір), А және В витаминдер, экстракті заттарға бай.
Ет тағамдары - еттен, ет өнімдерінен көптеген қою тағам түрлері дайындалады. Мұндай тағамдардағы гарнир массасы 100-200 г-ға дейін, ал тұздығы 50-100 г болады. Тұтынушыға таратылған қою тағамның температурасы 65° С-тан төмен болмауы қажет. Тағамдардың түрлері: пісірілген ет, қуырылған ет, бұқтырылған ет, көміп пісірілген ет, тартылған еттен дайындалған тағамдар және т.б.
Ет өнімдерінің ассортиментіне: котлеттер, тефтельдер, бифштекс, ромштекс, басытқылар және т.б. жатады.
Ет басытқысын дайындау үшін қажетті шикізаттар:
500 г еттен жасалған тартым
500 г картоп
200 г ірімшік (қатты)
350 г қызанақ
150 г жуа
1-2 ас қасық сары майы
тұз
бұрыш
өсімдік майы
ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ:
Картопты тазалап, суға асып аламыз. (Егер картоп ірі болса , оны 2-3 бөлікке бөліп саламыз).
Жуаны майдалап тураймыз. Қызанақты төртбұрыштап тураймыз.
Өсімдік майы құйылған табаға жуаны
салып қуырамыз. Қызанақты қосып, 2-3 минуттай қуырамыз.
Тартымды салып, тұз, бұрыш қосып дайын боламын дегенше қуырамыз.
Піскен картопты еттартқыштан өткізіп, тұз бен сары май қосып араластырамыз.
Ірімшікті майда үккіштен өткіземіз.
Басытқы әзірлейтін қалыпқа тартымымызды саламыз.
Тартым үстіне картоптан жасалған езбемізді салып, бетін тегістейміз.
Ірімшікті себелейміз. тартым салынған қалыпты 180 градус температурадағы пешке салып, 30-35 минуттай пісіреміз.
(Видеоролик)
Бифштекс тағамын әзірлеу үшін қажетті шикізаттар:
Сиыр етінен жасалған тартым - 500 гЖуа - 400-500 гЖұмыртқа - 5 дана.
Ұн - 2 ас қасық
Өсімдік майы - 4 ас қасық.
Сары май - 1 ас қасық.
Тұз – татымына қарай
Гарнир үшін : картоп – 5 дана, сары май – 100 г, тұз - татымына қарай, бұрыш – татымына қарай
Дайындау тәсілдері:
4-5 порцияға 0,5 кг сиыр етін алып еттартқыштан өткізіп, тұз салып араластырамыз. Дайын тартымнан бифштекс формаларын келтіріп ұнға аунатамыз да өсімдік майына екі жағын да қуырамыз.
Әр порцияға 1 жұмыртқадан саламыз. Өсімдік майы құйылған табаға жұмыртқаны шала пісіреміз.
Картопты ұзыншалап турап, фритюрге қуырып, гарнир ретінде ұсынамыз.
Қызанақпен, көктермен әсемдейміз.
(Видеоролик)
ІV. Кіріспе нұсқауды пысықтауӨткен сабақтардың тақырыптарына жалпылама түсіндірме жасап, оны қайталап пысықтау. Берілген сұрақтарға толықтай жауап беру.* Оқушыларға қойылатын сұрақтар:
Қандай ет өнімдерінің ассортименттерін білесіңдер?
Ет басытқысын әзірлеу үшін қандай шикізаттар қажет?
Ет басытқысын қанша минутта әзірлейміз?
Ет басытқысын қалай әзірлейміз?
Бифштексті әзірлеу үшін қандай шикізаттар қажет?
Бифштексті қалай әзірлейміз?
V. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету:
1. Құрал – жабдықтарды пайдалану, жұмыс орындарын дайындау2. Ет тағамдарын әзірлеу тәсілдерінің дайындығына назар аудару және өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдарын түсіндіру3. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
VІ. Ағымдық нұсқау: 240 минут
- бірінші айналымда Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіре отырып оны тереңдете меңгерту.- екінші айналымда Жұмыс орындарының дайындығын қадағалау. Оқушыларға жеке-дара тапсырмалар беру.- үшінші айналымда оқушылардың жұмыс барысында материалды ұғынуына көңіл аударып, сұрақтарға түсінік беру.- төртінші айналымда берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру, әр оқушының іс-әрекетіне көңіл аудару, әсіресе олардың құрал-жабдықтарды пайдалана білуге көңіл бөлу, сапасына техника қауіпсіздігіне көңіл бөле отырып, жіберілген қателіктерді түзету жолдарын түсіндіру, бақылау нәтижелерін дәптерге түсіру.- бесінші айналымда жұмыс сапасын, комплектілігін тексеру, құрал-жабдықтарды, жұмыс орындарын қабылдап алу, әрбір оқушының жұмысын бағалау.
VІІ. Тексеру мақсатында оқушылардың жұмыс орындарын аралау.
Оқушылардың жұмыс орнын аралау кезінде берілген тапсырманы тексеру мақсатында жұмыстардың орындалуын қадағалау
VІІІ. Қорытынды нұсқау : 45 минА) Сабақты қорытындылау Нені білетін едік: Ет тағамдарын, атап айтқанда пісірілген ет, қуырылған ет, бұқтырылған ет, көміп пісірілген ет, тартылған еттен дайындалған тағамдар және т.б. Осы сабақта не түсіндік: Еттен жасалатын басытқының және бифштекстің әзірленуін танып білдік. Келесіде нені білуіміз қажет: Еттен жасалатын басқа да тағамдарды әзірлей білуіміз қажет.
Оқушылардың жұмыстарын қорытындылай отырып, тиімді жұмыс ұйымдастырған жеке оқушыларды атап өту. Жіберілген қателіктерге тоқталып, қажетті нұсқаулар беру. Оқушылар сұрақтарына жауап беру. Оқушыларды бағалап, бағаларын журналға түсіру.
Ә) Үй тапсырмасы
1. Жаңа сабақты қайталау2. Бифштекске басқа да гарнир түрлерін әзірлеу. 3. Қысқаша жазылған конспект мен оқулық бойынша (74 бет) дайындалулары қажет.
Оқушыларға «Сабаққа қатысты сұрақтарың бар ма?» –деп пысықтап, сұрақтар бар болса – жауап беремін, бұдан кейін тағы да «Сабаққа қатыссыз сұрақтарың бар ма?» – деп, олардың көңіл-күйін, проблемаларын түсінуге тырысамын.
Өндірістік оқу шеберлері: Ильясова А.К.