Бала т?рбиесіндегі ?дебиет п?ніні? алатын орны
«Басқаларды үйрете жүріп, біз өзімізді үйретеміз»
Сенека Луций
Мұғалімнің аты-жөні: Макарова Асылзада Мүсірғалиқызы
Жұмыс өтілі : 12 жыл
Жұмыс орны: Тасқала ауданы, ЖББ Оян ОМ.
Қызметі:қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Шебер-сынып жоспары:
Тақырып: Бала тәрбиесіндегі әдебиет пәнінің алатын орны.
Шеберлік –сыныптың мақсаты мен міндеттері:
Мұғалімдердің бала тәрбиелеу , салт-дәстүр, әдебиеттік бағыттағы шығармалар формалары жайлы білімдерін жетілдіріп, өзіндік талдау жасату, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы топтық жұмысқа ықпалдастыру.
Күтілетін нәтиже:
Ұстаздар топпен жұмыстану арқылы тұлғаны жан-жақты талдау жолдарын игеруді жетілдіреді, тәрбие мен әдебиеттің егіз ұғым екенін ескереді.
Бағытталған аудитория: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері.
Шеберлік-сынып барысы: Қызығушылықты ояту, топқа бөлу.
Әдіс-тәсілдері: Ықпалдасу, топтық жұмыс (бірлесіп талқылау)
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, таныстырылым, стикерлер, маркер, ватман т.б.
Жұмыс кезеңі
Ұйымдастыру бөлімі. Топқа бөлу.
(Өлең жолдар, тәрбиелік мақсаттағы нақыл сөздерден үзінді қиықтарды алу арқылы топқа бөлінеді)
І топ. Тәрбие; « Ұлдың ұяты-әкеге, қыздың ұяты-шешеге»
ІІ топ. Салт –дәстүр; « Дәстүрі берік халықтың болашағы - жарық күн»
ІІІ топ. Әдебиет; « Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң әрқалан»
Топтық жұмыс. Ой өрбіту арқылы тақырыпты ашып, бірлесіп талқылау.
І топ. Ұлдың ұяты-әкеге, қыздың ұяты-шешеге
“Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында” Н.Ә. Назарбаев
ІІ топ. Дәстүрі берік халықтың болашағы - жарық күн
Халқымыздың салт - дәстүрлеріндегі бала тәрбиесіне байланысты жоралғыларды әдебиетпен ұштастыру арқылы халық ауыз әдебиетімен сусындату, мәлемет беру.
ІІІ топ. Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң әрқалан.
Әдебиет сабағында қызықты әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың әдебиетке деген құлшыныстарын арттыру
Эссе. « Бала» , «Тәрбие», «Әдебиет»
4)Қорытындылау.
Фальга қағазынан мүсін жасап «Менің шәкіртім!», «Менің балам!» Кім? Қандай? Ақын,жазушылардың шығармаларынан мысал келтіріп, қорытындылау.
Мыс: Қайық жасап; Тәуекел түбі жел қайық, мінесің де өтесің.
(Шәкіттерім алғыр, тәуекелшіл).