Балалар мен жас?спірімдерді? ?леуметтену проблемасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Жоба тақырыбы:
Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену проблемасы
Жетекші: психология ғылымының кандидаты Сансызбаева Қ.З.
Орындаған: Кожекбаева М.К.
Ақтөбе – 2015 ж.
Жоспар
КІРІСПЕ.....................................................................................................3
І Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің теориялық негіздері.....................................................................................................
І.1 Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің жағдайы......................................................................................................
І.2 Балаларды әлеуметтендірудің ерекшеліктері.............................................................................................
ІІ Жасөспірімдер тәрбиесі мен әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер............................................................................................
ІІ.1 Жасөспірімдердің дамуының психологиялық ерекшеліктеріне ғылыми көзқарас......................................................................................................
ІІ.2 Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделу проблемасы................................................................................................
ІІ.3 Жасөспірімдердің дамуындағы мінез-құлық ауытқушылықтары....................................................................................
Қорытынды..............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Бейімделу процесі барлық тіршілік атаулыға, соның ішінде адамға тән қасиет;
Жасөспірімнің дұрыс бейімделмеуі оның болашақта әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына кедергі келтіруі;
Жасөспірім шақ – физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістерге ұшырауы.
Мақсаты: тұлғаның әлеуметтік бейімделуіне педагогикалық тұрғыдан жағдай жасау, оның тұлғасын әлеуметтендіру, өзінің жетілуі мен өзін-өзі тәрбиелеуге, проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу және ортаға бейімделуін қалыптастыру.
Міндеті:
Жасөспірімнің тұлғасын қалыптастыру және дамытуда оны әлеуметтік тұрғыда қолдау;
Жасөспірімдік шақтағы өзін-өзі танудағы іс-әрекеттің жетекші түрін анықтау;
Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтену проблемасын қарастыру.
Әдіснамалық негізі:
Жасөспірімнің адамгершілік тәрбиесі мәселесін Отандық психологтардың ішінде Марьенко И.С., Боровский М.И., Болдырев Н.И. қарастырған.. Олардың еңбектерінде баланың тұлғалық қалыптасуындағы адамгергішілік тәрбие маңыздылығы ерекше аталып, адамгершілік тәрбие берудің маңызды шарттарын анық көрсетіп отырады, жасөспірімнің тұлғалық дамуының адамгершілік тәрбиемен маңыздылығын теория арқылы дәлелдеген.
І БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І.1 Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендірудің жағдайы
Әлеуметтену – индивидтің нақты қоғамға, әлеуметтік топқа тән қүндылықтарды, нормаларды, мінез-құлық үлгілерін игеріп, тұлғаға айналу процесі. Әлеуметтену бастапқы (балалық шақ, бозбалалық кезең, жастық шақ) және екінші (егде жас) болып бөлінеді. Социология ғылымы «ұрының баласы қашанда ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туылады» деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені адам анасынан бірден мәдениетті болып туылмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процесінде ғана қалыптасады. Әлеуметтену – мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше биологиялық емес әдіспен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеуметтік жолмен жүзеге асады; әрбір индивид, әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан айнымай жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда «индивидтің әлеуметтенуі» деп атайды. Әлеуметтену – тура мәнінде, жарық дүниеге келген адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық – психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттақ, әлеуметтік маңызды қасиетерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы тлғаға айналдыру жолы. Сондықтан әлеуметтену дегеніміз, индивидтің әлеуметтік орамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, осының барысында бір жағынан – адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан – қоғам тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді.
А.В.Мудрик әлеуметтендіруді адамның бүкіл ғұмырында қоғам мәдениетін ұдайы өндіру мен меңгеру үрдісіндегі өз орнын алуы мен дамуы ретінде түсіндіреді.
А.И.Ковалеваның пікірінше, әлеуметтендірілген норма индивидтің қоғамға кірігуінің қалыптасқан әрі реттелген әлеуметтік механизмін көрсетеді, адамның жас мөлшері мен жеке даралық психологиялық мінезін ескерген тұлғалық дамудың бағыт алуы.
Әлеуметтену адамды жеке-дара қайталанбайтын ерекшеліктерден гөрі, типтік, топтық қалыптастыруды мақсат етеді. Типтік – бұл әлеуметтік өзара әрекеттің әралуан түрлерімен біріккен, адамдық тұлғаға қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. Тұлғаның типтік мазмұны топта және тұтастай социумда бейімделуді қамтиды, белгілі бір мәдениетке жататын адамдардың өзара әрекет қалыпты өлшемдері мен өзара түсіністіктің кейбір деңгейін жалғастырады.
Әлеуметтендірудің үздіксіз үдеріс екендігі жоғарыда атап көрсетілді, әлеуметтік деңгейі жаңа әлеуметтік тәжірибені адамның меңгеру мөлшеріне қарай өзгеретіндігі айтылды. Сондықтан әлеуметтену сатыларын анықтауда зерттеушілер балалық шақ жылдармен шектелмейді, еңбекке дейінгі, еңбектегі және еңбектен кейінгі әлеуметтенуді сипаттайды.
Баланың әлеуметтену үрдісінің психологиялық мәнін сипаттай отырып, бұл үрдістің мазмұны, бір жағынан, баланың әлеуметтік тәжірибесі, тағы бір қырынан, қоғамның мәдениеті мен психологиясын анықтайтынын атап өту қажет. Тұлғаның қалыптасуын анықтай келе, әлеуметтену екі түрлі жолмен іске асады.
* жеткілікті ұйымдастырылмаған әрі бақылауға алынбаған жан-жақты әлеуметтік ықпал (отбасы, мектеп, аймық ықпалы, БАҚ әсерлері);
* әлеуметтік қалыптасудағы нәтижелері арқылы ғана байқалатын кездейсоқ туындау (өзгермелі қатынастар, көзқарастар, бағалаулар, құндылықтар).
І.2 Балаларды әлеуметтендірудің ерекшеліктері
Баланы әлеуметтендіруге бағытталған және баланың нақты жеке проблемаларын шешуге мүмкіндік беретін іс-әрекет әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет болып табылады. Балалардың әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет дигностикалық жұмыстардың ерекше мәні мен баланың проблемаларына кешенді тұрғыда қараумен, оған педагогикалық қолдау көрсетуге, бала мен ересетер арасындағы ынтымақтастықпен, әлеуметтік ортамен өзара әрекет етумен сипатталады.
Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге дейін жүреді. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан немес жаңа әлеуметтік нормаларды игерген адам. Қоғамда тұлғалық дамуға жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Әлеуметтену алғашқы реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену балабақша, мектеп әлеуметтік ортада т.б. жалғасын табады. Негізінен әлеуметтену үдерісінің негізгі агенттеріне отбасы, білім, неке сияқты әлеуметтік институттардың әсері мол. Отбасыда алған – тәрбие білім берумекемелерінде алған – білімі және т.б. институттардан алған түрлі оң құндылықтар адамның өмір бойы дұрыс, сапалы өмір сүруінің кепілі болады.
Қоғамның тұрақтылығы балансының негізгі талаптарының бірі – әлеуметтік жүйені құрайтын адамдық әлеуетті қалыптастыру. Адамдық әлеует дегеніміз – тек қана халықтың демографиялық әлеуметтік жағдайы ғана емес, сапалы әлеуметтік каптиталдың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жастардың әлеуетін арттыру және оны елдің дамуы бағытында қолдану – мемлекеттің негізгі міндеті. Ал адамдық әлеует дұрыс әлеуметтену үдерісінен өткен индивидтерде көрініс табады.
Ковалева А.И. әлеуметтену нормасы үш түрлі типін көрсетеді: идиальді, нормативті, шынайы жағдай.
Әлеуметтену нормасының идеальді типі тұлғалық дамуға бағытталған қоғамдық идельдармен анықталады. Бұл – шынайы жағдайдан алыс бірақ соған жақындастырылған тип. Көбіне манфест саяси бағдарламалар т.б. құжаттарда идеологиялық немес тәрбиелеу мақсаттарында идельді тип әлеуметтенуі қолданылады.
Нормативті әлеуметтену индивидтің қандай болу керек, оған сәйкесінше әлеуметтік инститтуар индивидтің қоғамға интеграциялануын қамтамасыз ету шараларын көрсетеді.
Шынайы әлеуметтену – қоғамдағы адамдардың нақты жағдайда әлеуметтенуінің жиынтығы. Шынайы әлеуметтену нормативті типке ұқсас, кейде қарама-қарсы болып та кездесе береді. Әлеуметтенудің бұл түрі түрлі бағытта болуы м үмкін. Ол адамның қоғамдағы орны әлеуметтік мәртебесі құндылығы т.б. сияқты обьективті немес субьективті себептердің әсері болады.
ІІ ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ МЕН ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
ІІ.1 Жасөспірімдердің дамуының психологиялық ерекшеліктеріне ғылыми көзқарас
Адам алғаш дүние eciгiн ашып туғанда, «өздігімнен еш нәрсеге дәрменім жоқ, мені күні-түні бағыңдар, қарандар, сақтаңдар» деп зар қаға жетсе, ал екинши рет жаңғыра түлегенде кісіліктің келбетін шарқ ұра іздеп, «маған үйретпеңдер, артымнан бағып бақыламаңдар, мен бәрін де өзім шешемін, өз бейнетімді өзім көремін» деуге дейін барып, айналасына зар салуға дайын тұрады. Кез-келген жасөспірімдердің ішкі ойлары осындай тайталас пікірлерге толы болады.
Жасөспірімдер - 11 жас пен 15 жас аралығындағы балалар. Жасөспірімдік шаққа жеткен жастардың көңіл күйлері мен ой-толғаныстарына, үлкен-кішісімен сыйластық қарым-қатынастарына, әcipece құрбы-құрдастарымен байланыстарына, әлеуметтік ортаның жақсы әсер ететіндігін жақсы білген жөн. Осы шақта жасөспірімдердің айналасындағы барлық құбылыстар: көрген кинолары да, оқыған кітаптары да ішкі болмыстарына, ішкі жан дүниелеріне соқпай кете алмайды. Оны әлдеқалай нәзік ceзімдергe түсіріп тебірентеді, алақұйын күйге келтіріп толғантады. Осындай әсерлерден психологиялық танымдары қалыптаса бастайды. Жасөспірімдердің дұрыс қалыптасып ер жетуіне ең қажетті жағдайдың 6ipi - оның салыстырмалы тәрбие алар ортасының маңызы өте зор. Егер де, жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеуә мен сырттай алатын тәлімдері ундесіп жатса, бұдан артық жаксылық та, жарастық та болуы мүмкін емес. Мұндай үндестіктер барлық игілік атаулының бастауы болмақ.
Танымдық, әлеуметтік-психологиялық қажеттілікті мектептен табады. Жасөспірімдер қоршаған ортаның жағымсыз кepi әсерінен аулақ болғысы келеді, заң алдында жауапкершілігі пайда болады да ересектердің ықпалында қалып қояды. Жасөспірім кезеңінде адамда жан қуатының сапалық және құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, caнa-ceзімінің артуы, айналасындағы қарым-қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түcyi, моральдік этикалық түсініктер т.б.) қалыптасады. Бұл кезде жасөспірімдер әсіресе, берілгіштікке салынып, қимыл-қозғалысқа құштар келеді. «Өзім білемге» салыну ер жеттім деп ойлау кейде жаңсақ тepic қылықтарға соқтыруы да ықтимал.Осы кезеңде олардың психикалық
ерекшеліктерімен санасып, тиісті жерінде талап-тілектерін қолдап, түрлі қоғамдық пайдалы істерге (оқу, еңбек, спорт) белсенді түрде қатыстырып отыру керек. Жастардың мектеп қабырғасындағы кезеңдері олардың нағыз кісіліккe ұмтылатын шақтары. Бала балиғат жасына жеткеннен кейін, бейне дүниеге екінші рет келгендей, яғни жаңғырып қайыра келгендей уәж кешеді. Осы кезеңдерде олардың ішкі сезімдері мен жан дүниелері ғана өзгеріске ұшырап қоймайды, сонымен қоса, олардың дене бітімдері де алуан түрлі өзгерістерге ауысады. Кейбіреулерінің денелері өте жылдам сұңғақтаны, тіпті өзіне-өзі ұнамай олпы-солпы сияқтанып та көрінедi. Мұндай үндессіздіктерге риза болмай, іштей уайымдап қапаланумен де күндер кешеді. Сондықтан да, олардың психикасы ұстараның жүзіндей лыпылдап, кейде дұрыс айтылған сөздің өзі шаншудай қадалып, қарама-қайшылығы мол пікірлерге қалай барып қалғандарын, тіпті өздері де аңғармай қалатындықтары жиі ұшырайды. Осының салдарынан ішкі қуаттарын босқа шығындап, мезгілсіз ұйықтап қалатындықтары да жиі болады. өзін-өзі ұстай алмайтын ашуланшақ балалардың қан қысымдары да (140-150/90) жиі көтеріліп кететін сәттері мол. Мұндай құбылыстар ата-ана мен баланың да көңілдеріне кірбің түсіргенімен, жайлы жағдайларға ауысса-ақ болды, қан қысымы қалыпты мөлшеріне келіп іс-түссіз жоғалып кетеді. Көптеген авторлардың пікірінше, жасөспірімдік кезеңде тұлға өзін-өзі іс-әрекет және қарым-қатынас субьектісі ретінде тани отырып, олар өздерінің өмірдегі орнын да таниды. Осыған орай, И.С.Кон былай деп жазады: «жасөспірімдер өзі туралы мен кіммін?» деген сұрақты қоя отырып, ол тек өзінің жеке қасиеттерімен қоғамдағы орнын сипаттап беруді ғана талап етпейді, ол сонымен қатар мен кім бола аламын, менің мүмкіндіктерім мен перспективаларым қандай, осы өмірде мен не істедім және не істеуім керек? Деген сұрақтарға жауап іздейді. Ал бұл сұрақтарға адамның іс-әрекетіне қатыссыз объективті түрде жауап беру мүмкін емес».
Жасөспірімдік шақта баланың ересектермен өзара қарым-қатынасының өзара күрделене түсуіне байланысты, өзін-өзі тану жаңа қасиеттерге ие болады және сапалы өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірімдік кезеңде бұл өзгерістерді С.Л.Рубенштейн былай деп түсіндіреді: «Жасөспірімдік кезеңге қарай өзін-өзі танудың дамуы бірнеше сатылардан өтеді, аңғырт хабарсыздықтан тереңірек өзін-өзі тануға қарай өзгере бастайды». Өзін-өзі танудың сапалық өзгерістері жасөспірімдік кезеңде соншалықты үлкен және мәнді, сондықтан жасөспірімдік шақтың ерекшеліктерін суретей отырып, осы кезеңнің басты өзгерісі ретінде өзін-өзі танудың дамуын есептейді.
Жасөспірімдік шақтағы өзін-өзі танудың қалыптасу мәселесі осы кезеңде мұндай көп факторлы, көп жоспарлы процестің жаңа деңгей мен жаңа сипатқа ие болуына байланысты ерекше маңызды. Ол жасөспірімдердің қабілеттері мен индивидуалдық ерекшеліктеріне ғана емес сонымен қатар олардың бүкіл тіршілік әрекетін жүйелі түрде мақсатқа бағыттап, ұйымдастыруға да байланысты анықталады.
Осы аталған себептердің қатарында әсіресе баланың әлеуметтік-психологиялық қараусыздығы оларға қоршаған ортаның немқұрайлы қатынасы басты орын алады. Нәтижесінде шет қалу, өзінің қажет еместігі, қорғансыздығы туралы сияқты сезімдер туындайды. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.
ІІ.2 Жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделу проблемасы
Жасөспірімдердің жасы жалпы «қиын» және «дағдарысты» кезең деп саналады. Себебі, қысқа уақыт аралығында алдыңғы қызығушылығы, қарым-қатынасы т.б. ерекшеліктері көптеген сапалы өзгерістерге ұшырап балалардың осы жас аралықтағы даму үрдісінде үлкен секіріс байқалады. Аталған өзгерістер жасөспірімдерді тәрбиелеуде елеулі қиындықтар туғызады. Жасөспірім үлкендердің әсеріне берілмеуіне тырысады, бойларынан түрлі сипаттағы қарсылық көрсету мен тыңдамаушылық байқалады (бірбеткейлік, ызақорлық, ашушаңдық, теріс қылық, тұйықтық, т.б.). Жасөспірімдердің жас аралық шектеулері шамамен 11-12 жастан 16-17 жасқа дейін. Бұл кезде адам ағзасының толық өзгеруі, құрылымдық өзгерістері басталады, өсудің рухани және физикалық үдерісі белсенді түрде жүреді. Жасөспірімдік жаста жыныстық пісіп жетілу байқала бастайды. Физиологиялық өзгеруі олардың іштей қатты уайымдатады. «Мен басқалардың алдында қалай көрінемін?» деп ойланады. Сөйтіп, бұл сұраққа жауап іздей келе жасөспірім өзінің дене бітімі, бет-әлпеті және есіміне байланысты іштей ойлана бастайды. Мұның барлығы ағзаның физикалық ерекшелігіне байланысты. Өз бойында жүріп жатқан физикалық өзгерістерді жасөспірім саналы түрде байқап сезіне бастайды. Өз-өзін күштірек санап сенімдірек сезіне бастайды. Бұл сезімдер оның өз отбасында, мектепте, жалпы қоғамда жаңа орын иеленуге деген қажеттілігін туғызады. Сөйтіп жасөспірімнің әлеуметтік ортаға енуі басқаша айтқанда жаңа сатыдағы әлеуметтенуі басталады.
Жасөспірімдердің әлеуметтену мәселесіне байланысты көптеген тұжырымдар бар. Солардың арасынан ресейлік ғалым Г.М.Андрееваның көзқарасына сүйенетін болсақ жасөспірімнің әлеуметтену мазмұны үш аумақтан (сферадан) тұрады: іс-әрекет, қарым-қатынас, өзіндік сана. Осы үш аумақтың өзіне тән психологиялық ерекшелігі болады. берілген аумақтардың жалпы сипаты жасөспірімнің сыртқы ортамен әлеуметтік байланысы ауқымды түрде кеңейеді және көбейе түседі. Енді осы үш аумаққа жеке тоқталып кетсек.
Іс-әрекет аумағы. Жасөспірім барлық әлеуметтену уақыты бойында өзінің іс-әрекет қорын кеңейтумен, көбейтумен, үнемі жаңа іс-әрекеттер мен тәжірибелерді меңгеру үстінде болады. жасөспірімдік кезеңде балалар мектепте үлкендермен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастың жаңа жүйесіне көшеді. Олардың отбасындағы құрбы-құрдастар арасындағы орын өзгереді. Іс-әрекетінің аумағы кеңейе түседі, ең бастысы, осы іс-әрекетінің сипаты саналы тұрғыда өзгереді, күрделене түседі. Іс-әрекеттердің көптеген түріне қатысып, өздерін белсенді ұстай бастайды. Мәселен оқу-білім іс-әрекеті, шығармашылық еңбектер, қоғамдық-сяси және қоғамдық-мәдени жұмыстар, физикалық спорттық мәдени әрекеттері, ұйымдастыру шаралары т.б. Тек оларды дұрыс бағыттап отыру керек. Егер жасөспірімдердің іс-әрекеттері ұйымдастырылмаған және жүйесіз болса, онда олардың іс-әрекеті жағымсыз бағытқа ауысып кетуі де мүмкін.
Жасөспірімнің негізгі уақыты оқу әрекетіне бөлінеді. Бастауыш мектеп оқушысына қарағанда жасөспірімнің оқу әрекеті маңызды өзгереді. Оқудың жаңа түрлеріне, кұрделі талаптарға тап болады. оқу материалының мазмұны күрделенеді. Түрлі ғылымдардың негізін оқи бастайды. Бұл жасөспірім тарапынан дамыған теориялық ойлауды, білімге деген жаңа танымдық қатынасты талап етеді. Оқу мантивациясы үнемі өзгереді. Оқу әрекетінде жасөспірім әлеуметтік тәртіпті жетекшілікке алады: өзінің оқушылық міндеті мен парызын орындауда болашақ кәсібіне жақсырақ даярлануды, ұжымда құрметті және қадірлі орынды иеленуді қалайды. Сонымен қатар, әлеуметтік тұрғыдан бағалануға және басқалардың алдында өзін көрсетуге ұмтылады. Жасөспірімнің оқу әрекетінің мәні олардың өздігінше білім алуы мен өз-өзін жетілдіруде.
Баланың жасөспірімдік жастағы әлеуметтік позициясының өзгеруі өмірде, қоғамда және үлкендермен қарым-қатынас кезінде белгілі-бір орын алуға ұмтылуы оның өз-өзіне баға беруін күрт өзгертеді. Осыдан барып «Мен және қоғам» жүйесіндегі өзін бағалауға деген қажеттілігі едәуір жоғарылады. «Мен және менің қоғамға тигізер пайдам», «Мен және менің қоғам өміріне қатысым» деген сияқты тұжырымдар жасөспірімнің өзін бағалауына әсер етеді. Жасөспірімнің қоғамдағы орны оның айналысатын іс-әрекетімен анықталды. Айналысатын іс-әрекеті неғұрлым әлеуметтік мақұлданған сипатта (көпшілік қолдайтындай әрекет) болса, онда бұл әрекет осы жас аралық кезеңде жетекші рөл атқарады.
Қарым-қатынас аумағы. Адам қарым-қатынасы оның іс-әрекетімен үздіксіз байланыста болғандықтан, бірқатар ғалымдар (Б.Г.Ананьев,А.А.Леонтьев, В.С.Мухина, А.В.Мудрик) қарым-қатынасты әлеуметтендіру тұрғысынан қарастырған. Олар әлеуметтену барысында қарым-қатынастың кеңейе, тереңдей түсуін пайымдайды. Жасөспірімнің әлеуметтенуінде оның қарым-қатынасқа деген қажеттілігі арта түседі. Осы жаста баланың «үлкендермен байланыс» жүйесінің орнына «құрбы құрдастармен байланыс» жүйесі келеді. Сонымен үлкендер түсіне алмайтын өзінің жеке «әлем тұжырымын» құра бастайды. Жасөспірім құрбы құрдастарының арасында өзін тұлға ретінде көрсеткісі келіп тұрады. Үлкендерге қарағанда қатарластарымен қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі басыңқы келеді. Жасөспірімге қоршаған адамдардың өзі туралы берген бағасы құнды әрі қажет болып табылады. Осы қажеттігін ол үлкендермен қарым-қатынасқа түсу арқылы қанағаттандырғысы келгенімен, үлкен-кіші деген жас аралық айырмашылықтарына байланысты, бұл оған қиынға соғады.Өзінен кішілермен араласуында басқаларды бағалау қажеттігі қанағаттанып отырады. Бұл құбылыс (яғни, басқаларды бағалау қажеттігін қанағаттандыру) жасөспірімнің қоғамдағы өз орнын білдіру, өзінің бар екенін көрсету қажеттігіне туындайды.
Д.Б.Эльконин, О.В.Драгунова қарым-қатынасты жасөспірімдердің жетекші іс-әрекеті ретінде анықтайды.
Жасөспірім қарым-қатынасының мазмұнын келесі компоненттер құрайды.
рухани құндылық мәселесі (өмірдің мәні, әлемдік мәселелер);
өмірдегі болатын жағдайлар (отбасы өмірі, таныстары мен достарының топтары, өздерінің және қоршағандардың іс әрекеттері, жасаған іс қылықтары);
эмоциялық ортақтасу (уайым қайғы немесе қуаныштарына ортақтасу, бір нәрсеге біреулерге деген қарым-қатынас барысында туындаған көңіл күйлерін, сезімдерін бірге кешу т.с.с. мәселелер бойынша ортақтасу)
әсерлер (тұрмыстық сұрақтар, кең мағынадағы заттар туралы әңгіме);
Өзіндік сана аумағы: Жасөспірімнің тұлғалық өз сана-сезімінің дамуын Т.В.Драгунова, В.В.Давыдов, В.А.Крутецкий, А.В.Петровский, т.б. ғалымдар зерттеген. Олардың зерттеуінде жасөспірімнің әлеуметтік орта жағдайындағы биологиялық, психологиялық ерекшеліктерінің өзгеруі, соған байланысты олардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған талаптардың көбеюі сияқты мәселелер қарастырылған.
Өзіндік сана-сезім актісі (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекетін реттеу, өз-өзіне деген қатынасы, өз қасиеттерін танып білу) тұлғаның ең маңызды қажеттеліктерінің бірі болып есептеледі.
Осындай қажеттіліктің негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік сапалары туындайды. Тұлғаның мұндай өзіндік сана-сезім актісін олардың рефлексиясымен түсіндіруге болады [13].
Рефлексия (лат. Reflexio – бейнелеп көрсету) – субъектінің психикалық акті мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі. Рефлексия жеке адамның өз санасындағы өзгерістер туралы ойлану процесі... субъектінің өзін өзі байқауы.
Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым. Жасөспірімнің осы кезде қалыптасқан сана-сезімі, В.А.Мухинаның пікірінше, оның өмірлік қалыптасуында басшы роль атқарады.
Осы кезеңде физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуында жақсы жетістіктермен бірге кері психологиялық қиындықтарда заңды түрде туындай бастайды. Жасөспірімнің ақыл-ойының дамуы оларды өз-өзіне сенімсіз және уайымшыл етеді.
Рефлексияның арқасында іштей өзіндік талдау жасайды: өзін ғана емес басқа да құрбы-құрдастарын танып біле бастайды, жауапкершілігі артады, ойланып әрекет жасайды, өзін жігіт немесе бойжеткен ретінде сезінеді; бұрынғы іс-әрекетін қазіргісімен салыстырып, болашаққа көз жүгіртеді; өз құқығы мен міндеттері туралы ойланады; ортасындағы үлкен құрбыларының іс-әрекетіне қызығып, сұрап, білгісі келеді. Осы орайда еліктегіште келеді. Өз өзіне «Мен кіммін?» деген сұрақты жиі қоя бастайды. Үлкен адамдардың алдында өзінің жеке адам екенін, даралығын білдірткісі келеді де, өз бетінше әрекет жасауға ұмтылады. Сол үшін коп жағдайда үлкендердің әсеріне берілмеуге, қарсылық көрсетуге, тыңдамауға бейім келеді. Өзінің мінез құлқын саналы түрде жасалған немесе меңгерілген өлшемдер мен нормалар негізінде құруға тырысады [14].
Жалпы айтқанда, жасөспірімдік кезең – өте бақытты шақ. Тұрақты эгоцентризмнің нақты қауіпі невротизм белгісі бар жасөспірімдер де ғана байқалады. Ал мінез-құлықтың әлеуметтік нормадан ауытқуы (кикілжіңдік, өзін-өзі сыйламаушылық, ортада адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, мазасыздық, девиантты және деликвентті мінез-құлық т.б.) – әлеуметтену процесі бұзылған немесе тұлғаның дұрыс әлеуметтенбеген жағдайларда ғана пайда болады. Сондықтан, осындай жағдайдағы балаларды «қиын» бала ретінде емес, қайта қоғам тарапынан «көмек қажет етуші» бала ретінде түсіну қажет.
Әлеуметтендіру дегеніміз – белгілі бір себептермен күйзеліске душар болған, торығу нәтижесінде қатардан шығып қалған не болмаса саяқтық, оқшаулану секілді қоғамдық ортада өмір сүруіне кедергі болатын мінез-құлқын тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, қалпына келтіру арқылы тұлғаны қатарға қосу.
Әлеуметтену – адамның әлеуметтік нормалары мен мәдениет құндылықтарын игеру процесі мен нәтижесі. Әлеуметтену үрдісінде екі мәселе шешіледі.
Әлеуметтік адаптация (бейімделу) – жеке адамның ортаға бейімделуі барлығымен бірге болу. Балаға барлық бағытта көмектесу. Баланың әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, оны әлеуметтік өмірге араластыруға және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталады.
Әлеуметтік автономизация (оқшаулану) – ортамен бірге бола отырып, өзімен-өзі болу, іс-әрекеті мен қарым-қатынастарында табанды болмай, тұлғаның өзін бағалай білмеуі.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам адамгершілік тұрғылық қарым қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу – әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне, баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына қарай әлеуметтік бейімделуін қалыптастырады. Мысалы, мүгедек бала еркіндікті, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қажетті дайындық алуға құқылы. Әлеуметтендірудің мәні адамның қоғамға бейімделіп жекеленуі болып табылады. Ал тұлғаны әлеуметтендіру үшін тек қана қоғам ған емес ең бірінші әрбір адам белсенді роль атқаруға тиіс.
ІІ.3 Жасөспірімдердің дамуындағы мінез-құлық ауытқушылықтары
Жасөспірімдік кезең аралығында адам бойында физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістерге ұшырауына байланысты, жасөспірімнің жаңа сатыға әлеуметтенуі басталады. Осы кезеңдерде жасөспірім бойында ызақорлық, ашушаңдық, теріс қылық, тұйықтық, қиқарлық мінездерінің болуы, дене бітімнің, бет әлпетінің өзгеруі, жыныстық жетілу, қоршаған ортамен байланысы түзеле бастайды. Болжамдар бойынша жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделуі түрлі деңгейде болуы баланың тұрғылықты жеріне, әлеуметтік ортаға және тұлғаға бағытталған тәрбиеге байланысты.
Әлеуметтік бейімделу процесі өзгерген ортаға бейімделіп, әртүрлі әлеуметтік құрал көмегі арқылы жаңа әлеуметтік рөлдер мен ұстанымдар нәтижесін меңгеруін қарастырады.
Кері процес – бұл дезадаптация – баланың жеке қажеттілігіне лайықты болмауы. Баланың сабақ үлгерімі төмендеуі, тәртібінің нашарлығы мен кикілжіңге келуі білінеді.
Мектепшілік дезадаптациясының негізгі себептері:
жасөспірімнің жағдайы төмен жанұядан шығуы;
жыныстық толысуға және тұлға болып қалыптасуына байланысты;
өз қатарластарымен, айналасындағы үлкен адамдармен қарым-қатынасқа түсе алмауы;
жасөспірім дүниетанымының төмендігі және өз ойын еркін жеткізе алмау кемшіліктері;
психологиялық және физиологиялық дамуындағы өзгерістері.
Балалардың әлеуметтік-педагогикалық олқылығының пайда болу тетігі мен дамуы баланың тұлға болуға деген қажеттілігі мен сондай болу мүмкіндігінің арасындағы қайшылықтар негізінде іске қосылады.
Әлеуметтік-педагогикалық олқылық ерте балалық шақтан, шамамен үш жастан басталады, яғни баланың өзіндік санасының, мінез-құлқының ережеге сәйкестігінің және нормативтік іс-әрекетінің дами бастаған шағымен қатар келеді. Жағымсыз даму жағдайында олқылықтардың сандық белгілері мен көріністері жинақталып қалды.
Ауытқушы (девианттық) мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нысандарға сәйкес емес әлеуметтік мінез құлықты айтамыз (И.Невский).
Белгілі әлеуметтанушы И.Кон девианттық мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе адами қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс-әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Бейімделуші мінез-құлықтың тұжырымына сәйкес кез келген ауытқушылық бейімделудің бұзылуына алып келеді (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық, қоғамдық) [15].
Балалар мен жеткіншектердің мінез құлқындағы ауытқушылық көріністері олардың адамгершілік және әлеуметтік дамуы жағынан дара ерекшеліктер мен тұлғалық көріністеріне, нақты жағдаяттар мен өмір жағдайларына және іс-әрекеттеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін.
Мінез-құлықтық реакция бір рет немесе жүйелі түрде әсер ететін өмірдің жағымсыз жағдайларымен және шарттарымен негізделеді. Соңғы жағдайда нақ осы немесе басқа ахуалға алып келетін мінез-құлықтағы өзгерістерге біртіндеп тойтарыс беруді, қарсы шығуды, ұялуды, агрессияны келтіре аламыз. Бұл реакциялардың көріну нысандары өте көп болуы мүмкін. Олар әрдайым жойылуымен қоса бұл да жоғалады. Бірақ, ондай жағдайлар жиі қайталанып, бірінің үстіне бірі қатпарлана берсе, онда реакциялар беки түседі және басқа типтегі мінез-құлықтың дамуына алып келетін тұрақты психологиялық кешендер туындайды.
Жасөспірімдердің мінезіндегі ауытқушылықтың себептері мен факторларына тоқталып өтсек:
дұрыс тәрбиеленбегендерінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығы, мінез-құлқындағы жағымсыз топтардың қалыптасқандығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
жайсыз отбасылық өзара қарым-қатынастар, жағымсыз психологиялық ахуал, оқудағы жүйелі сәтсіздіктер, сынып ұжымындағы құрбылармен өзара қарым-қатынастың орнамағандығы, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының дұрыс емес (әділетсіз, дөрекі, қатал) қатынастарынан туындайтын терең психологиялық жайсыздықтар;
психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы жағдайындағы ауытқушылықтар, жас ерекшелік дағдарыстары, мінез акцентуациясы және басқа да физиологиялық, психоневрологиялық ерекшеліктер себептері;
ішкі және сыртқы белсенділігінің саналы көріністеріне, өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасалмағандығынан, іс-әрекеттердің пайдалы түрлерімен айналыспайтынынан, жағымды және маңызды әлеуметтік, сондай-ақ жеке өмірлік мақсаттары мен жоспарларының болмауы;
қараусыз қалумен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық дезадаптациямен, әлеуметтік және жағымсыз жайттар [16].
Балалар мен балаларға қоршаған адамдардың немқұрайдылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын негізінде дамитын әлеуметтік-педагогикалық бақылаусыздық бұл тізбектегі ерекше рөл мен мағынаға ие. Нәтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері, жасөспірімдердің пікірінің, тағдырының қызығуы мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.
Қазіргі кездегі жасөспірімдердің жүрген ортасы қолайлы емес. Өйткені, бала ауытқушылық мінез құлықтың әртүрлі нысандарын мектепке бара жатқанда да, аула мен қоғамдық орындарында да, тіпті үйде де көреді. Дәстүрлі ұлттық құндылықтар нормасының босауы, ата-ананың, әсіресе, отбасындағы әке беделінің төмендігі, мінез-құлықтың тұрақты үлгілері мен моральдық шекаралардың жоқтығы, әлеуметтік бақылаудың босаңсуы жасөспірімдер ортасындағы ауытқушы және өзін-өзі жоюға мінез-құлықтың өсуіне ықпал етеді.
Қорытынды
Жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға бейімдеу бағытындағы іс-әрекеттерімізді саралай келе, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізе аламыз:
Әрбір тұлғаға жан-жақты қолдау болған кезде ғана өз-өзін құрметтей отырып, өз ісіне талдау жасап, өзінің жасаған іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарайтын болады;
Бала өзінің жақсы жақтарын танып, өз бойындағы адами құндылықтарын оң қалыпты дәрежеде қалыптастырады;
Өзін жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол басқаларға сүйіспеншілікпе, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға болып қалыптасады.
Осы аталған себептердің қатарында әсіресе баланың әлеуметтік-психологиялық қараусыздығы, оларға қоршаған ортаның немқұрайды қатынасы басты орын алады, нәтижесінде шет қалу, өзінің қажет еместігі, қорғансыздығы сияқты сезімдер туындайды. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіне әрқашан жауапкершілікпен қарау керек.
Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге қатыстыру, жеке тұлғаның қасиетін дамыту және оны қоғамда толық мәнді өмір сүруге дайындауды тәрбиеге қойылатын талаптардың бірі ретінде қабылдап, қоғам болып бірге қызмет атқарайық.
Пайдаланылған әдебиеттер
М.Ж.Қозыбақов Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері // Арнайы курстың модульдік бағдарламасы. – Шымкент: Жебе, 2007. -27б.
Мудрик А.В. Социализация и воспитание. – М.: Сентябрь, 1997.- 96 б
Ковалева А.И. Социализация личности : норма и откланение. – М.: Голос, 1996. – 222б.
Битянова М.Р. Социальная психология. –М.:ЭКСМО-пресс, 2001.-576 б.
Андреенкова Н.В. Проблемы социализации личности // Социальное исследования. –Вып.3. – М.: МГУ, 1970. – 17-24 б.
Голованова Н.Ф. Социализация и воспитание ребенка. СПБ.: Речь, 2004. -272 б.
Ковалева А.И. Социализация личности : норма и откланение. – М.: Голос, 1996. – 222б
Психология // Е.Ж.Рысбаев – Алматы. 2013ж.
«Өзін-өзі тану» республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары. 2010ж
Леонтьев А.А. Психология общения. – М., 1974 .
Фрейд.З. Введение в психоанализ. Лекции. – М., Наука, 1989. -450б
Никулина О.М., Смортова Л.Н., «Социальная педагогика» курс лекции, -М.: «Высшее образование», 2007ж
Педагогика және психология түсіндірмелі сөздігі, А.: «Мектеп» - 2002ж.
Мухина В.А. «Возрастная психология» учебн.пособие, -М.: «Владос», 2004.
Баймұқанов М.Т. Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс. Астана -2005ж.
Стамкулова Ж.К. Оқушылардың әлеуметтік өзгерістерге бейімделуін қалыптастыру. «Әлеуметтік педагог» журналы, №5, 2009ж.