Д?ниетанудан Елімізді? географиялы? картада?ы орны
Тақырыбы: Еліміздің географиялық картадағы орны
Мақсаты: Географиялық карта туралы, ондағы елімізлің орны жайлы , жер көлемі жайлы түсінік беру.
Картамен жұмыс жасай білу ,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Өз елін, жерін құрметтеуге , қорғауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, географиялық карта, тұсбағар.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
-Бағдарлау тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау.
Дәптерге түсірген белгілерін оқыту,тексеру.
-Магнитті тұсбағарды алғаш қандай ұлт өкілдері пайдаланды?
- Егер сені елсіз жерге апарып тастаса, сен көкжиек тұсын қалай білер едің?
-Темірқазық жұлдызы әр уақытта көкжиектің қай тұсын көрсетеді?
ІІІ. Жаңа сабақ Д.М.1. Тақырыбын, мақсатын хабарлау
Д.М.2. Кіріспе : карта ,географиялық карта, басқа да карта түрлерін таныстыру
Физикалық картада не бейнеленеді? Картадан көкжиек тұстарын көрсете аламыз ба?
Біздің еліміз –Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы деп аталады. Ұлан –байтақ жеріміздің кеңдігі сонша, Батыс Еуропадағы ең ірі деп есептелетін Франциядай- 5 мемлекет немесе Ұлыбританиядай -11 мемлекеттің ,Жапониядай -17 мемлекеттің жерімен пара-пар. Жер көлемі жағынан дүние жүзі елдерінің ішінде 9-орында.Ол 2,7 миллион шаршы километр аумақты алып жатыр.
Сарамандық жұмыс.
Карта бойынша еліміздің батыстан шығысқа және оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатқан даласын көрсету.Шеткі нүктелердің арасын сызғышпен өлшеп, шыққан см санын масштаб өлшеміне көбейт.
Физикалық картадағы түстер нені анықтайтынын түсіндіру. Қара топырақты аймақтарда астық мол өндіріледі, ол еліміздің солтүстік өңірі,
«Пайдалы қазбалар қоймасы» деп те бекер аталмаған. Елімізде жер шарында кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрі кездеседі. Картамыздан олардың шартты белгілерін кездестіреміз. Әрқайсысын атап ,түсінік беру.
Қазақстан мыс қоры жөнінен дүние жүзі бойынша 3-орында.
Темір кені қоры бойынша АҚШ-тан 1,5 есеге артық, яғни бүкіл Батыс Еуропадағы темір кенінің жалпы қорынан асып түседі. Атом қуатын өндіретін уранның дүниежүзілік қорының 25 % барланған.
Пайдалы қазбалардың бірқатар түрлері жер бетіне шығып немесе жақын орналасқан.Сондықтан олар арзанға түседі.
Қазақстан Батыс пен Шығыс елдерінің арасында орналасқан. Оның аумағы арқылы Орта Азия мемлекеттерінен және Қытайдан Ресейге баратын және одан әрі Батыс елдерімен байланыстыратын темір жолдар мен тас жолдары өтеді. Түрлі жолдар торабында жатуы шет елдермен сауда және шаруашылық қарым-қатынасын дамытуға барынша қолайлы жағдай тудырады.
Д.М.3 Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.
Пайдалы қазбаларды (өзі білетін) жазу . Жер көлемін жазып алу.
Д.М.4. Оқулықпен жұмыс. Тізбектей дауыстап оқыту.
ІҮ. Бекіту
Сарамандық жұмыс картамен орындау: Қазақстанның шекарасын ,қандай мемлекеттермен көрші екенімізді айтып,көрсету. -Қазақстанның жер көлемі қанша? -Неге « пайдалы қазбалар қоймасы »деп аталған? - Біздің еліміз қандай мемлекеттерді байланыстырады?
V. Үйге тапсырма беру кезеңі:27,28,29 беттерді оқу, мазмұны.. Картадан қандай елдер бізбен шекаралас екенін тауып, жазып келу. ҮІ. Бағалау.