?зін-?зі тану. Та?ырыбы: Салауаттылы? — ?мір салты 8 сынып
Мектеп: Жамбыл орта мектебі.
Тақырып: Салауаттылық - өмір салты
Құндылық: дұрыс әрекет.
Қасиеттер: парасаттылық, ізгілік
Өзін-өзі тану
Мұғалiм: Айтимбетова Б
Сынып : 8 А, Оқушылар саны:
Мақсаты: Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;
Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу;
Сүйіспеншілікке,парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
Тыныштық сәтi.
«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Жекпе-жек» шығармасы бойынша сұрақ қою
Сұрақтар:
1. Мұратты спортқа жетелеген не?
2. Ол жеңіс биігін қалай бағындырды? Сабақ барысын талқылау:
Әңгімелесу.
Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
Зиянды әрекеттерге адам неліктен үйір болады?
Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
Зиянды әрекеттерге нелер жатады? Дәйексөз
Кімде-кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жалқаулығын, өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді»
Аңыз әңгіме: Керемет жапырақ
Өзгеге зиянды заттарды ұсынатын адамдар үнемі шындықты айта ма? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Темекінің зияны
Ішімдіктің зияны
Есірткінің зияны
Спорттың пайдасы
С.Мырзалы
Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығыңды өз қолыңнан құрту болып есептеледі. Топпен ән айту. 3 мин.Е.Хасанғалиевтың «Бозторғайым» Үй тапсырмасы. «Зиянды заттар» реферат Қорытындылау:
Денсаулық – адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық – денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңге, қабілет-дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады.
Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 3 минуттай отырады.