Салауаттылы?-?мір салты ?зін-?зі тану п?нінен (саба? жоспары) 8сынып
Пәні: «Өзін-өзі тану»
Сыныбы: 8б сыныбы
Тақырыбы: Салауаттылық-өмір салты
Мақсаты: Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;
Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу;
Сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: оқулық ,оқушы дәптері, плакаттар, жүрекше, шарлар.
Сәлемдесу
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне жиналып, «Туған жер» әнін шырқайды.
Ш.Сариев
Дені сау адамдарға өмір-жұмбақ,
Кәусардай мөлдірейді көңіл бұлақ.
Кеуденің сәулесіндей көз жанары,
Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.
Ойланайық, пікірлесейік
Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?
Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?
Зиянды әдеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?
Зиянды әдеттерге нелер жатады?
Жасөспірімдердің көзқарасына, талғамына, құштарлығына олардың айналасындағылар, құрбы-құрдас, серіктестері ықпал етеді.
Ерік-күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез өзінің жағымсыз істеріне сылтау іздеп «тек бір рет» деген ережені басшылыққа алады. Өмірлік ұстанымы мен мақсаттарын аяққа басады, содан кейін бәрі солай кете береді. Осыдан кейін жақсы болар деп үміттенеді. Осылайша бір рет дәрменсіздік көрсету, келесісін туғызады. Осылай ұнамсыз қылықтар қайталана беріп, ол жағымсыз дағдыға айналады.
Оқып үйренейік
Б.Соқпақбаев
Жекпе-жек
Оқушылар мәтінді бөліп оқиды.
Мұратты спортқа жетелеген не нәрсе?
Ол жеңіс биігін қалай бағындырды?
Спорттың қандай түрін және оны не үшін ұнатасың?
( оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтар бойынша жауап береді)
Дәптермен жұмыс
Салауатты өмір салтын ынталандыру-әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған.
Н.Ә. Назарбаев
1. тапсырма
Нақыл сөзді оқыңдар. Салауатты өмір салты мен денсаулықты нығайтуға жәрдемдесетін іс-шаралар ұсыныңдар.
( оқушылар екі топқа бөлініп, іс-шаралар ұсынады)
Ойланып көрейік
Денсаулық-адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық-денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет-дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығыңды өз қолыңнан құрту болып есептеледі.
Жаңа ақпарат
«Біздің өміріміз қаншалықты зиянды әдеттерден тұратынын көпшілігіміз ескере бермейміз.
Егер адам бақытты, жайлы, дені сау, ұстамды, дербес және табысты болса, оған өз әдеттерін өзгертудің қажеті жоқ. Егер әдеттер денсаулыққа зиянды және жеке тұлға үшін қауіпті болса, оның өзгелерге деген қауіпсіз қарым-қатынасы бұзыла қалса, онда тез арада шара қолдану керек.
Көп жасау, дені сау, бақытты болу-адамның өз қолындағы іс».
Дәйексөз
В. Суворов
«Кімде-кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жалқаулығын,
өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді».
2.тапсырма
Өзіңді жақсы көресің бе?
Сұрақтарға мүмкіндігінше тез, көп ойланбастан «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер.
Өзіңді осы қалпыңда жақсы көресің бе?
Сәтсіздік сені қудалай бере ме?
Шешім қабылдамас бұрын айналаңдағылардың пікіріне жүгінесің бе?
Ұйықтар алдында осы күнгі барлық қылықтарың мен сөздеріңді қайта бастан кешіру жиі бола ма?
Басқа біреу егер сенің орныңда болса, өзіе қалай ұстайтынын жиі елестетесің бе?
Өзіңді көзіңше мақтаған кезде ұяласың ба?
Сен ұзақ уақыт жалғыздықта бола аласың ба?
Сенің көңіл-күйің материалдық жағдайыңа байланысты ма?
Бір нәрсенің жамандыққа соқтыратынын алдын ала сезесің бе?
Өз сезіміңді айтып жеткізу-саған проблема ма?
2-тапсырмадағы тестің кілті
0-10ұпай
Сен өзіңді тіптен жақсы көрмейсің. Жамандық күту-сенің қалыпты жайың.Бұл күтулердің жиі болып тұратыны таңқаларлық емес. Өзіңді жек көретін сәттер болады жіне осының нәтижесінде асығыс және қате шешім қабылдайсың. Саған өзіңе көбірек саеу керек!
11-34 ұпай
Саған өзіңді жақсы көру туралы тақырыпта ойлану маңызды емес. Мүмкін сен мұның қаншалықты қажетті екенін білмеген де боларсың. Сен өз қабілеттеріңді толықтай және қажетінше көп пайдаланбайсың, кемшіліктер мен сәтсіздіктерге көңіл бөлесің. Тек өзіңдікіне емес, өзгелердікіне де. Осындай сәттерде өзіңді жақтырмау сезімі сенің басқа адамдарға көңіл бөлу және жақсы көру мүмкіндіктеріңе кедергі келтіреді.
35-50 ұпай
Сен өзіңнен де басқаның абыройын бағалай аласың. Бұл саған қарым-қатынаста көмектеседі және дау-жанжалдан аулақ болуға мүмкіндік береді. Сен өзіңнің барлық кемшіліктеріңді жақсы білесің, бірақ олар үшін бұғып қалмауды үйренгенсің. Олар саған өзіңді жақсы көруге кедергі жасамайды, өйткені сен оған лайықтысың. Ал мұның өзі көбінесе сенің табыстарыңды айқындайды және қуанышты көңіл күй сыйлайды.
Шығармашылық жұмыс
Шығармашылық жұмыс орындау оқушылардың сабақта алған білім-біліктерін, іскерліктерін іс жүзінде дәлелдеуге жағдай туғызады.
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР
ДЕН АУЛАҚ БОЛУ
ТИІМДІ ТАМАҚ
ТАНУ
ДЕНЕНІ ШЫНЫҚ
ТЫРУ
ОҢТАЙЛЫ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС
Салауатты өмір салтының ұстанымдары
ЖЕКЕ ГИГИЕНА
КӨТЕРІҢКІ
КӨНІЛ- КҮЙ
Дәптермен жұмыс
2 тапсырма
Адам ағзасына темекінің тигізетін зиянын сурет арқылы көрсетіңдер (әрбір оқушы жеке дәптеріне темекінің суретін салып, зиянын түсіндіреді).
Жүректен жүрекке
Оқушылар шаттық шеңберіне шығып, зиянды әдеттерден аулақ болатынын керісінше, салауатты өмір салтын қолдайтынын айтады.