?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары Салауаттылы? ?мір негізі (9- сынып)
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Бөкенші орта мектебі Мерзiм 27.09.16ж
Мұғалiм Кумпеисова Г.Б
Сынып 9 Оқушылар саны 11
Тақырып Салауаттылық өмір негізі
Құндылық ішкі тыныштық,
Қасиеттер жағымды ой, сенімділік, құрмет
Сабақ мақсаты:
Ішкі тыныштық арқылы оқушыға салауатты өмір салтының негізін түсіндіру.
Міндеттері:
1. Салауатты өмір салты туралы жағымды ойлар қалыптастыру
2. Өз-өздеріне сенімділікті арттыру арықылы салауатты өмір салтының негізін дамыту
3. Зиянды әдеттерден аулақ болып өзін-өзі және өзгені құрметтеуге тәрбиелеу
Ресурстар: (проектор, видеоролик, маркер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Түсті карточкалар арқылы 2 топқа бөліп алу, 5Т ұстанымын еске түсіру
Тыныштық сәтi.
Су астына саяхат 3 минут
Үй тапсырмасын тексеру
22 бет §3 оқу, мазмұндау
1. Сендер Жангульдің орнында болсаңдар не істер едіңдер?
2. Шылым шегу, ішімдік ішудің адамға, адам өміріне тағы басқа қандай зияндығын білесіңдер?
3. Сыныптан тыс жағдайда өздеріңде осындай жағдай болды ма? 5Т ережесін іліп қою
Музыка
Дәйексөз. (Т.Карлейль, Аль-Фараби авторлары туралы қысқаша мәлімет беру)
Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі
Т.КарлейльЕң қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну. Талдау дәптерге жазып алуОқиғаларды әңгiмелеу"Ойлан балам" видео көрсетілім
1.Дұрыс тамақтанбау қандай ауыруларға шалдықтырады екен?
2. Нашақорлық зардаптары?
3. Ең көп таралған ауыру және оның алдын алу жолдары?
4. Өміріңізде қандай зиянды әрекеттермен кездестіңіздер? мұғалім мазмұндайды.
Оқушылар өз ойларымен бөліседі
Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.
1топ. Салауатты өмір салтын уағыздау газетін шығару
2топ. Әр топ өздерінің күн тәртіптерін жасауы тиіс.
Топтық жұмыс, жұмыстарын қорғау
Топпен ән айту.
«Сыған серенадасы» Тоқтар Серік Балалардың ішкі тыныштық сезімдері оянады.
Үй тапсырмасы.
29 бет "Көңіл көктемі" өлеңін жаттап алу
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
«Нұрға бөлену» 1 минут
Рефлексия"Кіріп-шығу"парағын толтыру Постерді тақтаға ілу