Word. Лимон жемісіні? та??ажайып ?лемі ?ылыми жоба 22 бет


Мазмұны
Кіріспе...................................................................................................................3 бет
1. Теориялық бөлімі......................................................................................5 бет
1.1 Лимонның шығу тегі................................................................................5 бет
1.2 Ботаникалық сипаттамасы.......................................................................6 бет
1.3 Лимонның құрамы....................................................................................7 бет
1.4 Емдік қасиеттері.......................................................................................9 бет
1.5 Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш қасиеттері........................ 16 бет
2. Практикалық бөлімі..............................................................................17 бет
2.1 Әлеуметтік зерттеу жүргізу...................................................................17 бет
2.2 Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру...............................................18 бет
Лимон электр қуатын жақсы өткізетінін анықтау...............................18 бет
2.4 Лимонның шай түсін өзгертетуін дәлелдеу.........................................19 бет
Қорытынды...................................................................................................21 бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................................22 бет


Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
- Күз, қыс және көктем айларында жөтеліп, тұмауратып қалатын кездеріміз болып қалады. Дәрігерлер мұндайда үйреншікті әдіспен - дәрі-дәрмектің, ине салу көмегімен емдесе, кей жандар дәрілік шөптердің көмегіне сүйенгенді жөн санайды. Әсіресе, дәріханалардағы дәрі-дәрмектің бағасы әрдайым қалта көтере бермейтін  шақта емдік қасиеті бар жемістерді тиімді пайдалану туралы кеңірек мағлұмат алып, оларды дұрыс қолдану туралы көбірек білу тиімдірек.
Жеміс (лат. fructus) — жабық тұқымды өсімдіктер өнімі. Жеміс ұрықтанған аналықтан дамиды, бірақ көптеген өсімдіктерде басқа бөліктерінен де (гүл кіндігі, гүл серігі, т. б.) дамиды. Аналықтан дамыған жемісті нағыз жеміс, ал басқа бөліктерінен дамыған жемісті жалған жеміс деп атайды. Жеміс тұқымнан және жемісқаптан тұрады. Жемісқаптың ішінде бір немесе бірнеше тұқым болады, партеногенездік жолмен дамыған жеміс тұқымсыз болады. Өсімдік түріне байланысты жемістің пішіні, көлемі, түсі әр түрлі болады. Жеміс құрғақ жеміс және шырынды жұмсақ жеміс деп бөлінеді. Шырынды жемісті көп тұқымды - алма.
Қазіргі таңда адам денсаулығын сақтауға көп көңіл бөлінеді. «Тазалық – денсаулық негізі, денсаулық – байлық негізі» деп халқымыз бекер айтпаған, себебі адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтауға байланысты деп ойлаймын. Денсаулық пен тазалықты сақтаудың жаңа жолдарын іздестірудеміз. Химиялық тазартқыштар мен жасанды дәрі-дәрмектің орнына экологиялық таза ауыстырылғыш табу керек деп байқадым. Сондықтан жеміс-жидектердің арасынан лимонды таңдап, ол туралы мәлімет тауып, оның қасиеттерін ашып, күнделікті өмірде қолдану тәсілдерімен таныстыруды жөн көрдім.
Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім.Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.
Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.
Зерттеудің мақсаты: Лимон жемісінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Лимоннан дайындалатын сусындар мен ем-домның жасалу жолдарын зерттеп танып-білу.
Міндеттері:
- Лимонның шығу тегін анықтай;
- Лимонның ботаникалық сипаты мен химиялық құрамы зерттеп білу;
- Лимонның емдік қасиеттері айқындау;
- Лимонның иіс кетіргіш және тазартқыш т.б. өзіндік ерекше қасиеттерін анықтау.

І. Теориялық бөлімі

Лимонның шығу тегі
Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр.
Цитрологтардың (цитрус дақылдардың мамандары) арасында лимонның шығу тегі туралы біртұтас пікір жоқ. Оның цитроннан ауып кетіп шыққан мутация деген жорамалдар кездеседі. Қалай болса да, табиғатта лимон жабайы түрде кездеспейді.
Лимон жемісі туралы алғашқы мәлімет Қытайдағы VIII ғасырға жатады. Ал XI ғасырда арабтар оны Испанияға әкелген. Тап сонда осы өсімдік қазіргі түрінде қалыптасқан деп саналады.
Александр Македонскийдің әскерлері Еуропаға Үндістаннан лимон жемістерін алып келді. Оларды үнді алмалары деп атап кеткен. Ал атақты теңіз саяхатшысы Джеймс Кук өз теңізшілерін цинга ауруынан қорғау үшін лимон жегізген, XVII ғасырдың британдық теңізшілерін «лаймиз» (лимондықтар) деп атап кеткен.
Осыдан жүз жылдан аса Нижний Новгородтың маңайындағы Павлово селосындағы орыс шаруалар лимонды өз үйлерінде өсіре бастаған. Осы лимондар павлов бөлме лимондары деп аталды.
Лимон ағашынын мекені – Үндістан, Қытай және Тынық мұхитының тропикалық аралдары. Қазіргі кезде тропикалық аймақтарда ғана емес, сонымен қатар мәдени түрлері субтропикалық Кавказ, Орта Азия, Калифорния, Флорида, Жерорта теңізі аймақтарында да өсіріледі.
2 Ботаникалық сипаттамасы
Лимон – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мәңгіжасыл өсімдік. Лимон ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді, ұшы сүйірленген. Жапырағындағы эфир майы әсерінен өсімдік жағымды иіс бөліп тұрады. Гүлі ақ түсті, хош иісті. Лимон ағашының жемісі жұмыртқа пішінді, кейбір сұрыптарында домалақ түрлері кездеседі. Жемісінің ұзындығы 7-12 см, диаметрі 8-10см, салмағы 120 г. шамасында. Лимон жемісінің қабығының қалыңдығы 2-5 мм, сары түсті. Лимонның шырыны ақшыл-сарғыш түсті, дәмі ащы.
Қазақстанда климаттық жағдайымызға байланысты бақшаға өсіре алмағанымызбен, жылыжайда өсіруге болады.
Елімізде осы уақытта екі жерде ғана лимон өсіріледі. Ол Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен қаласының маңайындағы Украинка деген ауылда Земляные Николай мен Людмиланың отбасы және Оңтүстік Қазақстан облысының Дидар Имашев басқаратын «Нығметолла» деген шаруашылығы. Онда «Бейбітшілік» деген лимон түрін өсіре бастады. Шаруашылықта 5 жылыжай бар, оларда 1500 лимон көшеті салынған. Қазақстанға лимондарды Испания, Аргентина және Турция елдерінен әкеледі.
Дұрыс күтіп баптаса, лимон үй жағдайында да гүлдеп, жеміс береді. Үйде өсірілетін лимонның қабықтары жұқа, дәні майда, хош иісі көбірек болады. Дәнінен өсірген лимон 7-8 жылдан, кейде 15-20 жылдан кейін ғана жеміс береді. Бұл процесті тездету үшін, бір жылдық көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек. Мұндай өсімдік 2-3 жылда гүлдей бастайды. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін сабақ бойында кем дегенде 10-15 жапырақ болуы керек.
Лимон өсімдігін үйде де өсіруге болады, арнайы сұрыптары бар. Бұл ағаштар көктем-жаз кезеңінде 2-3 рет гүлдейді, ал қыста жарық жетіспесе демалып тұрады. Жақсы сұрыптары жылына1-4 рет гүлдеп, жеміс береді. Бөлме лимондарының жемістері жақсы жетіліп, піседі. Олардың дәмдік сапасы сырттан әкелінген лимондарға қарағанда жоғары болады. Бөлмеде өсіп тұрған лимон ағашының жапырақтарынан фитонцид деген зат бөлінеді де, бөлмені ауру таратушы микробтардан тазартып тұрады, ауаны хош иістендіреді. Сол себепті цитрус өсімдіктерін өсірушілер суық тиіп ауруды білмейді. Лимонның иісі шаршағанды басады, көңіл-күйді сергітеді, көздің көруін жақсартады, жұмысқа қабілеттілікті арттырады екен. Компьютермен көп жұмыс істейтін адамдарға пайдасы өте зор, оның иісі жемісінен ғана емес, жапырақтарынан да жақсы иіс шығып тұрады.
Қыста 15—18°С жылыда, ылғалды ауада, жарықта жақсы сақталады. Құрғақ ауаны, қатты ыстықты сүймейді. Терзенің алдына қойғанда желдеткіш жабық болуы керек. Көктемде баққа топыраққа ыдысымен отырғызып, ерте күзде үйге қайта кіргізу қажет. Лимонды күннің қысқа мерзімінде отырғызса тез гүлдеп, өнім береді. Бөлмеде газ, түтін, мұнай өнімдерінің иісі болса өспей қалады.

1.3 Лимонның құрамы
Оның құрамында пектин, эфир майлары, биофлавоноидтарбар. Лимон асқазандағы қорытуға көмектесетін заттардың бөлінуіне әсер етіп, ағзаға темір мен кальцийдің сіңіруін жеңілдететін энзимдарды бөледі. Өзі қышқыл болғанына қарамастан, ол асқазан суларының қышқылдығын төмендетеді. Әрине лимон құрамындағы С дәрумені жайлы айтпай қоймасқа болмайды. Ол жалпы иммунды жүйені жақсартып, түрлі ауруларға тосқауыл болады. Лимон ағзадан қажет емес кір-қоқыстарды шығаруға да көмектеседі. Мысалы ұзақ уақыт дәрі, антибиотик қабылдасаңыз, лимонның көмегімен бауырыңызды улы заттардан тазартсаңыз болады.
Лимонның жеуге жарайтын бөлігінің 100 граммының энергетикалық құндылығы - 27-29 калория. Онда құрғақ зат 9,6-10,2% құрайды, 8,4% - көмірсу, олардан 3,5%-ға дейін - қант, 0,6-1,1% - ақ, 0,3-0,8% май, 0,4-0,9% клетчатка. Лимондар органикалық қышқылдарға (лимонмен және алмамен) - 6-8% бай, сол себептен олар лимон қышқылын жасау үшін пайдаланылады
Жемістің минералдық құрамына кальций (26-27 мг), фосфор (22-26), натрий (1), темір (0,3-0,5), калий (235 мг) кіреді.
Лимон жемісі дәрумендерге өте бай. 100 грамында 40-85мг С дәрумені, 0,4 мг бета-каротин, 0,04мг – В1 дәрумені, 0,2 – В2, 0,2 – В3, 0,1-0,3мг – Р дәрумені бар.
(Лимонның құрамында 5-8% лимон қышқылы, азот пен пектинді заттар, қант, фитонцидтер, калий, мыс, флавоноидтар, А, В1, В2, С, Д, Р дәрумендері мен эфир майы бар).
Лимонның құрамындағы басты бөліктері ол, әрине су мен лимон қышқылы. Бірақ, олардан басқа адам ағзасына қажетті дәрумендер де бар. Ең көп мөлшерін адам ағзасындағы заттардың дұрыс алмасуы мен қоректенуіне қажетті С дәрумені құрайды. Онымен қатар А, В1, В2 мен D дәрумендері және тек цитрус дақылдарына лайық цитрин (Р витамины) бар. Химиялық құрамына қарасақ, бұл, биологиялық белсенділік пен емдік қасиеттері мол, өте күрделі фенолдық құралым. Минералдық тұздар мен лимон қышқылына бай болғандықтан, лимонды жеу адам ағзасына көп пайда келтіреді.
Құрамындағы адам ағзасына пайдалы заттарға бай болғандықтан лимон қажетті азық-түлік, бағалы дәрілік және косметикалық құрал деп саналады.
4 Емдік қасиеттері
Катарактаның қалыптасу қаупін азай-тады, кіші қан тамырлардың қабырғаларын қа-тайтады. Анемияны және ревматизмді емдеуге жәрдемдеседі. Құрамында С дәрумені 100 грамда 48 мг.
Лимон – құрамындағы дәрумендердің мол болуына байланысты оның адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Жалпы, лимон бактерияға қарсы және иммунитетті жақсарту әсері жөнінен бірінші орынды алады. Бәріміз білеміз, лимон С дәруменіне бай, ал ол қыс мезгілінде иммунитетті жоғарлатуда, әртүрлі тыныс жолдарының ауруларында көп септігін тигізеді. Біле білсеңіз, 100 г лимонда 150 г С дәрумені бар. Ал, ересек адамға тәулігіне 60 г С дәрумені қажет.
Лимонның барлық пайдалы қасиеттері оның ішкі жұмсағында , дәл осы жұмсағында дәрумендер көзі жинақталған. Ал, лимон жұмсағы 90% судан, ал қалған бөлігі суда еритін дәрумендер және алма, лимон қышқылынан тұрады. Құрамындағы калийдің маңыздылығы соншалықты, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын реттейді, яғни қан қысымы жоғарылаған науқастарға, жүрек инфарктін, инсульттің алдын алуда пайдасы зор. Кейде тіпті, адамның көңіл-күйі болмаған кезде, тәбеті тартпай тұрса, 1 тілім лимонды шайға салып ішсеңіз болады. Ол әрі тіске пайдалы, әрі қызыл иектің қанауында көмектеседі. Суға лимон шырынын қосып, тісіңізді шайсаңыз да болады.
Жүкті әйелдерге аса қажетті өнім. Себебі оның құрамындағы жоғары мөлшерде С дәрумені бар және бұл әсіресе жүкті әйелдердің токсикоз кезінде пайдалы, сол кезде 1 тілім лимонды күніне 1 рет жесе басылады. Бірақ, ескерте кету керек, лимон цитрустық жеміс болғандықтан, кейбір аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін. Әсіресе, асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар әйелдерге қолданбағаны абзал, себебі оның құрамында қышқыл бар.
Лимонды шаймен бірге ішсеңіз пайдасы көп. Оның қасиеті ағзадағы артық жиналған заттарды, шлактарды шығарады және өзіңізді тыныштындырып, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Таңертең тұрғанда 1 тілімін шайға салып ішсеңіз, сіз өзіңізді күні бойы сергек, әрі жеңіл сезініп жүресіз.
Қандай лимонды таңдау керектігін айта кеткен жөн. Қазіргі кезде лимонның түрі өте көп. Оның түрі көп болғанымен, барлығының тигізер пайдасы бірдей. Лимонның ең бірінші сыртқы түсіне, яғни сыртқы түсі қанық сары түсті, сырты тегіс және піскен екендігіне көз жеткізуіңіз керек, бірақ дақтары болмағаны абзал.
Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасына сәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.
Цитрус өсімдіктерінің шырыны табиғи дәрумендерге өте бай, адамның көңіл-күйді көтеріп, сергітеді. Шырынның адам ағзасына әсері мол. Оны қарапайым адамдардан бастап, даңқты спортшылар да жаттығуларда, сайыстарда пайдаланады. Қазіргі уақытта сапалы шырынды пайдалануға әлемдік деңгейде көңіл бөлініп отыр.
Лимонның көптеген ауруларға қарсы ем ретінде қолданылатын бағалы жеміс екендігі белгілі. Ол дәрумендерге бай өнім. Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз, анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.
Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді. Қант диабетімен ауыратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады.
Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бірқалыпты болады.


Судың адам ағзасына қаншалықты пайдалы екені бұрыннан-ақ белгілі. Диетолог-мамандар су диетасынасәйкес күн сайын аш қарынға 1 стақан таза су ішу керектігін айтады. Сондай-ақ, олар таза суға лимон тілімдерін қосып, ішкен дұрыс екенін дәлелдей білген.
Лимон тілімдері қосылған суды «Денсаулық сусыны» деп атайды. Ол иммунитетті жақсартуға, склероз,анемия сияқты аурулардан арылуға жол береді.
Лимон құрамындағы магний, калий мен С дәрумені ми, жүрек және жүйке жүйесі жұмысын жақсартады, қан қысымын бір қалыпқа келтіреді. Теріге нәр береді, тырнақ, шаш өсіміне оң әсерін тигізеді.
Артық салмақтан арылуды мақсат тұтқан жандарға лимон қосылған су көмегін тигізе алады. Лимон шырынының құрамындағы пектин ас қорыту жүйесін жақсартып, артық салмақтан арылуға жол береді. Ол үшін күнделікті 1 стақан лимон қосылған суды үш мәрте қабылдау керек.

Лимон қосылған қайнатылған жылы су бауыр, өт, бүйрек ауруларының алдын алып, бұл мүшелердің жұмысын жақсартады. Өт жолында тастардың жиналмауына ықпал етеді. Ағзаны зиянды қалдықтардан арылтады. Қан құрамындағы токсиндерден арылтып, терідегі пигментті дақтардың көзін жояды. Безеу, секпіл, әжімнің түсуіне жол бермейді. Теріні тазалап, оны ағартады.
Күнделікті таңертең аш қарынға қабылданған лимон қосылған су жүйке жүйесінің жұмысын бір қалыпқа келтіріп, бойға күш-қуат пен сергектік береді. Стресс, күйзеліс, көңілсіздіктің болмауына ықпал етеді. Жаздың аптап ыстық күндері бұл шырын шөлден құтқарса, қыстың күні жанға жылулық пен күш сыйлайды.

Оқушы ғылыми жобасы туралы
Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.
Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.
Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!

Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!
Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!