?аза?стан аума?ында?ы ?алалар. Сауда. Ж?рме?келер.


Шығыс Қазақстан Облысы,
Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы
Қ.Билялов атындағы гимназия КММТарих және география пәнінің мұғалімі
Мұхтарбеков Нұрлыбек Әділбекұлы
8 сынып Қазақстан аумағындағы қалалар. Сауда. Жәрмеңкелер.
Сабақтың мақсаты:
Білімдідік: Қазақстан қалаларының даму тарихы, олардың қазақ халқының саяси, эконосикалық, сауда-саттық өміріндегі алатын орны, сауда қатынастарының даму ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық:
Практикалық жұмыс машығын, талдау және қорытынды жасай алу біліктілігін жетілдіру, оқушылардың эстетикалық талғамын, сөйлеу мәдениетін дамыту, тарихи карталармен жұмыс істей білуге үйрету;
Оқушыларды танымдық, шығармашылық көзқарастарын дамыту, жауапкершілікке, шешім қабылдауға үйрету;
Тәрбиелік:
Білімді үнемі жетілдіріп отыруға, мақсат қойып, оған жетуге ұмтылуға үйрету, қиыннан жол таба білуге үйрету.
Сабақтың міндеті:
Оқушы нені білу керек.
Қазақстанның солтүстік-батысындағы қалалардың даму ерекшеліктері (Орал, Гурьев).
18 ғасырда негізі қаланған қалалар.
19 ғ. 1-жартысында әскери бекініс ретінде салынған қалалар.
Қазақстанда шаруаларды қоныс аудару кезінде салынған қалалар.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалалары.
19ғ. Сауда сипаиының өзгеруі.
Орта Азияның керуен саудасы.
Алыпсатарлық және жәрмеңке саудасы.
Жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени қызметі. Тұрақты сауда.
Шетелмен сауда.
Қазақстанда көлік қатынасының дамуы.
Пайдаланылған қосымша әдебиеттер:
1. Әдістемелік әдебиеттер.
2. 8 сынып Қазақстан тарихы «Атамұра» 2008ж.
3. Мәдениет тану Алматы 1991ж.
4. Қазақстан тарихы. Ғылыми-әдістемелік журналы. 2009ж.
5. М.Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы» Алматы 2007ж.
Сабақ түрі: Қорытынды бекіту сабағы.
Әдіс-тәсілдер: Мәселелік, репродуктивтік (теориялық) әдіс.
Талдау және жинақтау, қорытынды жасау тәсілі.
Сабақ барысында Модульді интерактивтік ойындар элементтерін пайдалану.
Негізігі түсініктер:
Бекініс, қалалар, сауда капиталы, ішкі нарық, сауда айналымы, айырбас сауда, алым-салық, негізгі сауда орындары, тауар, ақша баламасы, сауданың отаршылдық сипаты, жәрмеңкелердің әлеуметтік-мәдени қызметі.
Үйымдастыру кезеңі
Оқушыларға сабақ мақсатын міндетін түсіндіру.
Үй тапсырмасын сұрау.
Сабақты «Брейн-ринг» (жарыс - ойыны) оқыта үйрету ойыны арқылы жүргізу.
Ойын мақсатын түсіндіру, бұл ойыннан оқушылар нені меңгеру керектігін атап өту.
Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп отырғызу.
Топтағы оқушыларға сандар жазылған жетондар тарату.
Тапсырмаларға арнап алты бөлікке бөлінген жаймаларды әр топ алдына қою.
Үстелдердің сілтемесі.
Ортақ бағалау парағы.
Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар.
Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма
1. 18 ғ. -19 ғ. 1-жартысында салынған қалалардың қысқаша тарихын мына жоспар бойынша жазыңдар:
- Қаланың салыну тарихы;
- Орналасқан жері;
- Қалалрдың кәсібі.
2-тапсырма.
Оқулықтан «19-20ғ. Аралығындағы сауданың дамуы» бөлімдерін пайдаланып кесте толтыру.
Мемлекеттер Сауданың сипаты Сауданың орталықтары Тауар түрлері
Қазақ хандығы Ресей ОртаАзия мемлекеттері Қытай Сабақты бекіту тест алу.
1. Семей бекінісі қай жылы салынды?
А) 1730 В) 1720 С) 1855 Д) 1718 Е) 1740
2. Өскемен бекінісі қай жылы салынды?
А) 1720 В) 1719 С) 1855 Д) 1718 Е) 1740
3. Зайсан қаласының негізі қай жылы қаланды?
А) 1845 В) 1864 С) 1855 Д) 1745 Е) 1740
4. Көпес В.Ботов қай жәрмеңкенін негізін қалаған?
А) Қарқара В) Семей С) Қоянды Д) Ақмола жәрмеңкесі Е) Жаркент
5. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда қай қалалар арқылы жүрді?
А) Қарқара ,Орал В) Семей, Зайсан. С) Қоянды, Атырау Д) Ақмола, Гурьев Е) Жаркент
6. Қазақтар мен орыстар арасындағы айырбас саудада барлық нәрсенің бірдей баламасы не болды?
А) Ақша В) Алтын С) Қой Д) Әшекейлер Е) Айырбас сауда болған жоқ.
Үйге тапсырма.
Жалпы тарих курсы материалдарына сүйене отырып, Еуропа мен Қазақстандағы жәрмеңкелерді салыстырып, диаграмма құраңдар (ұқсастықтары мен айырмашылықтары)
Еуропа мемлекетіндегі жәрмеңкелер Қазақстандағы жәрмеңкелер