?аза? тіліні? ?лы білгірі


Күні: 10.02.17.
Сыныбы: 5 - 6
Тақырыбы: «Қазақ тілінің білгірі» тіл байқауы
Мақсаты: Оқушыларға ана тілін білудің маңызын түсіндіру, тіл жайлы білімдерін айқындау және толықтыру, ойлау, жүйелеу қабілеттерін шыңдау, оқушыларды ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі күні сіздер сыныбымызда өткелі отырған «Қазақ тілінің білгірі» атты тіл байқауына қош келдіңіздер.
Ерлік, тағдыр, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың – деп жырлаған Мағжан Жұмабаев .Тіліміз өз мәртебесін жоғалтпай, күннен – күнге өркендей берсін. Тілді білмей , мәдениетті меңгеру мүмкін емес. Ана тіліміз қадамын нық басып, ғұмыры ұзақ болу үшін атсалысайық.
Ал енді осы сайысымзға әділ баға беретін қазылармен таныс болайық. Тәрбие ісінің меңгерушісі – Уразгалиева Ботакөз Бекежановна, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі – Темирова Майра Калиевна, орыс тілі және орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі – Утарбаева Венера Ерсаиновна.
Олай болса сайыс кезеңдерімен таныс болайық.
І. Таныстыру.
ІІ. «Бәйге» /сұрақ – жауап сайысы/
ІІІ. «Өнер алды – қызыл тіл» /тіл, сөз өнеріне, шешендік өнеріне қатысты мақал – мәтелдер сайысы/
ІV. «Тапқыр болсаң шешіп көр» /сөзжұмбақ, ребус шешу сайысы/
V. «Сөз майталманы» /сөз шеберлігін таныту сайысы/
VІ. «Көп сөз – бір мағына» /тұрақты тіркестердің мағынасын ашу сайысы/
Әр сайыстан кейін топтың берген жауаптарына ұпай беріледі. І кезең бойынша топтар өздерін таныстырып өтеді.
ІІ кезең. «Бәйге» Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан. І топқа сұрақ:
1. Фон деген сөздің мағынасы қандай? /дыбыс/
2. Тарихи және архаизм сөздер деп... /көнерген сөздер/
3. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар /жуан, жіңішке/
4. Дисфемизм сөздер дегеніміз не? /дөрекі айтылатын сөздер/
5. Сингорманизм сөзінің мағынасы /үндестік заңы/
6. Математика терминдерін ата.
7. Кейінді ықпалдың ережесі./соңғы дыбыстың алғашқы дыбысқа әсер етіп өзгертуі/
8. Синоним сөздерге мысал келтір.
9. Әріп дегеніміз не?
10. «Ат ізін салмады» тіркесінің мағынасы? /келмеді/
ІІ топқа сұрақ:
1.Фонетика саласы нені қарастырады?
2.Басқа тілден енген сөздер қалай аталды?
3. Буын неге байланысты болады?
4. Кәсіби сөздердің түрлері?
5. «Ою» деген сөзде неше әріп, неше дыбыс бар?/2 әріп, 3 дыбыс/
6. «Аузына құм құйылу» тұрақты тіркесінің мағынасы?
7. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? /42/
8. Омоним дегенімз не? /жазылуы бір, айтылуы әр түрлі сөздер/
9. Екпіннің неше түрі бар?
10. Табу сөздерге мысал келтір.
2 – кезең: «Өнер алды – қызыл тіл». Бұл сайыста топтар тіл, сөз, шешендік өнер туралы мақал – мәтелдер айтуы тиіс.Жылдам әрі көп айтқан топқа 10 ұпайдан беріледі.
3 – кезең: «Тапқыр болсаң шешіп көр» . Бұл сайыста топтар құрастырып әкелген сөзжұмбақтары мен ребустарын 5 минут ішінде табулары қажет.
4 – кезең: «Сөз майталманы». Бұл сайыста топ басшылары өз сөз өнерлерін ортаға салады. Сөз өнерінің тақырыбы – «Ана тілің – арың бұл!» Осы тақырыпта ойыншылар ой өрбітеді.
5 – кезең: «Көп сөз – бір мағына». Бұл кезеңде топтар берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашуы керек. Топтар берген жауаптарын ортаға салып, тапсырманы орындауға 3 минут.
І топқа: Ит өлген жер /алыс,шалғай/, Арасынан қыл өтпейді /өте тату/, Артынан сөз қалдырды /кейінгіге өнегелі сөз қалдырды/, Ат әзән салмау /хабарласпау,жолықпау/, Бармағын тістеді /өкінді/, Бес саусақтай білу /жетік білу/, Дәм – тұзы жараспады /тату тұра алмады/, Екі көзі төрт болу /қорқу/, Жұлдызы оңынан туу /жолы болу/
ІІ топқа: Жұмған аузын ашпау /сөйлемеу/, Жүзі солу /жүдеу/,Жүрегінің түгі бар /батыр/, Жүрегі алып ұшты /толқыды/, Зығырданы қайнау /ашулану/, Ине шаншар жер жоқ /тығыз, тар/, Ит терісін басына қаптау /ұрсу/, Көзге түртсе көргісіз /қараңғы/, Көздің шырымын алу /аздап ұйықтап алу/.
Олай болса, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз береміз.
Келесі кездескенше, сау болыңыздар!

Талпын ЖОББ мектебі
Тақырыбы:

Тіл байқауы
5 – 6 сыныптар
Өткізген:
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:
Г. Ж. Муханбетова
2016 - 2017 оқу жылы