Ашы? саба? та?ырыбы:Білімділер сайысы


Білімділер сайысы «Ойлан тап!»Мұғалімнің кіріспе сөзі:-Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Ойлан тап» сайысын 2 сынып оқушылары арасында өткіземіз.Сабақтың мақсаты:Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін кеңейту.Дамытушылық: түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру.Тәрбиелік: оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: сайыс сабақ.Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,Құрметтейді кісі екен деп, төрге озар.Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы-Мемлекеттік тілді білген жөн болар.Бүгінгі сайыс сабағымыз мынадай кезеңдерден тұрады:1.Таныстыру.2.Дода3.Сөз мәйегі – мақал.4.Кім жылдам?5.Әріптер сайысы.6.Сен білесің бе?7.Ойлан, тап.8.Кім тапқыр?9.Өнерпаз болсаң...І кезең. «ТАНЫСТЫРУ»І топ: «Қыран» ІІ топ: «Ұлан»Қалықтап көкте жас қыран, Шығарар намыс топты алдан,Халықпыз сөзге тоқтаған. Дуалы ауыз тілге арман.Тілімен топты жаратын Сайысқа келдік біліммен,Тобымыз біздің - «Қыран » Тобымыз біздің – «Ұлан»ІІ кезең. «ДОДА»Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап берулері керек.І топқа:1.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне қанша жыл толды?2.22 – наурыз қандай мейрам?3.7- атаны ата.4.Ең сұлу құс.5.Күздің бірінші айын ата.
6.Жылқы иесі кім?7.Ана - кім?8.Сөз неден құралады?9.Апта күндерін ата.10 Адамда неше мүше бар?ІІ топқа:1.Қазақстанның рәміздерін ата.2.Абай Құнанбаев кім?3.Қыс айларын ата.4.Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды ата.5.Бір жылда неше ай бар?6.Зат есім қандай сұраққа жауап береді?7.Бес арыс деген кімдер?8.Сиыр иесі кім?9.Етістіктің сөйлемдегі орны.10.Су неден пайда болады?ІІІ кезең. «СӨЗ МӘЙЕГІ – МАҚАЛ»Сайыскерлер Отан, өнер – білім, еңбек, жақсылық пен жамандық туралы мақалдардың жалғасын айту.1.Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл ,2. Елінен безген ер оңбас. Көлінен безген қаз оңбас.3.Білім таппай мақтанба Өнер таппай баптанба. ,4. Оқу- білім бұлағы,Білім – өмір шырағы.5.Еңбек етсең ерінбей Тояды қарның тіленбей. ,6. Көз қорқақ,Қол батыр.7.Ашу – дұшпан, Ақыл – дос.8. Әдепті бала – арлы бала,Әдепсіз бала сорлы бала.ІV кезең. «КІМ ЖЫЛДАМ?»Берілген сөздерді орын тәртібі бойынша қойып жазыңдар.V кезең. «ӘРІПТЕР САЙЫСЫ»Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, сол әріптен басталатын сөздер айту.VІ кезең. «СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?»Тақтада берілген тоғыз ұяшықта сұрақтар мен бейне суреттер бар. Берілген тапсырмаларға ойланып, дұрыс жауап берейік.1.Бұл кім? (10 ұпай)2.Әңгімеден үзінді. (15 ұпай)“Әкесі баласына айтты:- Анау тағаны, балам, ала жүр, - деп.”3. Үш биді ата.(10 ұпай)4. Наурыз көжеге қандай тағамдар қосылады? (15ұпай)5. Ұлттық ойын түрлерін ата. (5 ұпай)6. Ертегіден үзінді.
7. Ата Заңға неше жыл?(5 ұпай)8 Олимпиада толағайларын ата?ата (5 ұпай)9. Тіл туралы тақпақтар (10 ұай)VІІ кезең. «ОЙЛАН, ТАП!»«Қарлығаштар» «Қазақстан» сөзінен сөздер құрап жазу.VІІІ кезең. «КІМ ТАПҚЫР?»Сөзжұмбақ шешуІX кезең. «Өнерпаз болсаң ...»Бұл кезеңде екі топ өз өнерлерін көрсетеді Қорытынды Жеңімпаздарды анықтау.