«К??ілді жарыстар» сайысыны? ?дістемелік н?с?ауы.
«Көңілді жарыстар» сайысының әдістемелік нұсқауы.
Мақсаты: оқушылардың жеке басының денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту. Колледж бойынша үздік бөлім командасын айқындау және анықтау. Жасөспірімдер арасында спорттық ойындарды насихаттау.
Өтетін орны: спорт зал
Қажетті құрал жабдықтар: баскетбол доптары, обручтар, ағаш қалашықтары, арқан, бадминтон ракеткалары, теннис ракеткалары, шарлар, теннис шарлары, маркерлер, музыкалық центр.
Сценарий
- Қайырлы күн құрметті ұстаздар, колледж студенттері! Біз сіздерге көптен күткен «Көңілді жарыстар» байқауын тарту екпекпіз.
«Іске сәт» деп ортамызға қатысатын командаларды шақырайық (командалар музыкамен сырттан ішке қарай спорт залға кіріп, сапқа тұрады):
1. бухгалтер бөлімінің командасы __________________
2. қаржы бөлімінің командасы _____________
3.малдәрігіерлік бөлімінің командасы _______________
Ал, халайық бүгінгі байқауымыздың әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1. __________________________________________________________
2.___________________________________________________________
3.___________________________________________________________
4.___________________________________________________________
5.___________________________________________________________
- Байқауымызды бастамас бұрын, оның бағдарламасымен және ережесімен таныстырып өтейін:
1. «Сәлем сөздің анасы» - таныстыру, әр команда өзінің ұранымен, төс белгісімен таныстырады (5 ұпаймен бағаланады)
2. «Спорт денсаулық кепілі» - эстафеталық жарыстар (5 ұпаймен бағаланады)
3. «Команданың өнері» - әр команда өзінің өнерін ортаға салады (5 ұпаймен бағаланады)
4. Команданың салауатты өмір салтын насихаттауға арналған жарнамасы - (5 ұпаймен бағаланады)
Ал, енді командалармен танысайық. Сайысымыздың бірінші бөлімі «Сәлем сөздің анасы» демекші, командалар өздерін таныстырады.
Қайсысы күйші, қайсысы биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зирек, кім жылдам
Таланттарын табайық, - дей келе «Спорт денсаулық кепілі» атты байқауымыздың келесі бөлімін бастайық.
Құрметті көрермендер мен әділқазылар! Халқымызда «Сегіз қырлы, бір сырлы» деген мәтел бар. Енді сайыскерлеріміздің өнерлерін тамашалап, әділ бағасын берейік.
Қазақта «Деннің саулығы – бастың амандығы» - деген ұғым қалыптасқан. Олай болса, салауатты өмір салтын насихаттауға арналған командалардың жарнамасын назарларыңызға ұсынамыз.
Мінеки, көптен күткен «Көңілді жарыстар» сайысымызда өз мәресіне жетті. Қорытынды сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Эстафеталық жарыстар:
«Тасымақ ойыны». Ойыншылар екі-екіден бір-біріне теріс қарап тұрып, қолдарынан ұстап алып, баскетбол добын ортаға ұстап, түсірмей алып жүру керек.
«Тарантул ойыны». «Өрмекші жүрісімен жүріп шығу»
«Фут – баскет ойыны». Ұлдар футбол добын аяқпен кедергілерден теуіп шығу керек, қыздар баскетбол добын кедергілерді айналып жүргізіп шығу керек.
«Уимбол доп». Ұлдар теннис ракеткасымен шаригін алып жүру, қыздар банминтон ракеткасымен шарды алып жүру.
«Пикассо ойыны». Баскетбол добын аяққа қысып алып секіру, плакатка барып басына кардон киіп, сурет салу, қайтарда қайта секіріп келу.
«Кім жылдам сөз құрайды». Әр ойыншыға бір-бір әріптен беріледі, кедергілерден (гимнастикалық орындықүстімен жүру, обручтан өту) өтіп «ДЕНСАУЛЫҚ.» сөзін құрау керек.
«Капитандар сайысы». Әр команданың капитандары ортаға аяқтарына шар байлап шығады, қарсыластың аяғындағы шарын жарып тастау керек.
«Арқан тартыс». Команда болып арқан тартысады.
Пайдаланған әдебиеттер:
С.Тайжанов «Дене мүмкіндіктерін тәрбиелеу» Әдістемелік нұсқау «Мектеп» баспасы 2004 ж.
С.Тайжанов, С.Қасымбекова «Дене тәрбиесі» Әдістемелік нүсқау «Мектеп» баспасы 2004 ж.
С.Д.Жарқынбеков, Қ.А.Ахметов, Б.Б.Жолтаева «Тәрбие жолы сан алуан» Алматы 2003 ж.
С.Қасымбекова, Л. Мырзамед «Сыныптан тыс жұмыстар» Алматы «Атамұра» 2001 ж.
«Мектептегі мерекелер» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал № 6, 2007 ж.