?азіргі заман?ы саба??а ?ойылатын ?дістемелік талаптар
«Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығы»
Өзіндік жұмыс тақырыбы:
Дайындағандар: Ильясова А.Т. Тексерген:Бухарбаев Б.Қ.
Ақтөбе 2015
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар
«Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас»
К.Д.Ушинский
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдығын әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету.
Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық процестің бір тұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты-сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.
Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде – динамикалық құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму теңденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.
Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік - білім беру – тәрбие -даму - қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын әдістемелік талаптар:
1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет.
Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру.
2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек. Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ - ол процестін бір бөлігі, сондықтан да оқып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білу.
3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек. Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану. Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы: ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып келуі мүмкін. Олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің түрлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. 5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы.
Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.
6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады.Бұл жерде ең бастысы-әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.
7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек. Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі өсуін қамтамасыз етуі керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.
8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Қайталау ешқашан да жаттанды қайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.
9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік, техникалық құралдарды орынды пайдалану қажет, бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.
10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі керек.
11.Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс қалмауға тиіс. Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнекі құралдар, аспаптар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтің бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді.
12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау үшін әрбір оқушының жеке басын силай отырып, белгілі бір талап қоя білуі керек. Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбейтіндей болуға қол жеткізуі керек, өйткені сабақтағы тәртіп- олардың ынтасының орнықты болуына негіз салады.
13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.Мысалы, мұғалім сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды, бірақ кейде сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда мұғалім сабақ барысында қажетті түзетулер енгізе, оның құрылымын ауыстыра, қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек. Сабақ - спектакль емес, оған көп дайындалғанмен де, ол ешқашан репетицияланбайды.
14.Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.
15.Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Кейде өте қиын тапсырма ұсынылады, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты қандай, оны орындаудың негізгі ережелерін қайдан оқуға болатынын түсіндіре отырып, түсініктеме беруге міндетті. Оқушылар орындаған кез-келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе оқушылардын өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.
16. Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу. Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы оқушылардың арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріп де ескеру керек.
Жоғарыда сабаққа қойылатын он алты талап қарастырылды, бірақ бұл тізімді (перечень) жалғастыруға болмайды дегенді білдірмейді. Әрине, мұғалімнің әрбір сабақта олардың барлығын орындауын талап етуге болмайды.
Оқытуды технологияландыру 50 – 60 жылдар аралығындағы алдымен американдық, содан соң европалық мектептерді реформалау ісімен байланысты. Оның қалыптасуына программалап оқытудың көп әсері болды. Бұл туралы М. В. Кларин программалап оқытуды педагогикалық технологияның туындысы ретінде қарастырған болатын. Бүгінгі күнгі ғылыми – теориялық әдебиеттерде педагогикалық технологияларға әртүрлі анықтамалар беріледі. Технология – қайсы бір істе, өнерде, шеберлікте қолданылатын тәсілдер жиынтығы.Д. Г. Левитестің пікірінше оқыту технологиясы – орындалуы педагогикалық мақсатқа жетуге кепілдік беретін реттелген қызмет жүйесі.Педагогикалық технология – Б. Т. Лихачев бойынша оқыту мен тәрбиелеу құралдарын, формаларын, әдістерін анықтаудағы психологиялық – педагогикалық талаптар жиынтығы.
Педагогикалық технологиялар туралы сөз еткенде олардың «әдіс» ұғымын қаншалықты байланысы бар, айырмашылығы қаншалықты екендігі жөнінде мәселе туындайды. Осы тұрғыдағы белгілі дидактардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, төмендегідей тұжырым жасалады:• педагогикалық технология - әдістер жүйесінен тұрады;• педагогикалық технологияда танымдық белсенділік білім алушылардың тарапынан болады;• педагогикалық технология – оқытудың барлық деңгейінде, барлық пәндерде қолдануға болатын әмбебаптығымен ерекшеленеді;• пеадгогикалық технологиялар ақырғы нәтижеге жеткізеді..Аралас сабақтың құрылымы:Ұйымдастыру кезеңі;Үй тапсырмасын тексеру, сабақ мақсатын қою;Оқушыларды жаңа ақпаратты қабылдауға дайындау;Жаңа тақырыпты зерттеу және түсіндіру;Осы және өткен сабақта өтілген тақырыпты бекіту;Білім және біліктерін қорыту және жүйелеу, алғашқы алынған және қалыптасқанды жаңамен байланыстыру;Сабақ нәтижесі және қорытынды;Үйге тапсырма;Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынасІс - әрекеттік оқыту тәсіліДаму заңдылықтарын ескеруПедагогикалық ықпалдың, дамудың алдын – алуБаланы іс - әрекет субъектісі етуАқпараттық және жалпы біліммен бірге амалдар мен құндылықтар жиынтығын қалыптастыру;
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар:
Құзырлылығы (компетент).
Іздендіру, зерттеу, білімді өз беттерімен алуды қамтамасыз ету.
Технологияға құрылу.
Өнімсіз деңгей
Білім Түсінік Қолдау
Өнімді деңгей
Анализ Синтез Баға
Оқыту
ДәстүрліТехнологиялық
Мұғалім Оқушы
Оқу құралы Оқу құралы
Оқушы Мұғалім
Үй жұмысы ретінде проблемалық тапсырмалар, жағдаяттардын мысалдар келтіріп беретін пәндерден үлгерімі төмен болса да, кәсіпке бағдарланып, мамандыққа бейімделген кейбір оқушылар арнайы технология сабағынан ерекше ықыласты болып келеді. Ал озық технологияны шебер меңгерген мұғалім, осы үлгерімі төмен оқушылар мұғалімге артылған үлкен, жауапкершілік. Яғни, тәуелсіздік еліміздің жан – жақты азаматтары мен азаматшаларын дайындау сіз бен біз жауаптымыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2012
Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы. А., 2014
Боранбаев Ж., Омарова Л. Қазақ мектептерінде «Кембридж» тәсіліне негізделген жаңаша оқытудың бүгінгі баспалдақтары. – Алматы, «Білім», 2012. – 4б
Монахов В.М., Ярыгина А.Н., и.др. Педагогичекие объекты. Педагогическое проектирование. KNOW HOW технологии. Т., 2004
Қараев Ж.А., Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. – Алматы, 2005. 136с
С.К.Исламғулова. Оқу үрдісін технологияландыруға жаңаша көзқарастар. А, 2010 ж
7. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж. №6.