Саба?ты? та?ырыбы: Атомдар мен молекулалар. Затты? молекулалы? ??рылысы. Молекулаларды? ?оз?алысы. Диффузия. Дене температурасыны? молекулалар жылдамды?ына т?уелділігі.


физика 7-Сынып
Күні__________
Сабақтың тақырыбы: Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық құрылысы. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыға атомдар мен молекулалар заттардың молекулалық құрылысы туралы танымдық белсенділікпен түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.
Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер
Сабақтың барысы:
І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.
ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.
А) Атом және молекула туралы не естідіңдер?
Ә) Өз ойларыңды айтыңдар.
ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ең ұсақ бөлшектер.
Химиялық элемент.
Ең қатты элемент.
Ең жұмсақ элемент
Ең ауыр элемент
Ең жеңіл элемент.
Заттың құрылысы. Физикалық құбылыстармен денелердің қасиеттерін байқап қана қоймай, олардың неге бұлай емес басқаша жүретінін түсіндіруге тырысады. Мысалы, еденге төгілген су неге жайылады, ал ыстық табада ол тамшылар құрайды? Неге газ оңай сығылады, ал қатты дене мен сұйықты сығу қиын. Неге қызған болат кесегін ию, жаншу оңай, ал суық болатты қиын? Осы жєне көптеген басқа сұрақтарға жауап беруге болады, бірақ ол үшін заттың қҒрылысын білу керек. Заттың құрылысын білу көптеген физикалық құбылыстарды түсіндіреді жєне оны болжауға, оны тездету мен баяулату үшін не істеу керектігін, яғни құбылыстарды басқаруға көмектеседі.Денелердің құрылысын зерттеу, олардың қасиеттерін түсіндіруге, керекті қасиеттері бар – қатты жєне берік құйманы, ыстыққа төзімді материалдарды, каучук, капрон, лавсан жєне т.б. жаңа заттарды алуға көмектеседі. Бұл материалдардың барлығы техникада, медицинада, өмірде кең қолданысқа ие. Заттың құрылысын түсінуге кейбір құбылыстар мен тєжірибелер көмектеседі. Егер допты қолмен қысса, ішіндегі ауаның көлемі кішірейеді. Күш салып, резеңкенің, воскінің көлемін кемітуге болады. Бірақ көлем өзгерісі денеге түсетін механикалық єсерден ғана болмайды. Сақинадан еркін өтетін болат шар, қыздырғанда үлғайып сақинада кептеліп қалады (65, б-сурет). Суығанда ол сақинадан қайта еркін өте алады (65, а-сурет). Қыздырғанда қатты денелер ғана емес сүйықтар да үлғаяды. 66-суреттегі тєжірибе, қыздырғанда колбадағы сұйық деңгейі қалай өзгеретінін көрсетеді. Сонымен тєжірибелер дененің көлемінің өзгеретінін: кемитінін немесе өсетінін көрсетеді. Дененнің көлемін өзгерту қабілетін қалай түсіндіруге болады? Бұл заттар жеке бөлшектерден құралып, олардың арасы бос болатынымен түсіндіріледі. Бұл бөлшектер бір-бірінен қашықтаса дене көлемін ұлғайтады. Бөлшектері жақындағанда дененің көлемі кемиді.
Молекулалар мен атомдар. Барлық заттар өте кіші бөлшектерден құралады деген болжам ертеде, 2000 жылдан бұрын пайда болған. Бірақ тек 19—20 ғасырлар шегінде, бҒл қандай бөлшектер жєне олар қандай қасиеттерге ие екендігі тағайындалған. Заттар құралатын бөлшектерді HYPERLINK "file:///C:\\Program%20Files\\Просвещение-Казахстан\\ЭМОП\\HTML\\Courses\\7\\Chapters\\Ph7_026.htm" \l "#" молекулалар деп атайды. Мысалы, ең кіші бөлшегі — судың молекуласы, ал қанттың ең кіші бөлшегі — қанттың молекуласы жєне т.б. Молекулалардың Ұлшемдері қандай?Қант кесегін Ұте майда етіп үгітуге болатыны белгілі, бидай дєнінен диірменмен тартып ұн алады. Май тамшысы су бетінде жайыла отырып, қалыңдығы адам шашының диаметрінен оңдаған мың есе кіші қабыршық түзеді. Бірақ Ғнның түйіршігі мен май қабаты бір немесе көп молекулаға ие. Яғни, бұл заттардың молекулаларының Ұлшемі, ұн түйіршігі мен қабыршақтың қалыңдығынан кіші. Мынадай салыстыруды келтірейік: орташа алма жер шарынан қанша есе кіші болса, молекула алмадан сонша есе кіші. Егер барлық денелердің Ұлшемі миллион есе өссе (бұл кезде адамның саусағының қалыңдығы 10 км тең болар еді), онда молекуланың Ұлшемі осы оқулықтағы нүктенің жартысына теңелер еді.Қарусыз көзбен молекуланы көру мүмкін емес. Молекулалардың кішілігі сонша, олардың 1000 есе үлкейтетін микроскоппен де көруге болмайды.Биологтарға Ұлшемдері 0,001 мм микроорганизмдер (мысалы, бактериалар) белгілі. Молекулалар олардан жүздеген, мыңдаған есе кіші. Молекулалардың Ұлшемдерін анықтау үшін әр түрлі тєжірибелер жасалған. Олардың бірін келтірейік.Таза жуылған үлкен ыдысқа су құйылып, оның үстіне май тамшысы тамызылған. Май су бетіне жайылып қабыршақ түзеді жєне неғҒрлым кҰп жайылған сайын оның қалыңдығы кеми береді. Біршама уақыттан соң майдың жайылуы тоқтаған. Егер, майдың барлық молекулалары су бетінде орналасты деп санасақ (қалыңдығы қабыршақ т‰зсе), онда молекуланың диаметрін табу ‰шін, т‰зілген қабыршақтың қалыңдығын тапса жеткілікті.
Қабыршақтың қалыңдығы h оның кҰлемінің V ауданына S қатынасына тең. h = V/ SҚабыршақтың кҰлемі судың бетіне тамызылған тамшының көлемі. Оны алдын-ала Ұлшейді: ол үшін өлшеуіш цилиндрді — мензурканы падаланады. Пипеткамен бос мензуркаға ондаған тамшы май тамызып, олардың жалпы кҰлемін Ұлшейді. Осы көлемді тамшылар санына бөліп бір тамшының кҰлемін анықтайды.Келтірілген тєжірибеде тамшының кҰлемі V = 0,0009 см3, ал қабыршақтың ауданы S = 5500 см2 болған. Осы мєндерді формулаға (26.1) қойып h = 0,00000016 см екені табылған.БҒл сан, шамамен, май молекуласының Ұлшеміне тең. Молекулалар өте кіші болғандықтан, кез келген дене олардың өте көп мөлшеріне ие. Олардың саны жөнінде түсінік тудыру үшін мысал келтірейік. Егер, сутегімен толтырылған баланың резина добында өте тар тесік жасаса, одан єр секундтта миллион молекула шығатын болса, онда барлық молекула шығып бітуі үшін 30 миллиард жыл керек болар еді. БҒл кездегі шардағы сутегінің массасы бар болғаны 3 г екен. үте кіші екендігіне қарамастан молекулалар да бөлінеді. Олар құралатын бөлшектер HYPERLINK "file:///C:\\Program%20Files\\Просвещение-Казахстан\\ЭМОП\\HTML\\Courses\\7\\Chapters\\Ph7_026.htm" \l "#" атомдар деп аталады. Атомның кез-келген түрін арнайы символдармен белгілейді. Мысалы, оттегі атомы — О, сутек атомы — Н, көміртек атомы — С.
Арнайы символдар (химиялық формулалар) молекулаларды белгілеуге де қолданылады. Мысалы, оттегі молекуласы оның екі бірдей атомынан құралады, сондықтан оны белгілеу ‰шін мынадай химиялық формула қолданылады: О2. Су молекуласы, үш атомнан құралады: бір оттек жєне екі сутек атомдарынан, сондықтан оны Н2О деп белгілейді.
Диффузия Егер бөлмеге қайсыбір иісті зат єкелсе, мысалы эфирді, біраз уақыттан соң оның иісі бүкіл бөлмеге тарайды. Неге? Иістің таралуы молекулалардың қозғалысымен түсіндіріледі. Бұл қозғалыстың үздіксіз жєне бейберекет сипаты бар. Ауаның құрамына кіретін газ молекулаларымен соқтығыса отырып, эфир молекуласы өзінің қозғалыс бағытын көп рет өзгертеді және бейберекет орын ауыстырып, бүкіл бөлмеге тарайды. Барлық денелердің молекулаларының үздіксіз жєне бейберекет қозғалатыны басқада сан алуан тәжірибелермен дєлелденеді. Соның бірін қарастырайық. Шыны ыдысқа мыс купоросының судағы ерітіндісі құйылады. Бұл ерітінді қою көгілдір түске ие. Ерітіндінің үстіне сұйықтар араласпайтындай етіп, аса сақтықпен таза су құяды. Мыс купоросы судан ауыр болғандықтан ыдыстың түбінде қалады. Тәжірибенің басында екі сұйықтың арасындағы шекара анық көрінеді. Бірнеше күннен кейін ыдыстағы сұйықтарды бҰлетін шекараның жайыла бастағаны байқалады. Екі аптадан соң шекара жойылады, ал ыдыста ашық көгілдір түсті біртекті сұйық пайда болады (72-сурет). Бұл сұйықтардың араласқандығын білдіреді. Заттардың Ұздігінен араласуы HYPERLINK "file:///C:\\Program%20Files\\Просвещение-Казахстан\\ЭМОП\\HTML\\Courses\\7\\Chapters\\Ph7_027.htm" \l "#" диффузия деп аталады.Диффузия былай түсіндіріледі (73-сурет). Бастапқыда, су мен мыс купоросының олардың шекарасына жақын орналасқан молекулалары бейберекет қозғала отырып, орын ауыстырады. Мыс купоросының молекуласы төменгі қабатына ал судың молекуласы-ерітіндінің үстіне орналасады. Осыдан шекара жайылады. “Бөтен сұйыққа енген молекулалар оның төменгі қабатындағы молекулалармен орын ауыса бастайды. Суйықтардың шекарасын бөлетін шекара одан єрі жайылады. Бұл процесс, молекулалардың үздіксіз бейберекет қозғалысының арқасында, біршама уақыттан соң ыдыстағы барлық сұйықты біртекті күйге єкеледі.”Сонымен диффузия, зат бҰлшектерінің үздіксіз жєне бейберекет қозғалысының себебінен болады. Диффузияда бір заттың бөлшектері екінші зат бөлшектерінің арасына енеді де олар араласады.Диффузия газдарда да, сұйықтарда да, қатты денелерде де жүреді. Диффузия газдарда тез тарайды (сондықтан, ауада иіс өте тез тарайды). Сұйықтарда, диффузия газдарға қарағанда баяу жүреді, себебі, сҒйық молекулалары жиі орналасқандықтан, олардан “Ұту” айтарлықтай қиындық тудырады.Қатты денелерде диффузия өте баяу жреді. Тєжірибелердің бірінде, өте тегістелген қорғасын жєне алтын қабаттары бірінің үстіне бірі қойылып, сығылған. Бес үжылдан соң ол екеуі бір-біріне 1 мм енген.Температура өскен сайын диффузияның жүру жылдамдығы артады. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің өмірінде жүретін процестерде диффузияның үлкен маңызы бар. Мысалы, дифузияның арқасында оттегі өкпеден адамның қанына, ал қаннан теріге енеді.
ІV. ДК. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру.
1. Ең ұсақ бөлшек деген не?
2. Молекула неден тұрады?
3.Элементтер туралы мәлімет.
V.ДК.Жаңасабақты бекіту
Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты меңгеруін тексеру.
А) атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу реті.
Ә) Электрондық микроскоппен қарап, тамашалау.Баға қою : §8