Ауада?ы су буы.Т?ман ж?не б?лттар



Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Ауадағы су буы.Тұман және бұлттар»

Өткізген: география пәнінің
мұғалімі Султанов Д.А.

2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ауадағы су буы.Тұман және бұлттар.
Мақсаты:
Бұлттардың ерекшеліктерін аңықтай отырып,бір-бірінен ажыратуға үйрену.
Күтілетін нәтиже: Бұлттар түрлерін атайды,ылғалдылық түрлерін анықтайды.
есептеу арқылы ылғалдылық түрін анықтайды.
Оқыту құралдары:оқулық,үлестірме материал, интербелсенді тақта, ноутбук
Сабақ жоспары:
1.Ұыймдастыру.
2.Үй тапсырмасын сұрау
3.Жаңа сабақты түсіндіру
4.Жаңа сабақты бекіту
5.Бағалау
6.Үй тапсырмасы
Сабақ барысы:
1.Ұыймдастыру.Амандасу.Түгелдеу.
Оқушыларды суреттер бойынша 3 топқа бөлу (су буы,тұман,бұлт)
2.Үй тапсырмасын сұрау. «Автор орындығы».Ортаға әр топтан 1 оқушыдан шығады,қалған 2 топ оқушылары 2 сұрақтан қояды.(әр топтан 3 оқушы)
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың тақырыбын ашу үшін ой-қозғау «Салтанат» (оқулықтын 82 б)
Жигсо әдісі бойынша әр топты 1,2,3,4 номерлерге бөліп,1 бір топқа,2 бір топқа т.с.с.
3 топқа бөлек материал беріледі.
1 топқа. Атмосфералық ылғал (10 сынып ж.м.б. оқулықтан)
2 топқа. Ауадағы су буы.
3 топқа. Тұман.Бұлттар түрлері
4 топқа.Интернет желісінен оқулықтан тыс матералды тауып жұмыстану
Материалмен танысу үшін 7-8 минут.Одан кейін топтарды қайта сабақ басындағы топтарға топтастыру.Алған білімдерімен бөлісу.7-8 минут.
1топ материалы. Атмосфера құрамында ылғал.Атмосфера құрамында жалпы көлемі 13 мың км3 болатын су буы бар,оның атмосферадағы үлесі үнемі өзгеріп тұрады.Ауаның ылғал сыймдылығы оның температурасына байланысты болады.Температурасы неғұрлым жоғарлаған сайын ауа өзінің құрамында соғұрлым көп су буын ұстай алады,ал суық ауа ылғалға қанығу шегіне анағұрлым жылдам жетеді.Жылы,ылғалды ауа жоғары көтерілген кезде суынып,конденсацияланады.Яғни ауа құрамындағы су буы бөлініп шығып,тамшы күйіне өтеді.Су тамшылары мен мұз кристалдарының тұтасуынан бұлттар пайда болатынын білесіндер.Су буының конденсациясы жүзеге асатын ауа температурасын шық нүктесі деп атайды.
Су буының атмосферадағы үлесін ауаның ылғалдылығы деп аталады.Түсетін жауын-шашын мөлшері ауаның ылғалдылығына байланысты болады.Ауаның абсолютті ылғалдылығы деп 1м3 ауадағы болатын су буының мөлшерін атайды,оны, әдетте мм(милиметр) немесе мб(милибар) есебімен көрсетеді.Абсолютті ылғалдылықтын белгілі бір температура жағдайында мүмкін болатын максималды ылғалдылыққа қатынасын салыстырмалы ылғалдылық деп атайды.Салыстырмалы ылғалдылықты пайызбен өлшейді.
Ауаның ылғалдылығы экватор маңында ең жоғары көрсеткішке жетеді,мұнда салыстырмалы ылғалдылық жыл бойы 85% шамасында болады.Батыс Еуропа сияқты ұдайы мұхит ықпалына ұшырайтын аймақтарда да ауаның ылғалдылығы жыл бойы жоғары.Ауаның ылғалдылығы Сахара, Арабия және Мексикадағы шөлдерде,Оңтүстік Америка мен Аустралия, Оңтүстік Африкадағы шөлді аудандарда, Монголияда өте төмен (50 % кем).
2-топ материалы.
Ауадағы су буы
Ауаның құрамында су буы болады.Табиғатта су сұыйық,қатты және газ күйінде болатыны белгілі.
Атмосфера құрамындағы су буы жер бетіндегі буланудан пайда болады.
Мұхиттар мен теңіздер,өзендер мен көлдерден,батпақтардан, ылғалды топырақтардан да буланып,атмосферадағы су буына айналады.
Ауадағы су буы мұхит үстінде көп,құрлықтарда аз болады.Ауа белгілі бір температурада белгілі мөлшерде су буын ұстап тұрады.Оны су буы мен қаныққан ауа деп атайды.Егер ауа құрамына белгілі температурада ұстап тұра алатын су буынан аз мөлшерде су буы жинақталса онда су буына қанықпаған ауа деп аталады.
Ауадағы су буының мөлшерін граммен және пайызбен есептейді.
1 м3 ауадағы су буының граммен алынған мөлшері абсолютті ылғалдылық деп атайды.
Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз-1м3 аудағы су буының пайызбен алынған мөлшері.
Мысалы: -20 0 с температурада 1 м3 ауа 1 г су буын ұстап тұра алады. Ауадағы бар ылғал 0,5 г болса,салыстырмалы ылғалдылық 50% деген сөз. Ауа сумен қаныққанда салыстырмалы ылғалдылық мөлшері 100% жетеді.
Салыстырмалы ылғалдылық шаш гигрометрі деп аталатын құрал көмегімен өлшейді.Шаш гигрометрі атына сәйкес адам шашының ылғал жағдайда ұзаруына негізделіп жасалған.Гигрометр құралы жабық саңылаулармен бар қорап ішіне қойылады.
Салыстырмалы ылғалдылық 100% -ға жетіп,ауа су буына қаныққаннан кейін артық бу су тамшыларына айналады.Соны су буларының белгілі жағдайларда сұйық күйге айналуын конденсация деп атайды.Температура 00 с-тан төмендесе су булары мұз түйірлеріне айналады.
3-топ материалы. Тұман және бұлттар
Жер бетінен көтерілген су буы жер бетіне жақын төмендегі бөлігінде су тамшыларына айналып,одан тұман пайда болады. Жаз бен күздегі ашық күндері ауаның төменгі қабаты жылу шашудан салқындайды,сол кезде су булары майда тамшыларға айналып,тұман түзіледі.
Көктем мен күзде оңтүстіктен келген жылы ауаның қар мен салқын топырақ бетіне жанасуынан салқындап, конденсациялануынан тұман пайда болады. Мұндай тұмандар қалың болып,кең аумақты қамтиды және ұзақ тұрады.
Ауа жоғары көтеріліп салқындайды және оның құрамындағы су булары тамшылары мен мұз түйіршіктеріне бірігіп,шоғырланып,бұлт пайда болады. Бұлттар пайда болуына,биіктігіне,желге байланысты әртүрлі пішінде болады.Бұлттарды пішініне қарай 3 ке бөлінетінің есімізге түсірейік.Олар будақ бұлттар, қабат бұлттар және шарбы бұлттар.
Будақ бұлттардың пішіні өте әдемі болады,көзге әр түрлі бейнелерді елестетеді.Будақ бұлттар тез тұтасып,жазда жаңбыр,қыста қар алып келеді.
Будақ бұлт 800-1000 м биіктікте түзіліп,жоғарылап 2000 м-ге дейін таралады.
Қатпарлы немесе қабат бұлт-сұрғылт түсті бұлт,қабат бұлт аспанды торлағанда бұлыңғыр ауа райы қалыптасады,ұзақ ақ жауын жауады.
Шарбы бұлт 6 км-ден аса биіктікте пайда болып,мұз түйіршіктерінен тұрады. Кескіні жиі өзгеріп отырады.
Бұлттардың аспандағы торлауын бұлттылық деп атайды.Бұлттылық мөлшері 0-ден 10 балға дейін белгіленеді.Ашық аспан 0 балл,аспаның жартысын бұлт басса-5 балл,аспанды түгел бұлт жауып тұрса-10 балл деп есептеледі.
Ауа райын зерттеу орталықтарында бұлттардың түрі,биіктігі,бұлттылық бақыланады.
4 топ материалы. Htpp/Wikipedia.org сайтынан
4.Бекіту. Географиялық диктант.
1. 23,5 0 с.е пен 23,5 о.е параллельдері........... деп аталады.
2. Бұлттардың аспанды торлауы ....... деп аталады.
3.Атмосфералық жауын-шашын ....... түрде кездеседі.
4.Бұлттылық мөлшері ...... белгіленеді.
5.Жер шары ...... жылу белдеулеріне бөлінеді.
6.Жер бетіне жақын төменгі бөлігіндегі су булары су тамшыларына айналуынан ..... пайда болады.
7.Бұлттар пішініне қарай ..... деп бөлінеді.
8.Атмосфералық жауын-шашын мөлшерін ..... өлшейді.
9.Поляр шеңберлерінен полюстерге дейін...... орналасқан.
10.66,5 0с.е. пен 66,50 о.е. параллельдерінде жылына бір рет........ мен........ болады.
5.Үй тапсырмасы: 22.Ауадағы су буы.Тұман және бұлттар. Кесте толтыру (82 бет)
Аңқаты жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Ауадағы су буы.Тұман және бұлттар»
Өткізген: география пәнінің мұғалімі Султанов Д.А.
2013-2014 оқу жылы